Филология факультеті Қазақ филологиясы кафедрасы



жүктеу 435.66 Kb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата24.03.2017
өлшемі435.66 Kb.
1   2   3   4   5   6

 

 

3. ПƏН  БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ  ОРЫНДАУ ЖƏНЕ 

ТАПСЫРУ 

                                                  КЕСТЕСІ 

 

№ 

Жұмыс 

түрі 

Тапсырманың  

мақсаты мен  

мазмұны 

Ұсыныла-

тын  

əдебиеттер 

Орында

у  

мерзімі 

жəне  

тапсыру  

уақыты 

Балл 

Бақылау 

түрі 

ОЖСӨЖ 



тапсырмал

ар-ын 


орындау 

Теориялық 

білімнің 

меңгерілуін 

бақылау,  берілген 

тапсырмалардың 

орындалуын 

тексеру 


 ОЖСӨЖ 

тақырыбына 

байланысты 

1- 


15 

апта 


1% 

 Ауызша 


тапсырма. 

зерттеулер  

қорытындыл

ары, 


Жаттығулар, 

баяндама 



 

21



СӨЖ 

тапсыр- 


малары 

Студенттің өз  

бетімен жасаған 

жұмыстарын 

тексеру.  

Жан-жақты 

ізденуге,білімін 

дамытуға 

үйрету 

СӨЖ 


жоспар- 

лары 


бойынша 

Сабақ 


кестесі 

бойынша 


  

1 % 


Тапсырма 

орындалуын, 

ауызша, 

жазбаша 


жəне 

орындау  

қабілетін, 

білімділігін 

тексеру 

Жеке 



тапсырма 

(реферат, 

баяндама) 

 

Талдау 



жəне 

танымдық  

қабілеттерін  

арттыру 


  

 

4,7,11,17 



апта   

      2%  Тапсырмалар

дың 

орындалуын, 



сұрақтарға  

жауап беру 

қабілетін  

тексеру 


Жазба 


жұмыс 

түрінде 


аралық  

бақылау 


Ойлау 

қабілетін  

тексеру 

Бірінші 


жұмыс  1-15  

тақырыптарғ

а 

байланысты. 



Екінші  

жұмыс  15-30 

тақырыптарғ

а 

байланысты. 



№7 

семинар 


№15 

семинар 


Тапсы

рмалар 


саны 

бойын


ша 

əрбір   


жұмыс 

8% 


баға- 

ланад


ы 

Жазба 


жұмысын 

  тексеру. 

Емтихан 


Білімді 

кешенді 


тексеру 

Пəн  


бойынша 

Жазғы  


сессия 

Тест 


Студенттің 

білімін   

бағалау. 

 

 

 

4. 

Пəннің əдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы 

 

 

Əдебиет атауы 



№ 

Барлығы 


Ескерту 

Кітап-


ханада 

Каф


е-

дра


да 

Студентт


ердің  

қамтылу 


пайызы 

(%)  


Элект

ронды  


түрі 

Балақаев  М.,  ЖанпейісовЕ., 



Томанов  М.,  Манасбаев  Б. 

Қазақ тілінің стилистикасы.  

А., 2005. 

 

20 



100% 


Негізгі 


оқулық 

 

22



 Кожина 

М.Н. 


Стилистика 

русского языка. М., 1993. 

 

10 


91% 


Негізі 


оқулық 

 Одинцов  В.В.  Стилистика 



текста. М., 2006. 

 



27% 



Шалабай  Б.  Көркем  əдебиет 

стилистикасы. А., 2000. 

 

50 


100% 




Серғалиев М. Синтаксис жəне 

стилистика. А., 1997. 

 





18% 



Жұбанов  Е.  Қазақтың  ауызекі 

көркем тілі. А., 1996. 

 



45% 




Əміров  Р.  Ауызекі  сөйлеу 

стилінің 

синтаксистік 

ерекшеліктері. А., 1977. 

 





27% 



Стилистика  русского  языка. 

Учебное 

пособие 


для 

студентов 

пединститутов. 

(В.Д.  Бондалетов  и  др.)  Л., 

1989. 

 



55% 




Балақаев  М.  Қазақ  əдеби  тілі 

жəне  оның  нормалары.  А., 

1984. 

 



27% 


10   Сыздық  Р.  Сөз  құдіреті.  А., 



1997. 

 



73% 


11  Хасанова  С.,  Жексембаева  Ғ. 



Қазақ  тілінің  стилистикасы 

(жаттығулар 

жинағы) 

А., 


1999. 

 



45% 


 

 

12   Мұсабекова 



Ф. 

Қазақ 


тіліндегі 

зат 


есім 

стилистикасы. А., 1976. 

 





45% 

 

 



13  Оралбай  Н.  Қазіргі  қазақ 

тілінің  морфологиясы.  -  А., 

2007. 





45% 

 

 



 

5. Пəн бойынша дəрістердің конспектісі 

 

23

 



1-дəріс.Тақырыбы: Стилистика курсы туралы жалпы ғылыми түсінік. 

     Стилистика  –  тіл  білімінің  бір  саласы.  Оның  тарихы  əріден  басталғанмен 

қазақ  тіл  білімінде  стилистика  мəселесін    зерттеуге  жаңа  көңіл  бөле  бастады. 

Стилистикадағы  негізгі  ұғымдардың  бірі  –  стиль.  Стиль  терминінің  мазмұны 

кең, қолданысы өміршең. Стиль – латын  тілінен енген (қазақша – жазу құралы) 

дəлірек айтсақ, балауызбен сырланған тақтаға сөз жазу үшін жұмсалынған ағаш 

қалақша.  Латын  тілінде  кейіннен  стиль  сөзі  «жазу  құралы»  деген  мағынада 

қолданылған.  

     Стилистика – ең алдымен, стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі 

лексикалық,  грамматикалық  жəне  фонетикалық  тəсілдердің  қолданылу 

принцептерін  айтамыз.  Бір  ұғымды  айтып,  не  жазып  жеткізу  үшін  қажетті 

тілдік  тəсілдерді  сұрыптап  қолдануға  болады.  Бұл  ретте  əсіресе,  тіліміздегі 

синонимдер мен оның варианттары көбірек пайдаланылады.  

 

  2-дəріс.Тақырыбы: Стилистиканың басты бағыттары мен аспектілері. 

     Қоғам  мүшелерінің  бір-бірімен  қатынасы  олардың  бəріне  бірдей  түсінікті 

ортақ  тіл  арқылы  жасалады.  Ол  жалпы  халықтық  тіл  деп  аталады.  Қолдану 

ерекшелігіне  қарай  жалпы  халықтық  тілдің  ауызша  жəне  жазбаша  түрлері 

болады.  Тілдің  ауызша  жəне  жазбаша  формалары  əдеби  тіл  мен  стильдерінің 

қалыптасуына  негіз  болады.  Əдеби  тіл  -  жалпыхалықтық  тілдің  сұрыпталған, 

сымбатталған, 

нормаланған, 

жүйеленген, 

жалпыға 

түсінікті, 

стильдік 

тармақтары  белгіленіп,  қоғамдық  қызметі  тұрақталған,  жетілген,  ең  жоғарғы 

сапалы түрі болып табылады. Стилистиканың міндетін жалпыхалықтық тіл мен 

əдеби  тілден бөліп қарауға  болмайды.  Əдеби  тілдің  қоғамдық  қызметінің  жан-

жақты 

кеңеюімен 



байланысты 

оның 


жанрлық-стильдік 

тармақтары 

қалыптасады,  дамиды.  Стиль  ұғымы  сөйлеудің  ауызша  жəнс  жазбаша 

формаларымен байланысты қаралады. 

  

3-дəріс.Тақырыбы: Тілдік құралдардың стилистикалық бояуы 

    Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық жəне фонетикалық 

тəсілдердің  қолданылу  принциптерін  айтамыз.  Мəселен,  сөздер  белгілі  бір 

затты 

атап,  денотат 



мағынасымен 

қатар, 


эмоциялық, 

экспрессивтік, 

бағалауыштық,  функционалдық-стилистикалық  компонеттерден  құралатын 

коннотативтік  мағынаны  да  білдіреді.  Тіліміздегі  сөздердің  лексикалық  жəне 

грамматикалық  мағыналарынан  басқа  осындай  қосымша  реңін  эмоциональды-

экспрессивті  бояу  немесе  тілдің  стильдік  сапасы  немесе  мəнерлі  тəсілдері  деп 

те  атайды.  Коннотация (лат.  connoto  - қосымша  мағынасы  бар)  –  тіл  бірлігінің 

эмоциялық, бағамды, стилистикалық рең білдіруі.  

      Тіл қатынас құралы емес, ол э с т е т и к а л ы қ та құрал. Демек, тіл арқылы 

бір-бірімізгс жақсы əсер етуді көздеп, тілдік көріктеу құралдарын танып дұрыс 

жұмсауға  тырысамыз.  Ол  да  тіл  мəдениетінің  бір  мəселесі.  Ал  бұлар  тілдің 

лексикология,  грамматика,  фонетика,  фонология  салаларымен  астарласып 

жатады, жазу таңбалары -графикаға, жазу тəртіптеріне (о р ф о г р а ф и я ғ а) 

назар аудартады. 

 


 

24

4-дəріс.Тақырыбы: Стилистикалық мағына 

     Сөздің  стилистикалық  қызметіне  қатысты  мағыналық  реңктері  болады. 

Стилистикалық  мағына  мен  стилистикалық  бояу  ұғымдары  бір-біріне  жақын. 

Стилистикалық мағына тілдік тұлға-бірліктердің мағыналық қққұрылымындағы 

оның  лексикалық,  заттық,  грамматикалық  мағыналарынан  тысқары  қосымша 

белгісі.  Бұл  мағына  тілідк  қолданымның  белгілі  жағдайларында  туындап 

отырады.  Стилистикалық  мағына  экспрессивті  бояуға  ие  құралдарда  айқын 

байқалса, кейбіреулерінде контекстік жағдайда ғана айқын көрінеді.  

    Тіл  мəдениетінің  өзегі  -  н  о  р  м  а  туралы  ұғым.  Норма  тілдің  жүйесі  мен 

құрылымына  иек  артады.  Т  і  л  д  і  к  ж  ү  й  е  дегеніміз  тілде  бар  үлгілердің, 

қолданыс типтерінің (түрлерінің) белгілі бір тəртіппен келуі, ал тілдік құрылым 

дегеніміз осы жүйенің іске асқан (көрінген) материалдық мүмкіндіктері. Тілдік 

нормалардың  "табан  тірер"  жері  тілдік  құрылым,  тілдік  құрылымның  "арқа 

сүйері" тілдік жүйе. 

 

         5-дəріс  .Тақырыбы:  Стилистикалық  норма  жəне  стилистикалық 



синонимдер. 

     М.Балақаев сөйлеу стилі жəне кітаби-жазба стильдер деп бөледі. Соңғысына 

іс-қағаздары мен ресми с-ді,  ғыл.с.,  публицист.с., көркем əдебиет с жатқызады. 

    Стильдің 

ерекшеліктеріне 

мыналар 


жатады 

(А.Ефимов): 

1. 

тілдік 


құралдардың  қолданылу  нормасына  сай  таңдап  құралуы;  2.шектелген  жəне 

арнаулы  лексикалық  құрам;  3.  өзіне  тəн  сөздердің  мағыналық  реңктері  мен 

сөзжасам  элементтері.  4.  өзіне  тəн  фразеология.  5.  өзіне  тəн  синтаксистік 

конструкциялар.  6.  əр  стильге  лайық  мəнерлегіш  құралдардың  құрамы  мен 

қызметі болады.  

