2.3 Салалас құрмалас сөйлемдер
Салалас құрмалас сөйлемдер компоненттерінің грамматикалық жағынан өзара тең болып
байланысуы түркі тілдерінде негізінен көрініс тапқандығы. Түркі тіл білімінде салалас құрмалас
сөйлемдердің анықталуы, өзіндік белгілері.
СҚС түрлерін топтастыру принциптері, компоненттерінің байланысу түріне қарай
жалғаулықты және жалғаулықсыз (іргелес), мағыналық қатынастарына және байланыстыратын
жалғаулықтарының мағыналық топтарына қарай ыңғайлас (мезгілдес), себептес, қарсылықты,
талғаулы, кезектес деп бөлінетіндігі. Қазақ грамматикасы оқулығында берілген бұл топтау
қатарына Т.Қордабаев және Қ.Есенов зерттеулерінде тағы да салаластың 3 түрі аталып
жүргендігі: түсіндірмелі, салыстырмалы, шартты.
Салалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен құрмаластыратын грамматикалық тәсілдердің
бірі – жай сөйлемдерді жалғаулықтар арқылы құрмаластыру.
Башқұрт тілінде салалас құрмалас сөйлемдердің жалғаулықсыз түрін Ғ.Ғ.Сәйетбатталов 8
түрге топтастырса, жалғаулықты түрін 4 түрге топтастыруы, олардың сипаттамасы.
Көңіл аударатын бір нәрсе – башқұрт тілінде «-ып, -еп» және «-оп, -өп» көсемшелерінен
жасалған баяндауышы бар жалғаулықсыз құрмаластарды кей түркологтардың өз бойында әрі
паратаксистің, әрі гипотаксистің белгісі бар деп есептейтіні. Оған мынадай сөйлемдер
жатқызылады: Йылыш булып, инструктор комсомолдарзың колхоз хәрәкәтендәге бурыстарын
һөйләне (Н.Кәрип). Жиналыс болып, инструктор колхоз қозғалысында комсомолдардың
міндеттері туралы айтты. Ғ.Ғ.Сәйетбатталов аталған сөйлемді жалғаулықсыз салалас
құрмаласқа жатқызады. Өз сөзімен берсек: «В башкирском языке довольно часто встречаются
бессоюзные предложения, в которых сказуемые компонентов выражаются деепричастием
настоящего времени с аффиксом «ып-еп», «оп-өп». Например: Йылыш булып, инструктор
комсомолдарзың колхоз хәрәкәтендәге бурыстарын һөйләне (Н.Кәрип). Некоторые тюркологи
относят их к таким сложным синтаксическим конструкциям, которые имеют особенности
паратаксиса и гипотаксиса. По нашему мнению, приведенный выше вид бессоюзного
сложносочиненного предложения представляет стилистическую разновидность бессоюзной
сложносочиненной синтаксической конструкции».
Башқұрт тіліндегі жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем түрлері.
Татар тілінде салалас құрмалас (тезмә кушма жөмләләр) сөйлемдерді М.З.Зәкиев
компоненттерінің мағыналық қатынасы мен оларды байланыстыратын жалғаулықтардың түріне
байланысты 3 топқа жіктеп көрсетеуі.
Қазақ, башқұрт, татар тілдерінде салалас құрмалас сөйлемдерді тануда бар
айырмашылықтар:
1) башқұрт тілінде көсемше тұлғалы етістіктен жасалған баяндауышы бар сөйлемдердің
салалас қатарында танылатыны;
1) қазақ, татар, башқұрт тілдерінде салаластарды жіктеу ұстанымдары ұқсас болғанымен
топтастырылуын атауда өзіндік ерекшеліктерге ие. Башқұрт, татар тілдерінде салалас құрмалас
13
компоненттерін байланыстыратын шылауларды негізге алып топтастыру, соның негізінде
мағыналық қатынастарын сипаттау басымырақ.
Достарыңызбен бөлісу: |