Ғылыми кеңесінде бекітілді
№____хаттама « ____»____2015 ж.
Факультет деканы Г.Қ. Қазыбек
|
Негізгі элективті модуль 2. 2 кредит.
СИЛЛАБУС
Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас
2 курс, о/б, күзгі семестр
Пәнді жүргізетін оқытушы туралы мәлімет:
«Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас» пәні бойынша
Аширова Анар Тишибаевна, ф.ғ.к., доцент м.а.
Телефондары (жұмыс, ұялы байланыс): 377-33-35 (1325). 87013143501
Кафедра 326
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Пәннің кіріспе бөлімінде студент тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметі, тіл мен лебіздің айырмашылығы, сөз мәдениетінің тіл білімінің бір саласы екендігі, сөз мәдениетінің нормалары, коммуникативтік этикеттері жөнінде білімін қалыптастырады. Сөз мәдениеті – сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру. Сөз мәдениеті – ұлттық сананы дамытуға қызмет ететін пән. Ұлттық сана – рухани мәдениет ғылым мен білім, материалдық мәдениет. Ұлтты, отанды, тілді мақтаныш тұтатын сезім де ұлттық сананың құрылымына кіреді.
Пәннің негізгі бөлімінде сөз сөйлеу ерекшеліктері, лебіздің түрлері: ауызша және жазбаша, монолог және диалог, функционалды-семантикалық түрлері, лебіздің құрылымы, сөйлеу актілері және оның кезеңдері жайлы білімдерін кеңейтіп, өмірде қолдана білуге үйренеді. Сөйлеу шеберлігінің деңгейлерін меңгереді. Лебізді дұрыс қабылдай білу студенттерге ауызша айтылған ғылыми лебізді терең түсініп, көтерілген мәселені бағамдай білуге, өз ойын сауатты түрде жүйелеп, байыпты, орынды диалог құра білуге, көпшілік алдында айтылған сөзді конспект жасауға дағдыландыырады. Бұл білім мен дағдының барлығы маманның кәсіби салада қызмет етуі үшін маңызды құралы болып табылады. Пәнді оқып үйрену барысында студент ең алдымен қазақ тілінің дыбыс жүйесін, оның ырғақ, әуездерін, сөзді оның мағыналық қырларын, сөздің тұлғалық құрылымдарын, оның жұрнақ, жалғауларын, сөз тіркесі мен сөйлем жүйелерін, тілдің стильдік құралдарын т.б. әдеби тілдің нормасына сай қолдана білу, дұрыс әрі бедерлі жұмсай білуге үйренеді.
Мақсаты: Студенттің қазақ тілінде ойын қисынды құрастырып, айқын жеткізе білу қабілетін арттыру. Адам мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас заңдылықтарын білуге үйрету. Ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасаудың түрлі формаларын кәсіби деңгейде қолдана білуге дағдыландыру. Көпшілік алдында сөз сөйлеу, қоғамдық-кәсіби дискуссияларға қатыса білу дағдыларын қалыптастыру. Бұл бағдарламада қазақ тілін толық меңгеріп, жазу, оқу, өз ойын, пікірін білікті, шешен деңгейде жеткізуге, мәнерлеп сөйлеуге, болашақ заңгерлердің сөйлеу этикасын қалыптастыру көзделеді.
Міндеті: Сөздің мазмұндылығы, дәлдігі, ойды айқындылығы, тіл тазалығы, мәнерлігі, логикалылығы, қисындылығы туралы ғылыми түсінік беру. Сөйлеу жағдаяттарына бейімделе білуге, сөздің қарым-қатынастық сапасын арттыра білуге үйрету. Қазақ тіл мәдениетінің негіздері көркем шығармалар тілінің стилі мен ерекшеліктері, қазақ тілі орфографиясы және орфоэпиясының өзіндік ерекшеліктері, қазақ жазба тілінің мәдениеті және қазақ ауызша сөйлеу тілінің мәдениетінің өзіне тән белгілері жайлы, бұқаралық ақпарат құралдарының тілі мен стилі, оның ішінде, қазақ тілінің лексика-фразеологиялық жүйесіндегі жаңа қолданыстар, көркем, ғылыми, сөйлеу тілі дискурстары, сөздің функционалдық типтері, стильдік тармақтар мен жанрлары, комммуникативтік нормалар жайлы жан-жақты түсінік беру пәннің басты міндеті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |