Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет125/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   159
№ 15 практикалық сабақ тақырыбы. Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлем 

Сабақ жоспары:  

1.  Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің граматикалық, семантикалық сипаты. 

2.  Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің түрлері. 

3.  Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің байланысуына тән және мағыналық қатынастарының ерекшеліктері. 

4.  Бөгде сөз түрлері. 

5.  Күрделі синтаксистік тұтастық.  

Сабақ  мақсаты:  көп  компонентті  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  түркі  тіл  білімінде  зерттелуі,  жасалуы  туралы  мәлімет 

беру. 


Бақылау сұрақтары: 

Көп компонентті құрмаластың сыңарларының арасындағы мағыналық қатынастың көрінуі.  



Көп компонентті құрмаластың жай сөйлемдері өз алдына жеке сөйлем бола ала ма? 



Қазақ тіл білімінде көп компонентті құрмалас туралы алғаш пікір айтқан ғалым. 



Бірыңғай көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас компоненттерінің өзара байланысуы, мысалмен дәйектеңіз. 



Сатылы көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем компоненттерінің өзара байланысуы, мысалдармен дәйектеңіз. 



Күрделі синтаксистік тұтастық дегенді қалай түсінесіз? 



Бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібі туралы баяндаңыз. 

Глоссарий. Бірыңғай көп бағыныңқылы сабақтас-әрбір бағыныңқы сөйлемі жекелеп алғанда басыңқымен байланысады. 

Сатылы  көп  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем-әрбір  жеке  бағыныңқы  сөйлем  өз  бетімен  тікелей  басыңқы  компонентпен 

байланыса алмайды.   

Көп бағыныңқылы сабақтастардың жасалу жолдарын, түрлерін, компоненттерінің қарым-қатынасын, орын 

тәртібін  талдап,  түсіндіріңіздер,  оларды  схемаға  түсіріңіз.  Даниярдың  үйіне  Әбішті  іздеп  Кәкітай  келгенде,  мезгіл 

кеш болғанымен, бұл үйдің іші әлі жатқан жоқ сияқты. Жандаралдың Абайды қандай мінезбен ерткенін әлі аңғарған 

кісі жоқ болса да, кейінгі болыстар мен билер, қастарынан өте бергенде, шетінен оған құрмет көрсете бастады.  

Блиц-тест 

1. Бірыңғай көп бағыныңқылы сабақтасы көрсеетіңіз? 

а) Жиын есіне түскенде, бетінен оты шықса да, мұғалімнің сөзіне көнбесіне Бектайдың шарасы болмады;  ә)Менің саған 

айтарым сол: тыныш жүр; б)Жалғыз ұста қызыл ұшқынды бұрқыратып отыр;  в)Ертеңіне тұрсақ, маужыраған әдемі күн 

басталыпты; г)Атысқа дейін әлі көп уақыт болғандықтан,мен хат жазып отырмын.  

2.А.Байтұрсынов көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемге қатысты қандай термин қолданған? 

а) оюлы сөйлем;  ә) өрнекті сөйлем; б) қиынды сөйлем;  в) бірнеше бағыныңқылы сөйлем; сиысқан сөйлем ; г)сиысулы 

сөйлем.  

3.Көп бағыныңқылы сөйлемнің құрамына қатысты ең көп кездесетін түрі? 

а) 3;  ә)2; б) 4;  в) 5; г)6.  

4. Төл сөзді табыңыз.  

а) Гоголь «Пушкин туралы бірнеше сөз мақаласында»: «Біздің тіліміздің барлық байлығы, күші, икемділігі Пушкиннің 

лексикасына дарыған тәрізді», - деп жазды;  ә)Қазақ деген жасанды мінезі жоқ қарапайым халық; б)Аман босалқы айтуға 

келмегенін,  шақырған  соң  келгенін,  ағат  кеткен  жері  болса  ойланатынын,  олардың  да  ойлану  керектігін,  ой  мен  ел 

ешкімнің  еншісіне  берілмегенін  айтты  да,  орнынан  тұрып  жүре  берді;    в)Жақып  Малқар  ақсақалды  ертіп  келгендігін 

айтты; г)Аман түн жабығын көтере сығалаған таң сәулесіне қатты қызықты. 

5. Төл сөз бен автор сөзін байланыстыратын байлауыш дәнекерді табыңыз 

а) екен; б) мыс;  в) ақ; г) де. 

Әдебиеттер:  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет