«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 243
3. Мысал келтір.
Бірінші кезен «қызығушылықты ояту».
Кезеңнің мақсаттары:
-
оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
-
оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
-
оқушының белсенділігін ояту;
Жеке тұлғаның іс - әрекеті қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер оқылатын
мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті
сұрақтар қояды. Өзге мақсатын тұжырымдайды. Бірінші кезеңде алынған ақпараттар
тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі.
Оқушыларды деңгейлері бойынша 3 топқа бөлемін. 1-топ «Білгірлер», 2- топ «Алғырлар»,
3-топ «Тапқырлар». Бұл кезең бойынша оқушылармен кері байланыс жасаймын. 1-топ
«есімдік және оның түрлері», 2-топ «өздік етіс және оның жұрнақтары», 3-топ «өздік
етіске 5 мысал». Осы сұрақтарға әр топ «әлемді шарлау» әдісі бойынша жауап береді.
Оқушыларды әлемді шарлау әдісімен таныстырамын. «Әлемді шарлау» әдісі- берілген
тақырып бойынша дайындалады. Әр топ мүшесі шығып тақырыптарын қорғайды.
Осылайша оқушылармен кері байланыс жасау арқылы пікірін тындаймын.
Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
- жаңа ақпаратпен танысу;
- жаңа ақпараттармен өз білімімен ара - қатынас белгілеу.
Жеке тұлғаның іс - әрекеті қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер.
- мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып
материалдарын тыңдайды, оқиды;
- жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе
жазып алады;
- қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін
қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.
Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа
байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе - эксперимент жасау,
мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде
жүргізіледі. Бұл кезең бойынша оқушылармен өздік етіске байланысты мысалдар
көрсетемін. Интерактивтік тақтада өздік етіске байланысты түрлі мысалдар болады. Өздік
етіске мысалдар:
1.Үй жұмысын бітіргеннен кейін, көшеге шығып ойнадым.
2. Көптеген адамдар жақсы өмір жайлы армандайды, алайда оған қол жеткенін
аңғармай қалады.
3. Таң ата салысымен тез ояндым.
4. Бассейнге түспес бұрын, жуынып алдық.
5. Таң атқанша тарандық (Махамбет). Бұл мысалдарда іс әрекетті орындаушының
өзі істегені көрініп тұр. Оқушыларға осындай ақпаратпен бөлісемін. Осы тұрғыда
оқушылармен кері байланыс жасаймын.
Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден өздік етіс жасаңдар.
Ора - н - ды, көр - ін - ді, сез - ін - ді, жасыр - ын - ды, қара - н - ды, сыла - н - ды,
тазала - н - ды, сүрт - ін - ді, ки - ін - ді, сал - ын - ды...
Осы жаттығу жұмысын орындау арқылы оқушылардың сабақты қалай түсінгенін
байқаймын. Кері байланыс жасаймын.
Үшінші «ой толғаныс» кезеңі.
Кезеңнің мақсаты:
- қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
- оқылған материалды талдау және қорытындылау.