      Қазақ  əдеби  тілінде  5  функционалдық  стиль  бар.  1.  ауызекі  сөйлеу  с;  2. 

ресми  с;  3.  ғыл.с.  4.  көсемсөз  с.  5.  көркем  əдебиет  с.  Бұлайша  топтастыру 

В.виноградов  атап  көрсеткен  тілдің    қоғамдық-əлеуметтік  қызметімен  тығыз 

байланысты.  

 

6-дəріс.Тақырыбы: Стилистикалық қате туралы ұғым. 

      Кітаби-жазба  стильдер  өмірдің  түрлі  салаларында  пайдаланылады.  Əр 

саладағы  атқаратын  қызметіне  (функциясына)  қарай  олар  ресми  іс  қағаздар 

стилі,  публицистикалық  стиль,  ғылыми  стиль  жəне  көркем  сөз  стилі  болып 

бөлінеді.  Кітаби-жазба  стильдердің  былайша  бір-бірінен  бөлінуі  қоғамдық  ой 

сананың  жоғарылығымен  байланысты.  Қоғамдық  ой  жоғары  болса,  ұлт  тілінің 

маңызы  да  артады.  Сөйлеу  стилі  мен  кітаби-жазба  стильдің  ерекшеліктері 

айқындалады.  Əде-би  тілде  сөйлеу,  жазу  талабы  артады.  "Тек  сөйлеу  тілінің 

үлгісімен  жазу  -  ол  тілді  білмегендік  болып  саналады".  Кітаби-жазба 

стильдерде,  əсіресе  көркем  шығарма  мен  публицистикада  сөйлеу  тілінің 

элементтері тек стильдік мақсатта жұмсалады. 

 

7-дəріс.Тақырыбы: Қазақ тілінің стилистикалық құралдары. 

    Ғылыми  стильдің  қолданылу  өрісі  өте  ауқымды.  Қоғамда  күн  санап  өсіп 

жатқан  ғылыми-техникалық  прогресс  тілдің  сөздік  құрамына  жаңа  сөздер  мен 

жаңа  тіркестерді  енгізеді.  Ипотека,  толеранттылық,  этнолингвистика, 



 

25

паралингвистика,  психолингвистика,  социолингвистика,  гендерлік  саясат, 



тренинг, инвестор, куммулятивті қызмет т.б. 

     Ғылыми  стильдің  түрлі  салада  жəне  оның  жылдам  дамуы  осы  стильдің 

өзінде  көптеген  жанр  түрін  əкелді.  Мысады,  монография,  оқулық,  оқу  құралы, 

мақала, реферат, каталог, диссертация, анықтамалық, құжат т.б. 

      Ғылым  тілінің  қалыптасуына  ой  қорытындысы,  дəлдік  пен  қисындылық, 

жəне  ақиқаттық  себепші  болады.  Ғылым  ұғымдар  туралы  түсінік  береді, 

абстрактылы  ойларды  көрсетеді,  сондықтан  да  ғылым  тілі  кейбір  қарапайым 

дəлдіктерден  алыс  жатады.  Ғылыми    стиль  басқа  да    кітаби  стильдер  сияқты 

сөйлеу стиліне мүлде қарама-қарсы. Ғылыми зерттеулердің басты қасиеті оның 

ұжымдық сипатында.  

 

      8-дəріс.Тақырыбы: Лексика-фразеологиялық стилистика. 

    Көркем    əдебиет    тілі    —      өдеби    тілдің    негізгі    көрсеткіші.  Ұлттық  өнер 

дамыған  əдебиет  -  əдеби  тіл  байлығы.  Қай  кезде  болмасын  ұлт  əдебиетінің  ірі 

өкілдері сол ұлттың əдеби тілін дамытуға үлес қосады. 

    Сөйлеу  тілі  коммуникативтік  қызметтін,  ғылыми  жəне  ресми  тіл  -  баяндау, 

барлауды  жүзеге  асырса,  көркем  тіл  стилі  эмоционалды,  бейнелі,  яғни 

эстетикалық əсер ету функциясын атқарады. 

     Көркем  бейнелі  тіл  айналадағы  əдемілікті,  қайталанбас  құбылыстарды 

суреттеу  арқылы  сезімге  əсер  етеді.  Ғалымдар  ұғыммен  ойланады,  оны 

сараптайды,  суреткер  (жазушы,  ақын)  образдармен  қиялданады.  Біріншісі  — 

ақылға салып талдайды, дəлелдейді, ғылыми нəтижесін ұсынады, ал екіншісі — 

бейнелейді,  сөзбсн  сурет  салады.  Демек,  көркем  тілдің  басты  мақсаты  оның 

көркемдік қызмет атқаруында.  

 

          9-дəріс.Тақырыбы: Синоним, омоним, антоним, паронимдер. 



     Лексика,  лексикология  жəне  стилистика  -  бір-бірімен  тығыз  қарым-

қатынаста.  

     Қазақ  тілінің  сөз  қоры  лексикология  тұрғысынан  мынадай  бірнеше  негізгі 

салаға  бөлінеді:  байырғы  сөздер  (бұл  əдеби  тіліміздегі  ең  үлкен,  басты  арна), 

араб,  парсы,  монғол,  туыстас  түркі,  орыс  жəне  сол  арқылы  шет  елдер  тілінен 

енген терминдер мен түрлі жаңа сөздер. Осы тіл қабаттарының қай-қайсысы да 

стилистикамен тығыз байланысты. Бұлардың əдеби тіл, сөйлеу, көркем əдебиет 

стильдеріндегі  қолданылу  дəрежесі  əр  түрлі.  Қай  тілде  де  қандай  бір  сөз 

болмасын,  ол  өзінің  табиғаты,  жалпы  қолданылу  ерекшелігі  жөнінен  көбінесе 

белгілі,  бір  ғана  стильге  бейімірек  тұрады.  Сондықтан  лексиканың  стильдік 

сипаты  əдетте  тіліміздегі  əр  сала  сөздердің  белгілі  бір  стиль  түріне 

бейімділігіне не онда қолданылатындығына қарай анықталады.  

     Жеке  сөздерден  байқалатын  ерекшелікке  байланысты,  олардың  əр  түрлі 

стильдік  бояуына,  қызметіне  қарай,  оларды  төмендегіше  топтастыруға  болады 

(схема).  Сөздер  үш  салаға  бөлінеді:  сөйлеу  тілі,  бейтарап  жəне  жазба  тіл 

лексикасы не  кітаби лексика. 

 

       10-дəріс.Тақырыбы: Сөзжасам жəне сөз таптары стилистикасы 


 

26

     Мысалы,  парсының  -и  жүрнағы  арқыды  сын  есім  жасау  нормасы  тілімізде 



XX ғасыр-дың 50-60-жылдарынан бастап жанданды деуге болады. Əу-елде бүл 

араб,  парсы  тІлдерінен  енген  сөздерге  жалғанса  (та-рихи,  саяси,  адами, 



дүнияуи,  мэдени),  кейІн  келе  сыни,  қоғами  дегендей  қазақы  сездерге  де 

жалғана^бастады.  Мүхтар  Əуе-зов,  Ғабит  Мүсірепов  сияқты  ірі  жазушылар 

кепке  дейін  бұл  норманы  қабылдамай  етті.  Публицистикалык  стильде 

қолданылуға бейім бұл тəсіл-норманы екі жазушынын екеуі де өздерінің очерк, 

макалаларында  макұл  кермей,  тарихтық,  саясаттық,  адамгершілік,  адамдык 

деген  варианттарын  қол-данды.  50-60-жылдарда окырман,  көрермен  сөзде-ріне 

де біраз қаламгерлер көпке дейін тосырқай карады Көпшіліктің жиі қолданысы 

арқылы  (демек,  қабылдау-ымен)  кейбір  бейнорма  қүбылыстардың  дағдыға 

айналып  кететін  фактілері  бар.  Мысалы,  сөздер  аралығында,  көбінесе  тіпті 

біріктіріліп  жазылған  сөздердеқ,  к  дыбыстарының  үяң-дайтын  түстарын 

ескермей,  қатаң  түрде  айту  дағдыға  айна-лып  барады:  шегара,  көгөнүс, 

қыргүйөк,  қолғойұлды,  күнүгеше,  балагезде  деп  айтылуға  тиіс  сөздерді 

жазылуынша 



шекара, 

көкөніс, 

кыркүйек, 

күнікеше, 

балакезде 

цеп 

дыбыстағандарды жиі естиміз. 

 

       11-дəріс.Тақырыбы: Жай сөйлем синтаксисінің стилистикасы 

    Шешен  сөзі  қазақ  тілінде  өте  ертеден  қолданылып  келеді.  Бұл  сөздің 

мағынасы  көпшілік  алдында  шешіліп  сөйлейтін,  түйінді  мəселелерді  шешіл 

сөйлейтін  данышпан,  ақылгөй,  дана  деген  ұғымдармен  өзектес.  Шешен  сөзі 

казақ  тілінде  сөзшең,  айтқыш,  тапқыр,  суырып  салма,  ділмар,  қызыл  тілге 

жүйрік  дейтін  сөздермен  қатар  қолданыла  береді.  Шешен  сөзін  халыкаралық 

терминмен  атасақ,  "оратор"  деген  сөз.  "Оратор"  латынның  "очаче"  -  "айту", 

"сөйлеу"  деген  сөзінен  шыкдан.  Дальдің  түсіндірмелі  сөздігінде  "оратор"  — 

вития  (ділмар),  краснослов  (қызыл  сөз),  речистый  человек  (сөзшең  адам), 

мастер говорить (сөйлеудің шебері). Осының бəрінде де шешен (оратор) əсерлі, 

əдемі, бейнелі, көркем, ойлы сөйлей алатын адам деген мағынаны біддіреді. 

 

12-дəріс.Тақырыбы: Құрмалас сөйлемдердің стилистикасы. 

     Бүгінгі  таңда  қазақ  тілін  зерттеушілердің  де,  ана  тілінің  дұрыс  дамуына 

мүдделі қалың жұртшылықтың да тілге, тіл мəдениетіне, нормаларына қатысты 

назарын аударып отырған мəселелер мынадай: 

   1)  Тілдің  графикалық  құралы,  яғни  ең  қолайлы,  қазақ  тілінің  дыбыстық 

жүйесіне  сай  келетін  əліпби  (алфавит)  таңдау,  бұл  проблема  қазақ 

жұртшылығының жазу таңбасын өзгертіп, кириллицадан латынға көшу саясаты 

көтерілген кезеңде туып отыр; 

    2)Емле  мəселелері,  қазіргі  қолданып  отырған  жазуымыз  бойынша  түзілген 

емлеміздің  қырнайтын,  толықтыратын,  ықшамдайтын  тұстары  барына  назар 

аудару  жəне  қазіргі  емле  кағидаларының  негізінде  латын  жазуына 

сəйкестендіріп жасалатын емле ережелерін дұрыс түзу; 

     3)Жазудың  тілдік  нормаларды  қолдануға  жəне  оларды  қалыптастыруға 

қатысты  оң  жəне  қолайсыз  сəттері,  яғни  орфографиялық  нормалар  мен 

орфоэпиялық  заңдылықтардың  бір-біріне  қайшы  тұстары,  оларды  реттеу 

жолдары; 


 

27

    4)Ғылыми  жəне  басқа  да  терминология  жайы;  төл  тілдік  жəне  кірме 



терминдердің  арасалмағы;  термин  жасау  принциптерін  тұрақтандыру;  кірме 

терминдердің тұлғалануы (жазылуы мен айтылуы); 

    5)Лексикалық қазынаны байыта түсу мақсатын жалау етіп, қазіргі қазақ тілін 

əдеби нормадан тысқары тұратын элементтерді, оның ішінде əсіресе жергілікті 

сөздерді  ешбір  уəжсіз  қолданудан  сақтандыру,  көне,  сирек  сөздердің  де 

қолданысына қатаң қарау, олардың мағынасын дəл біліп, ор-нымен жұмсауды, 

көпшілікке түсініктілігін талап ету; 

     6)Тіл мəдениетін, тілдік нормаларды насихаттайтын, түсіндіретін, үйрететін 

ғылыми-практикалық,  анықтамалық  құралдардың  өте  аздығы,  барларының 

араларына 5-10 жыл салып келесі басылымдары əрең жарық көретіндігі; 

     7)  Мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу кестесінде тіл мəдениетіне 

арналған сағаттардың не жоқтығы, не жеткіліксіздігі. 

 

13-дəріс.Тақырыбы:  Төл  сөз,  төлеу  сөз,  ортақ  төл  сөздердің  стилистикалық 

қызметі. 

    Форма  —  ол  тіл  құралдарының  көмегімен  болатын  сөйлеудің  сыртқы 

көрінісі; 

     Стиль  —  қолданылуда  өзіндік  ерекшеліктері,  айырым  белгілері  бар  тілдік 

элементтер  жүйесі  немесе  əдеби  тілдің  өзіндік  сөздік  құрамы,  грамматикалық 

тұлғалары  бар  сараланған  бөлігі.  Форма  —  тұрақты.  Мəселен,  тілдің  ауызша 

түрі адам қай кезден бастап сөйлесе, содан бері бірге жасап келеді. Стиль — ол 

тарихи  категория.  Сондықтан  тарихи  бір  кезеңде  кейбір  стильдердің  болмауы 

заңды  құбылыс  деп  саналады.  Стильдер  жасалатын  қатынастың  ерекшелігіне 

қарай  тілдік  единицалардың  сұрыпталып  қолданылу  нəтижесінде  дамып 

жетіледі. 

     Тіл  қолданысындағы  қателерді  көрсету  үшін  олардың  дұрыс  болуға  тиіс 

базасын тану қажет, демек, т і л д і к  ж ү й е н і, ол жүйеге сай қалыптасқан н о 



р м а л а р д ы айқындап алуы шарт. Сондай-ақ тіл тіршілігінде тек сөздер ғана 

емес,  дыбыстар,  ол  дыбыстардың  айтылу  сазы  дегендердің  мəні  зор,  бүгінгі 

тілдердің  кызметі  жазумен  қоян-қолтық  астарласып  жатыр,  бұл  күнде  тіл 

жазусыз қызмет ете алмайды, сондықтан емле мəселесі де "тіл мəдениетін" яғни 

жазуда да дұрыстықты, жүйелілікті, қолайлылықты талап етуі заңды. 

 

14-дəріс.Тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилі. 

     Ұлттық  жазба  əдеби  тіл  ретінде  бірсыпыра  дамыған,  функционалдық 

стильдерге  тарамдалған,  əр  алуан  нормалары  тұрақтала  түскен,  əлеуметтік 

қызмет  өрісі  кеңейген,  мемлекеттік  тіл  статусына  ие  болған  бүгінгі  казақ 

тілінде  "тіл  мəдениеті"  деген  ғылым-таным  саласы  дүниеге  келді.  Қазіргі 

кездегі  тілдің  əлеуметтік  базасының  өзгеруі  жəне  соған  орай  тілге  қатысты 

белгілі бір мақсат-мүдделі саясаттың жандануы да тілдің барлық қырына, оның 

ішінде дұрыс қолданылуына жұртшылық назарын арттырып отыр. 

 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет