Іс өндірісімен тоқтатылды



Дата01.12.2022
өлшемі13,67 Kb.
#54237
Байланысты:
медиация қоғам


Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Дәуіт» АҚ-ның жауапкер «Руслан» ШҚ-нан кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу және негізгі қарыз сомасы 9 537 060 теңге, сыйақы 1 464 132 теңге, 215 918 теңге көлемінде мемлекеттік баж шығындарын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Акционерлік қоғам өзінің талап арызында жауапкермен өзара жасасқан шарт бойынша жауапкер өзінің міндеттемелерін толық орындамай, яғни кредиттік шарт бойынша тиісті төлемді толыққанды жүргізбегенін көрсетті.
Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне судья жәрдемдесуімен қол жеткізді.
Нәтижесінде сот тараптар арасындағы медиативтік келісімді бекітті. Оған сәйкес, талап қоюшы қарыз сомасын көбейтіп, кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу талабынан бас тартты, ал жауапкер, өз кезегінде талап арызды мойындап, 13 947 520, 19 (он үш миллион тоғыз жүз қырық жеті мың бес жүз жиырма) теңге 19 тиынды тараптармен өзара келісілген төлем жасау кестесі бойынша 2023 жылдың 20 желтоқсанына дейін төлеуге міндеттенеді.
Шаруа қожалығы медиативтік келісімнің шарттарын бұзған жағдайда акционерлік қоғам 13 947 520, 19 теңге сомасындағы берешекті сот тәртібімен өндіріп алуға және қосымша құрылыс салынған тұрғын үй түріндегі жеке меншік құқығындағы алаңы 0, 0565 га жер учаскесі бар кепілге салынған мүліктен өндіріп алу туралы атқару парағын алу құқығын сақтайды.
Бұдан басқа, шаруа қожалығының жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салу түрінде сот ұйғарымымен қабылданған талап қоюды қамтамасыз ету шараларының күші жойылды.
Іс өндірісімен тоқтатылды
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет