Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті


Педагогика тақырыбына байланысты жаңа бестармақ (синквейн) құрастырыңыз. (Ж.Аймауытов ойлары негізінде)



бет22/36
Дата05.05.2023
өлшемі222,71 Kb.
#90619
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Байланысты:
Амирова кәсіби 2012

3. Педагогика тақырыбына байланысты жаңа бестармақ (синквейн) құрастырыңыз. (Ж.Аймауытов ойлары негізінде).

Есте сақтаңыз!

Нашар жаннан осал мінездер туады.


Ж. Аймауытов

Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге.


Ж. Аймауытов

4. Ж.Аймауытов сөздері негізінде эссе жазыңыз.


ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ – ПЕДАГОГ
2. Мәтінді оқыңыз.
Ж. Аймауытов 1889 жылы Семей облысының Қызылтау ауданында дүниеге келген. Ол Керекудегі мектеп-интернатта, Семейдегі мұғалімдер семинариясында білім алған.
Жүсіпбек Аймауытов - жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп, баланың жан дүниесіне үңілу, оның дұрыс өсіп, дұрыс жолды таңдай білулеріне көмек көрсету мәселелеріне терең тоқталған ғалым. Ол жас өркенді оқытып-тәрбиелеуде, оның жеке тұлғасын, өзіндік «мәнін» қалыптастыруда мұғалімнің ролі айрықша екендігіне көп көңіл бөлген.
«Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» еңбегі мектепке және оқытуға байланысты қазақ тілінде жазылған алғашқы құралдардың бірі болды. «Жан жүйесі және өнер таңдау», «Тәрбиеге жетекші», «Психология» деп аталатын еңбектері қазақ мектептері тарихындағы психология мәселесіне арналған тұңғыш зерттеулер болып табылады. Автор: «Психология» кітабының алғы сөзінде: «Өзге білімдер затшылдыққа табан тіресе, аяғын нық басқан жоқ.... Қарапайым адамға жұмбақ сықылды көрінетін талай нәрселер психологияда қаралады...»-, дейді. Ж.Аймауытов «Тәрбие мен амал» атты тарауында: «Өмірге пайдасыз білімнің білім сәндігі жоқ. Олай болса психология білімі де тәрбиеге пайда келтіретін болуы керек. Тәрбиенің түпкі мақсұты: адам маңайындағы табиғат төңірегіне, әлеумет төңірегіне ыңғайласуға ықпал беретін құрал-күш жасап беру. «Тәрбиесіз» адам өмірде әрбір жаңа күйге ұшыраса берекесі кетіп, рәсуа болады. Ал , «Тәрбиелі кісі» жадына сіңірген өнегелер, дерексіз ұғымдар арқасында бұрын ұшырамаған халге түссе де, шаруа табуға оңтайлы келеді. Бір сөзбен тәрбиені былай тағайындауға болады: қылық пен икемдік жүзінде бойына сіңірген әдетті іс істеуге жанастырып, ұйымдастыру»,-деп, тәрбиенің психологиямен байланысты болып келуіне назар аудартады. Бұл ғылыми зерттеулер өз уақытында жоғары бағаланған және еңбектің құндылығы бүгінгі тәрбие мәселесіне де қажет екендігі даусыз.
Ж.Аймауытов білім беруде оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға оқу үрдісінде балаларға түсінікті ұғымдарды үйретуден бастауды олардың жеке қабілет-дарыны мен ерекшеліктерін ескеруге баса назар аударады. Жазушының бұл принциптері қазіргі кезде әдістеме саласында қолданып жүрген жеңілден күрделіге қарай оқыту және олардың жас ерекшелігін ескеру қағидаларымен сай келеді.
Ж. Аймауытов мамандық таңдауда адам өзінің жеке қасиеттері мен кейбір тумысынан берілетін ерекшеліктерін (темперамент, нышан т.б.) ескерту қажеттілігін, бұл жерде кісі өзін-өзі басқарып, жеке басын жетілдіру керектігін айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет