Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті



бет14/36
Дата05.05.2023
өлшемі222,71 Kb.
#90619
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
Амирова кәсіби 2012

АБАЙ ЖӘНЕ ФАРАБИ (жалғасы)
1. Мәтінді оқып, жоғарыдағы белгілер бойынша жұмыс істеңіз.
Әл-Фарабидің «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» жөніндегі осы философиялық тұжырымы Абайдың «Он жетінші сөзінде» өзінің логикалық жалғасын тапқан сияқты. Абайдың осы сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда «ғылым» бұл үшеуіңнің де айтқандарың рас, үшеуің де қажетсің: «Ей, Қайрат, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаталдығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман», - депті. Бұдан кейін «ғылым» өз шешімін «Ақылға» айтыпты: «Жаратқан тәңіріні де сен танытасың. Жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады.
Жақсының, жаманның – екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің де дегенін тауып беріп жүресің, соның жаман», - депті. Бұдан кейін Абай осы үш категория жайында түйін жасап, Әл-Фарабидің жоғарыда айтылған пікірін өз оқырманының ұғымына лайықтап жеткізеді.
Абай «Осы үшеуің басынды қос, бәрін де «Жүрекке» билет, - деп ұқтырып айтушының аты «ғылым» екен. - Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табыссаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен «Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы», - депті деген қорытындыға келеді.
Әл-Фарабидің «қайрат», «ақыл» және «жүрек» жайындағы философиялық ой-пікірлерін Абай өзінің «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңінде де әрі ойшыл-кемеңгер, әрі аса дарынды сөз зергері ретінде оқырманға зор шеберлікпен жеткізген.
Абай ақыл мен қайраттың иесі болған адамды «жарты адам» дейді. Өйткені ондай адам тек «суық ақыл» мен «жүгенсіз қайраттың» ғана өкілі болып табылады. Ал бойына осы екі қасиетпен қоса-қабат әділет-шапқат (жүрек) біткен адам ғана «толық адам», яғни ол енді «нұрлы ақылдың» өкілі деп танылады. Сөйтіп, Абайдың «нұрлы ақыл» жайындағы тұжырымының қайнар-бастаулары Әл-Фарабидің интеллект туралы ілімінде жатқанын аңғару қиын емес.
2. Мәтін мазмұны бойынша оңай және қиын сұрақтар кестесін құрастырыңыз.

Оңай сұрақтар

Қиын сұрақтар



Абай қайрат туралы не дейді?


Өзің қайрат туралы не айтар едің?








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет