Филология, Әдебиеттану және әлем тілдері факультеті



бет3/6
Дата04.11.2022
өлшемі34,06 Kb.
#47546
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сөз мәдениеті УМКД 2014

Құзырет:
құралдық
- пәнді өту барысында студент тіл және сөйлеу, сөз мәдениеті, тілдік қарым-қатынас ұғымы; жалпы халықтық тіл формалары мен әдеби тіл ерекшеліктерін; сөйлеудің коммуникативтік сапасы мен әдеби тіл нормаларын; әдеби тіл стильдерінің ерекшеліктерін; қазақ тілі тілдік этикеттерінің нормаларын; шешендік сөздердің негізгі ұғымдарын білуі тиіс;
- әртүрлі тілдік қарым-қатынас жағдаяттарына бейімделе білу, өзінің сөзін орынды айта білуі, ауызша немесе жазбаша тіл нормаларын сақтай білуге дағдылануы тиіс;
- кәсіби қызметте тілдік қарым-қатынас жасаудың формаларын ажырата білуі, әңгімені жүргізе білу, ақпарат алмасу, баға бере білу, дискуссия жүргізу және оған белсене араласа білу, көпшілік алдында баяндама жасай алу, іскерлік мазмұндағы хат-хабарларды дайындау, алмаса білу, мамандығына қатысты әдебиеттерден рефераттар дайындап, оларға пікір жаза білуі тиіс;


тұлғааралық:
- өз лебізінің дұрыстығына, қисындылығына, айқындылығына, дәлдігіне, тазалығына, орынды жұмсалуына, ойын нақты, дәл жеткізе білуге, тілдік бірліктерді қолдана білуге үйретеді;
- әріптесімен тиімді әңгіме жүргізуге дайындығын қалыптастырады;
-өзін-өзі жан-жақты жетілдіру барысында өзінің сөйлеу, өзін-өзі ұстау мәнерін қалыптастырады, өз саласына қатысты сөйлеу мәдениетін жетілдіруге мүмкіндік тудырады.


жүйелік:
- ойлау мәдениетін жүйелей, жинақтай білуге, ақпаратты қабылдап, талдай білуге үйренеді;
- ауызша және жазбаша лебізді логикалық жағынан дұрыс, айқын құруға үйрену, іскери қарым-қатынас жағдайында сөз мәдениетінің нормаларын сақтауға дағдыланады.


Пәндік құзірет:
- студентке тілдік білімін кеңейтуге, тереңдетуге мүмкіндік береді;
-көркемдеп сөйлеу, нақты, сауатты жазу әдістерін грамматикалық тұрғыдан қолдану дағдысын жетілдіреді;
-сөйлеу мәдениетін қалыптастырады және дамытады;
- айту, тыңдау, жазу, оқу мәдениетін қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет