Филологические науки



Pdf көрінісі
бет14/160
Дата25.11.2023
өлшемі1,6 Mb.
#126523
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   160
Мылтықшы
– дәуіт жәндігінің халықтық атауы. Дәуіт айбат 
шеккенде артқы ұзын екі аяғын жоғары көтеріп, алдыңғы аяқтарына 
тіреп, ұзақ уақыт бойы діттеген дүниесін көздеп тұрған, қолына мылтық 
алған мергендей қозғалмастан тапшылмай тұрып қалады. Осы сыртқы 
бітім­болмысын мылтықшыға ұқсату негізінде дәуіт халық арасында 
“мылтықшы” атаған

Мәселен ауызекі сөйленісте

мылтықшы 
жыланның көзін ойып ала береді” деп қолданады [17, 514 б.].
Дәуіт 
– сөзінің өзі “тәу ет”, “тәубә ету”, сыйыну сияқты жалбары­
ну мағынасынан туындаған көрінеді. Аталмыш жыртқыш жәндіктің 
айбат шегу түрі халыққа едәуір қорқыныш үрей тудырып, өткен­кеткен 
кемшіліктерін, күнәларын есіне алдырып, тәубесіне келтірген сияқты. 
Осыдан барып, “тәубе ету” тіркесінің фонетикалық өзгерістерге 
ұшырап біріккен формасында “дәуіт” халықтық атауы қалыптасқан 
деген пікір бар [18, 73 б.].
Биесау
– дәуіттің халықтық атауы. Дәуіт жемтік іздеген сәтінде 
айналасына барлау жасап, бір аяғын тізерлеп, екінші аяғын бүкпей тік 
ұстап, алдыңғы екі қолын алма­кезек сілкіп тұрады. Дәуіттің осындай 
сыртқы қимыл­қозғалысын бие сауып отырған сауыншыға теңестіру, 
ұқсату негізінде “биесау” атауы тағылған. 
Хан қызы
– буын аяқты жәндік; қоңыздың бір түрі. Табиғаттың 
керемет құдіретті күші жаратқан әдемі қоңыздың қызыл қанатындағы 
симметриялы қара дақтарымен адамды сүйсіндіретін ерекшелігіне 
орай “ханның қызындай сұлу” деген мағынада халық оған “хан қызы”
деген атау берген. 
Кебек
– қандаланың халықтық атауы. Қандала жалпы малға да, 
адамға да аса қауіпті жәндік болғандықтан, адам баласы одан алдын ала 
сақтанатын, қорғанатын болған. Осы жәндіктің атын тура атаса көбейіп 
кетеді деген ұғым­түсінікпен оны “кебек” деп атаған. Қандаланың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет