Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет111/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   159
Есімше  оралым  –  күрделенген  сөйлемнің  тәуелді  бөлшегі.  Сөйлемдегі  негізгі  ой  бір  бас  мүшенің  (бастауыштың) 

төңірегіне  жинақталса,  есімше  сөздері  оралымды  құрылымдарды  ұйымдастыруда  орталық  байланыстырушы  дәнекер 

болады.  Есімше  оралым  негізгі  сөйлеммен  байланысу  тәсіліне  қарай,  негізінен  алғанда,  екі  түрлі  амалмен  жасалады: 

септік жалғаулары және көмекші (шылау) сөздерімен тіркесе жұмсалуы арқылы. 1. Септік жалғаулы есімше оралымдар: 



Жиылысты басқарушыларға үлестіргенде, біреуін Раушанға да берді  (Майлин). Соғыс майданында кездескенде, одан 

қатаң адамды көрмейсің (Сонда). 2. Көмекші сөзді есімше оралымдар –ған соң, -ғаннан кейін, -ғаннан бері тұлғасында 

келіп,  негізгі  сөйлеммен    синтаксистік  қарым-қатынаста  жұмсалуына  орай,  әр  түрлі  мағынада  қолданылады. 



Шұжықтан  көбірек  жеген  соң,  Байсейіт  азырақ  көңілденіп  алды  (Сейфуллин).  Оны  оқу  мен  пәтерге  орналастырып 

болғаннан кейін, Михайлов Абайға тағы бір пікір айтты(Әуезов). Әйгерім Мақұлбайдың өлгенін естігеннен бері, үнсіз 

жылауда  еді(Әуезов).    Аталған  құрылымдармен  келген  сөйлем  күрделенген  жай  сөйлем  ретінде  қаралады.    (Қазақ 

грамматикасы. 680-687-бб.)  



Жаттығулар  

«Салыстырмалы салалас сөйлем» ,  «шартты салалас  сөйлем» тақырыбындағы ақпаратты  Т.Қордабаевтың   көрсетілген 

еңбегінен  (74-76-бб)    және  Қ.Есенов  еңбегінен  (36-41-бб)  салыстыра  отырып,  түсініп  конспектілеңіз,    мазмұндауға 

дайындалыңыз.     

Блиц тест  

1. Т.Н.Ермекова құрмаластарды функционалдық ұстаным негізінде нешеге бөліп қарастырған? 

а)  үш    ә )  төрт   б) екі   

Башқұрт тілінде Ғ.Ғ.Сәйетбатталовша құрмалас сөйлем түрлері   

2. а)  паратаксис – салалас, гипотаксис – сабақтас  ә) парасинтез – салалас, гипосинтез – сабақтас     б) паратаксема – 

салалас, гипотаксема – сабақтас 

3.  Құрмалас сөйлемді ажыратыңыз 

а) Биз келдик, сиз кетдигиз   ә)  Биз кеттик  б) Орманбет, біз кеттік, қарағым!  

Әдебиеттер:  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет