Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет123/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   159
№ 14 практикалық сабақ тақырыбы. Түркі тіл біліміндегі сабақтас сөйлемді жіктеу ұстанымдары 

Сабақ жоспары:  

1. 


Түркі тіл білімінде сабақтас құрмалас сөйлемді тану пікірлері 

2.  Сабақтас құрмалас сөйлемнің башқұрт тіл білімінде зерттелуі. 

3.  Сабақтас құрмалас сөйлемнің қазақ тіл білімінде зерттелуі. 

Сабақ мақсаты: сабақтас құрмалас сөйлемнің түркі тіл білімінде зерттелуі туралы мәлімет беру, ғылыми тұжырымдарды 

салыстыру, талдауға машықтандыру, бақылау сұрақтары арқылы теориялық мәліметті бекіту. 

Бақылау сұрақтары:  

1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің  негізгі белгілері қандай?  

2. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің баяндауыш тұлғалары арқылы байланысуындағы өзгешеліктер неде?  

3. Сабақтас құрмалас сөйлем мағыналық қатынастарына қарай қандай түрлерге бөлінеді?  

4. Шартты бағыныңқылы сабақтас анықтамасы мен жасалу амалдары қандай?  

5. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас анықтамасы мен жасалуы қандай?  

6. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың анықтамасы мен жасалуы қандай?  

7. Себеп бағыныңқылы сабақтас анықтамасы мен жасалуы қандай?  

8. 


Амал бағыныңқылы сабақтастың анықтамасы мен жасалуы қандай?  

9. Мақсат бағыныңқылы сабақтас анықтамасы мен жасалуы қандай?   

10. 

Салыстырмалы сабақтас сөйлем анықтамасы мен жасалуы қандай?  



11. 

Үлестес сабақтас сөйлем анықтамасы мен жасалуы қалай беріледі?   

Глоссарий.  

Жаттығулар  

1. Араластырылып берілген пікірлерді бөлек топтастырып, кімнің және неге қатысты айтылған ойы екенін ажыратыңыз:   

Егерде –ған формантты есімшемен келген синтаксистік компоненттердің өзіндік дербес бастауыштары болмаса,  

Онда ол сөйлемнің бағыныңқы болғаны, сөйлемнің айтылу интонациясы ұластырушы болса, мұндайлар жай сөйлемнің 

бірыңғайлы күрделенген түрі деп есептеледі.    

1. 

Әрбір сөйлемнің бағыныңқысы мен басыңқысын анықтап, олардың өзара байланысу жолдарын түсіндіріңдер.   

Өз вагонына қайтып келсе, рота политругы Кусков отыр екен. Дәрігерлер бұл дәріні іске қосып көргенде, оның ангина 

микробын өлтіретін қасиеті анықталды. Біздің әңгімеміз аяқтала бергенде, екі ауылдың ортасындағы ағытқан қалың 

жылқының арасынан жіңішке жолмен шаңдатып бір пар атты шыға келді. Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа, адам 

ойы түрленіп ауған шақта. 

Блиц-тест  

 1. Үлестес сабақтас құрмалас сөйлемді белгілеңіз  

а)  Мұрты  тікірейіп,  бет  терісі  жыбыр  қақты.  ә)  Мен  оған  елімді  көрсетпек  болып,  екеуміз  жолға  шықтық.  б) 

Жүргіншілер көзден таса болғанға шейін, Мұстапа  арттарынан қарап тұрды. в) Жалғыз баласы Иса өлгелі, Қадыр әбден 

тұнжырап кеткен еді.  г) Отан соғысы басталғалы, Баймұратовтың бригадасы күндік жоспарын үнемі асырып орындап 

жүр.  

2.  Мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемді  табыңыз:  а)  Көзімді  ашып  алдыңғы  жаққа  қарасам,  екі  адам 



қарауытып тұр екен.  ә) Еңбегін сіңірмесе, ешкімге бидай бермеңдер. б) Мәжит кішкене сәби өзіме үйрене берсін деп, 

бала қызығатын әдемі нәрселерді сатып алып беретін. в) Сырттан келгендер көрсін деп, қыстағы ойынды сонда апармақ 

болды. г) Күні бойы қараса да, таба алмады.  



84 

 

3. Бағыныңқы компоненті басыңқыдағы хабарланған белгілі бір ойдың қай мезгілде орындалғаны немесе орындалатыны 



жайындағы уақыт мөлшерін білдіретін сабақтас түрі – а) мезгіл бағыныңқылы сабақтас ә) мақсат бағыныңқылы б) амал 

бағыныңқылы сабақтас      в) үлестес сабақтас г) шартты сабақтас құрмалас сөйлем.   

4. Сыңарлары бір-біріне қайшы, қарсы келетін әрекеттерді, оқиғаларды баяндайтын сабақтас құрмалас түрі – а) мезгіл ә) 

шартты б) үлестес в) қарсылықты г) мақсат  

5.  Бағыныңқы  сыңардың  баяндауыштары  міндетті  түрде  өз  бастауыштарымен  қиысып  тұруы  шарт  деп  есептейтін 

ғалымдар  –  а)  Б.А.Серебренников,  Н.А.Баскаков,  М.Ш.Ширалиев  ә)  А.Байтұрсынов,  Қ.Басымов  б)  Қ.Жұбанов, 

Т.Шонанұлы в) Қ.Өмірәлиев, М.Серғалиев г) Н.А.Баскаков, М.Балақаев.    

Әдебиеттер:  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет