Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет88/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   159
Байланысты:
ktj 20522

соң, сол астықтан азырақ жырмалап берейін.  

Өзіндік белгілері:  

1)  сабақтас  ҚС-нің  синтаксистік  компоненттері  бір-біріне  тұлғалық,  мағыналық  жақтарынан  тәуелді  болып 

келеді.  

2) алғашқы сыңарының баяндауышы тиянақсыз түде келіп, басыңқымен тығыз байланыс туғызады.  

3) бағыныңқы және басыңқы сөйлемдерден тұрады  

4)  бағыныңқы  сөйлемнің  байланыстырғыш  амалы  ретінде  етістіктің  шартты  рай  тұлғасы,  есімше,  көсемше 

формалары және есімшемен тіркесетін түрліше жалғаулықтар мен шылау сөздер жұмсалады. 

 5) бағыныңқыдағы ұласпалы байланыстырғыш интонация салаластағыдай емес, әлсіз, солғын болады.   

Синтаксис  мамандарының  арасында  сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  бағыныңқылары  сөйлем  бе,  жоқ  па  – 

деген  талас  мәселелер  бар.  Мұндай  күдік  бағыныңқылардың  қызметі  мен  мағыналары  жай  сөйлемдегі  тұрлаусыз 

мүшелермен  ұқсас  келуінен  және  олардың  жеке  тұрып  қолданыла  алмайтындығына  байланысты  туындайды. 

Шындығында бағыныңқы сөйлем – аяқталмаған шала сөйлем. Басыңқы компонент болмаса, толық мағына оның өзінен 

шықпайды.  Бағыныңқы  компонент  басыңқының  шылауындағы  қосымша  синтаксистік  тұлға.  Бұдан  бағыныңқы 

сөйлемдер сөйлем дәрежесіне жетпеген құрылымдар екен деген түсінік тумауы керек. Бағыныңқылардың жеке тұрғанда 

сөйлем  бола  алмауы  олардың  баяндауыштарының  тек  бағыныңқы  тұлғада  (есімше,  көсемше,  шартты  рай)  келуімен 

байланысты.  Бағыныңқы  сөйлемді  тани  білуде  әлі  күнге  шейін  әр  түрлі  көзқарастар  бар.  Кейбір  мамандар 

(Б.А.Серебренников,  Н.А.Баскаков,  М.Ш.Ширалиев)  бағыныңқы  сыңардың  баяндауыштары  міндетті  түрде  өз 

бастауышымен  қиысып  тұруы  шарт  деп  қарайды.  Мұндай  талапқа  бағыныңқы  сөйлем  жасаудың  қазақ  тіліндегі  үш 

тәсілінің ішінде тек шартты рай жұрнақтары ғана жауап береді. Біз іске белсене кірісетін болсақ, жоспар мерзімінен үш-



төрт  күн  бұрын  орындалады.  Бағыныңқы  сөйлемдер  өз  басыңқыларымен  екі  түрлі  қарым-қатынаста  болады. 

Алғашқысында бағыныңқылар негізінен пысықтауыштың сұрауына жауап беріп, жай сөйлемдегі пысықтауышқа ұқсап 

тұрады.  Басыңқы  сөйлемде  хабарланған  оқиға-әрекеттің  мазмұнын  ашу  ыңғайында  жұмсалады.  Оларға  мезгіл,  себеп, 

мақсат,  амал  бағыныңқылы  сабақтастар  жатады.  Ал  екіншісінде  алғашқы  сөйлем  баяндауыштарының  тұлғалық 

тиянақсыздығы  болмаса,  басыңқының  мағыналық  тәуелділігі  байқалмайды.  Қ.Жұбанов  пен  Н.Сауранбаев  сыңарлары 

мағыналық жағынан дербес келетін сөйлемдерді салалас құрмаласқа жатқызған, ал С.Жиенбаев оларды бірде салаласқа, 

бірде сабақтасқа жатқызған. Біреу желіп, біреу шоқытып келеді.  

Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу амал-тәсілдері:  

1)  баяндауыш формасы арқылы  

2)   шылау не шылау мәндес сөздер арқылы 

 3) қатыстық сөздері арқылы  

 4) интонация арқылы 

 5) орын тәртібі арқылы.   

Баяндауыш формасы – сабақтас құрмаластың ең негізгі ұйымдастырушы орталығы. Мұндай ұйымдастырушы 

орталық өз дербес бастауышы болуына негізделеді. Бұлай болмаған күнде ұйымдастырушы орталық бағыныңқы сөйлем 

болып  танылмай,  оралым  қатарында  қалып  қояды.  Сабақтас  сөйлем  бағыныңқысының  баяндауышы  есімше,  көсемше, 

шартты рай тұлғалы сөздерден болып келеді.  

1)  көсемше  формалары  құрмалас  сөйлем  жасауда  екі  түрлі  қызмет  атқарады:  бірі  –  бағыныңқы  сөйлемнің 

баяндауышы бола тұра, сол сөйлемді басыңқы сөйлемге тәуелді  етіп тұрады, екіншісі – құрмаластың құрамындағы екі 

жай  сөйлемді  ешқандай  қосымша  тәсілдердің  керегінсіз-ақ  байланыстырып  тұрады.  Оны  мына  мысалдардан  көруге 



68 

 

болады:  Құлағында үлкен күміс сырғасы сілкіне түсіп, үстел басы тола отырған жұртқа жіті  қозғалып  шай құйып 



отыр.  

2) есімшелер жеке тұрып, көсемшелер сияқты бағыныңқының баяндауышы бола алмайды. Ол тиянақты тұлға 

болғандықтан, басыңқы сөйлемді  аяқтап, соның баяндауышы болып тұр: Көше бойындағы ағаштарды жалын шарпып, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет