Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Түркілік консанантизм қандай принциптер бойынша топтастырылады
?
2.Түркі негіз тілінің жеке тілдерге ыдыру дəуірінде болған
тарихи өзгерістерге қандай өзгерістер жатады
?
3.Көне түркі тілінде қанша дауыссыз дыбыс болған
?
4. Жеке дауыссыз дыбыстардың қолданылу жүйесіндегі ерекшеліктерге
сипаттама берің.
5. Басқа тілдердің ықпалы нəтижесінде қазақ тілі дауыссыздары
жүйесіне келіп қосылған дыбыстарға қайсы дыбыстар кіреді
?
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1988ж.
2. Ғ.Мусабаев. Қазақ тілі тарихынан. Алматы, Мектеп, 1988.
3.Ғ.Айдаров, Ə.Құрышжанов., М.Томанов. Көне түркі жазба
ескерткіштерінің тілі. Алматы.
28
Тарихи лексикология, зерттеу обьектісі
Жоспары:
1. Тарихи лексикологияның зерттеу обьектісі.
2. Тарихи лексикология жəне этногенез.
3. Тарихи лексикология жəне этнолингвистика.
Тірек сөздері Тарихи лексикологияның қалыптасу, даму тарихы, жалпы
лексикологиядан айырмашылығы, қазақ тілінің сөздік құрамына басқа
тілдердің əсері арқылы енген сөздердің сипатын анықтау, этнолингвистика мен
тарихи лексикологияның өзара қатысы.
Тарихи лексикология-жалпы тіл білімінің сүбелі де күрделі салаларының
бірі. Оның зерттеу обьектісі-лексика жəне оның пайда болу жолдары мен даму
заңдылықтары. Басқаша айтқанда, тарихи лексикология тіл тарихына, сол тілде
сөйлеуші этностың бастан кешірген қоғамдық формациялары мен басып өткен
ұзақ өмірлік жолына қатысты тілдік фактілердің шығу тегін, қалыптасу
кезеңдерін, туыстас тілдердің қатарынан алатын орнын, басқа тілдерге
қатыстығын ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеуді мақсат етеді.
Демек, тарихи лексикологияның жалпы лексикологиядан басты
айырмашылығы-ол тіл фактілерін зерттеуде тарихи принципке сүйенуде. Ол
белгілі бір тілдің лексикасын жалпылама емес, нақтылы бір халықтың
азаматтық тарихына байланысты, сол халықтың мəдениетіне, дүниетанымына,
салт-сана, əдет-ғұрпына т.б. экстралингвистикалық факторларына қатысты
зерттеуі керек. Өйткені, əрбір тілдің лексикалық қоры, қат-қабат сөз байлағы,
сайып келгенде, сол тілді жаратушы, сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен
тікелей байланысты, сол халықтың халық болып қалыптаса бастаған ұзақ
дəуірінің жемісі. Тарихи лексикологияның зерттеу обьектісі дегенде екі түрлі
жағдайды ескерген жөні 1. Ол алдына қойған мақсатына жəне тіл фактілерін
талдау тəсілдеріне байланысты іштей сараланып, тікелей өзіне қатысты
проблемаларды əр қырынан қарастыратын этимология, семасиология,
ономосиология, диалектология, этнолингвистика сияқты тарауларды қамтиды.
29
2. Оның тіл білімінің осы салаларында қол жеткен табыстар мен талдау
тəсілдерін пайдалана отырып, этностың шығу тарихын (этногенезін), этнос
тілінің пайда болуын (глоттогенезін) халық тілінің базистік структурасын,
туыс, туыстас жəне басқа тілдермен болған қарым-қатынасын, əр түрлі
экстралингвистикалық факторлардың тіл дамуына тигізген əсерін т.б. тіл
фактілері мен оның заңдылықтары негізінде қарастырып, тұжырым айтуғы
мүмкіндігі мол. Қазақ тілі тарихи лексикологиясына қатысы бар проблеманың
бірі-қазақ халқының этногенезі мен глоттогенезі. Бұлар этнос пен этнос тілінің
тарихи бір мезгілде, бір географиялық ортада жəне белгілі бір əлеуметтік
жағдайда қалыптасуына байланысты құбылыстар. Тілдік факторлар этностың
халық болғанға дейінгі жəне одан кейінгі тарихын айқындауға бірден-бір қажет.
Əрбір тарихи кезеңдерде, əр қилы əлеуметтік, экономикалық, саяси-мəдени,
географиялық қарым-қатынастарға байланысты басқа тілдерден сөз қабылдап,
оның есесіне байып, дамып отыру қазақ тіліне де тəн жəне тамыры тереңде
жатқан күрделі құбылыс.
Қазақ тілі тарихи лексикологиясының алдында үлкен-үлкен міндеттер
тұрған сияқты. Солардың ішінде əлі күнге дейін арнайы зерттелмеген
проблемалардың бірі-ол қазақ халқы қалыптасқанға дейінгі Қазақстан жерін
мекендеген ру-тайпалардың тілін жəне олардың өзара қарым-қатынасын
анықтау. Тарихи деректерге қарағанда, бұл өңірде біздің жыл санауымызға
дейін де жəне одан кейін де скиф, массагет, сақ, соғды, сондай-ақ көптеген ру-
тайпалар жасап келгені мəлім. Бұлардың тілі жөнінде айтылып жүрген пікір көп
те, бірақ күні бүгінге дейін пікір бірлестігі жоқ.
Қазақ тілінің басқа туыс (қырғыз, өзбек, түрікмен, башқұрт, ұйғыр т.б.),
туыстас (монғол, бурят, қалмақ) жəне өзге системалы (орыс, қытай, араб, иран
т.б.) тілдермен көрші ретінде де, тарихи-саяси, мəдени, географиялық
жағдайларға байланысты да əр дəуірдегі қарым-қатынастары, олардың өзара
ықпалы, лексикалық ауыс-түйістері ерекше назар аударады. Осыларды зерттеу
де қазақ тілі тарихи лексикологиясының төл ізденістерінің бірі.
Басқа тілдердің элементтері араласпаған бірде-бір таза тіл жоқ. Түркі
тілдерінің ішінде өзінің тұтастығын, монолиттігін, өзіне тəн ұлт ерекшелігін өз
30
бойында көбірек сақтап келе жатқан қазақ тілінің лексикалық байлығында да
шет ел элементтері көптеп кездеседі. Ол барлық түркі тілдеріне ортақ базистік
лексиканы, əсіресе, оның қыпшақ компонентіне тəн түбір тұлғаларын мол
сақтай отыра, ғасырлар бойы даму жолында басқа тілдердің элементтері
арқылы да толығып, үздіксіз байып отырады.
Түркі тілдерінің ішінде қазақ тіліне елеулі əсер еткен, оның лексикалық
қорында айтарлықтай із қалдырған тілдерге араб жəне иран тілдері жатады.
Басқаларға қарағанда түркі тілдеріне енген араб жəне иран тілдерінің
элементтері түркологияда көбірек зерттеліп келеді. Қазақ тіліндегі араб, парсы
элементтерінің саны мысалы, Р.З.Рүстемовтың анықтауы бойынша, жалпы
лексикамыздың 15 процентіне жуық екен. Кейбір түркі халықтарының
(мысалы, өзбек, түрікмен, азербайжан т.б.) тілінде олар одан да көп. Тілара
контактіге байланысты қазақ тілі тарихи лексикологиясының ерекше көңіл
бөлуге қажет обьектілерінің бірі-қазақ тілі мен оған көршілес түркі тілдерінің
арасындағы əр түрлі тарихи, географиялық, туыстық т.б. қарым-
қатынастарболса керек. Бұл тілдердің өзара əсері, лексика саласындағы ауыс-
түйістері қай дəуірде, қандай жағдайда жəне қай дəрежеде болмасын, сайып
келгенде, тарихи процеске жатады.
Тіл мен сол тілде сөйлеуші этностың қатыстығын, яғни бір-біріне əсер етіп
отыратын лингвистикалық жəне этносқа қатысты факторларды өзара
байланыстыра зерттеуші саланы тіл білімінде этнолингвистика деп атайды.
Оның да өзіне тəн зерттеу обьектісі бар. Этнос пен оның тілін біртұтас өзара
тығыз байланысты құбылыс деп қарасақ, тіл қоғамда тек сол этностың қарым-
қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге оның бүкіл рухани-мəдени
байлығының куəгері іспетті барлық болмысы мен өмір тіршілігін, дүниетанымы
мен əдет-ғұрпын бойында сіңіріп, ата мұрасы асыл қазынасы ретінде ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізіп отыратын қызметі тағы бар.
Тілдердің дəл осындай өткен өмірдің тəжірибесі мен өнегесін сөзбен өріп,
жадында сақтау қасиеті болмаса, ешбір халықта дəстүр жалғастығы мен
мұрагерлік болмаған болар еді. Міне, осыған орай этнолингвистика мен тарихи
лексикологияның атқаратын міндеттері мен көтеретін ортақ жүгі айқындала
31
түседі. Ол міндеттер тіл мен сол тілде сөйлеуші этностың тарихи тұтастығына
өзара қатыстығына байланысты болса керек. Этностың басып өткен сан
ғасырлық даму жолы, оның белгі-бейнелері бізге тас мүсіндер мен жартастарға
қашалған сына жазулар арқылы, мəдени ескерткіштермен əр түрлі ғимараттар
түрінде жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың бəрі этнос өмірінің мың да бір елесі ғана.
Оның шын мəнісіндегі даналығы мен дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады.
Əрбір дəуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, қару-жарақтың, киер киім
мен ішер тамақтың, тұрмыстық заттар мен салт-санаға, əдет-ғұрып, наным-
сенімге байланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері
ретінде ғана, яғни жеке сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-
мəтелдер арқылы ғана бізге жетуі мүмкін. Əсіресе, жазу-сызуы болмаған
халықтарда осыншама мол дүниені тіл мен ауыз əдебиетінен басқа жадында
сақтайтын тəсіл жоқ. Этнолингвистиканың негізгі зерттеу обьектісі-
этнографизмдер, кеңірек айтсақ, этнографиялық лексика. Бұл лексиканың
құрамында өткен өмірді бейнелейтін сөз тіркестері көптеп кездеседі. Бірақ
олардың көбі күнделікті қарым-қатынаста айтылса да, бəрі бірдей бүгінгі
ұрпаққа айқын бола бермеуі мүмкін. Олардың арасында қолданыс аясы
тарылып, о бастағы мағынасының күңгірттеніп, не мүлдем ұмыт болғандары да
аз емес. Бұлардың этнографиялық мазмұнын, дəстүрлік қолданысын зерттеу
этнолингвистиканың үлесіне тисе, тілдік табиғаты мен даму заңдылықтарын
этнолингвистика деректеріне сүйене отырып тарихи лексикология анықтайды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Тарихи лексикологияның зерттеу обьектісіне нелер кіреді
?
2. Тарихи лексикологияның жалпы лексикологиядан айырмашылығы
қандай
?
3.Қазақ халқы қалыптасқанға дейінгі Қазақстан жерін мекендеген ру-
тайпалар тілінің лексикалық сипаты қандай болған
?
4.Түркі тілдерінің ішінде қазақ тіліне елеулі əсер еткен тілдерге қай тілдер
жатады
?
5. Қазақ тілінің лексикалық құрамын үйренуде этнолингвистиканың ролі
қандай
?
32
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1988ж.
2. Ə. Қайдар Қазақ тілінің өзекті мəселелері. Алматы 1997.
3. Ғ. Мусабаев. Қазақ тілі тарихынан. Алматы, Мектеп, 1988.
4. Ғ.Айдаров., Ə.Құрышжанов, М.Томанов. Көне түркі жазба
ескерткіштерінің тілі. Алматы.
Тарихи лексикология жəне этимология
Жоспары:
1. Этимологияның зерттеу обьектісі.
2. Этимологияның негізгі принциптері.
3. Этимологияның түрлері.
Тірек сөздері Этимология сөздің шығу төркінін зерттейтін тіл білімінің
саласы, этимологиялық зерттеулердің негізгі үш принципі туралы, ғылыми
этимология мен халықтың этимология жəне т.б. туралы.
Этимология шын мəнісінде тарихи лексикологияның үлкен бір саласы
болып саналады. Бірақ этимологияның зерттеу обьектісі мен тəсілі-тарихи
лексикологияға қарағанда əлдеқайда тар жəне нақтылы. Тарихи лексикология
жалпы лексиканың тарихын зерттеуді, оның дамуындағы обьективті
заңдылықтарды анықтауды мақсат етсе, этимология негізінен сөз жəне сөз
тұлғаларының төркінін, тегін ашуды міндетіне алады. Тарихи лексикология мен
этимологияның өзара қатыстығы тілдік фактілерді тарихи деректерге, тіл мен
сол тілде сөйлеушілердің тығыз байланысында, тарихи мəдени жəне басқа да
экстралингвистикалық факторлардың ортақтығында болса керек.
Этимологиялық зерттеулер қай тілде болса да, негізінен үш принципке-
фонетикалық, морфологиялық жəне семантикалық принциптерге сүйенеді.
Фонетикалық принципі. Бұл принцип əрбір тілдің немесе бір топ туыс
тілдің фонетикалық (сингорманизм, ассимиляция, дыбыс алмасуы мен дыбыс
сəйкестігі, дыбыстың түсіп қалуы, пайда болуы, дыбыстың қосарлануы мен
əлсізденуі, метатеза, апакопа, элизия, фузия т.б.) заңдылықтарына негізделеді.
33
Фонетикалық заңдылықтардың көбісі негізгі түбір мен туынды түбір
аралығында (көгілдір-көк+ілдір, ұғым-ұқ+ым), біріккен, кіріккен сөздер
тұлғасында (бүгін-бұл+күн, биыл-бұл+жыл), шеттен қабылданған сөздерде
(кəде-қаида, қағида, зəр-зəIəр), тіларалық дыбыс сəйкестігінде (қазақ-бас,
ұйғыр-баш), метатеза (қазақ-қақпан, ұйғыр-қақпан) т.б. құбылыстарда
байқалады.
Ал түркі тілдерінің дыбыстық жүйесін, классификациялық системадағы
орнын анықтауға келгенде фонетикалық критерий субститут құбылыстарына
ерекше мəн береді. Этимологияның бұл принципі бойынша сөздің басы мен
соңы, түбірдің фоно-морфологиялық варианттылығы, дыбыстық өзгерістердің
мағыналық ауытқуларға себеп болуы т.б. толып жатқан құбылыстардың бəрі
толық ескерілуі керек.
Морфологиялық принцип. Этимологиялық зерттеудің бұл принципі
сөздердің тұлғалық өзгерістеріне байланысты заңдылықтарды қарастырады.
Осыған орай морфологиялық құрылымы мен тұлғасы бүгінде айқын емес
сөздер ең алдымен өз тілімізде, ал онда болмаса басқа туысқан түркі
тілдеріндегі сөз жасау, сөз өзгерту модельдерімен салыстырыла зерттелуі керек.
Этимологтың алдына қойған мақсатына байланысты морфологиялық талдау
перспективті жəне ретроспетивті бағытта болуы мүмкін. Кейінгісі
аглютинациялық даму процесінде о бастағы ілкі де көне түбірге қат-қабат
жалғанып, онымен бірігіп, кірігіп кеткен жалғау-жұрнақтарды морфемалық
жіктеу тəсіліменсөз жасау модельдері бойынша біртіндеп бөліп алып, одан əрі
морфемалық бөлшектерге жіктелмейтін монолитті ілкі түбірді анықтауға
мүмкіндік береді. Əрине, ол түбір бүгінгі тілде жеке-дара қолданылатын дербес
болуы да, қолданылмайтын өлі түбір болуы да мүмкін. Осыған байланысты
морфологиялық принципті ұстанудың бір ерекшелігіі ол кез-келген байырғы
түркі сөзінің түбір тұлғасын, негіздің құрамын анықтауға мүмкіндік береді
екен. Ол үшін этимологиялық табиғатын анықтауға қажетті туынды түбір сөзді
сөз жасау моделінің жүйесіне салып, тұлғалас бір топ сөздің қатарында
қарастыруымыз керек. Мысалы, қазақ тіліндегі -на, -немоделі арқылы жасалған
ауна, буна, қайна, тырна сияқты сөздерді алып жоғарыдағы тəсіл бойынша
34
түбірлік морфемалардан жалғаулық морфемаларды бөліп алып қарағанда,
алдыңғы екеуінің түбірі (ау, бу) айқын да, кейінгі екеуінің (қай, тыр) түбірі
біздер үшін ұмыт болған өлі түбірлер екендігін көреміз. Осылайша
морфологиялық принципке сүйене отырып, ілкі түбір, туынды түбір
тұлғаларын анықтауды этимологиялық зерттеулердің сенімді де жемісті
тəсілдерінің бірі деп есептеуге болады.
Семантикалық принцип. Сөздің мағынасын анықтауда семантикалық
принцип-этимологтардың арқа сүйер, аяқ тірер критерийлерінің бірі. Сөз
мағынасыз болмайтыны баршаға мəлімжəне ол мағына сөздің дыбыстық,
морфологиялық тұлғасына тікелей қатысты болғандықтан тілдік коллективтің
тарихи дамуының, оның өзіндік ой өрісі мен дүниетанымына қатысты күрделі
құбылыстар қатарына жатады.
Этимологияның дұрыс шешімін табуы ең алдымен сөздің семантикалық
статусын, оның о бастағы мəнісін тап басып, дəл анықтауға байланысты.
Семантикалық талдауды сөздердің əр түрлі сөздіктерде келтірілген
мағыналарына ғана сүйеніп, оның тарихына тереңірек үңілмесек, одан жаңсақ
қорытынды шығуы да мүмкін. Этимологиялық ізденістердің бір кемістігі осы
тұста байқалып жүр. Мəселен, қазақ тіліндегі көпшілікке таныс берен мен
қарқара сөздерін алайық. Осы сөздер (берен мылтық, берен қылыш, берен
сауыт, сондай-ақ қарқара тауға да, əйелдердің бас киіміне де, құсқа да қатысты)
əр түрлі ыңғайда көріне береді. Неге олай. Бұл сұрақтың жауабын біз тек-
мағынасына байланысты дер едік. Семантикалық принциптің заттар мен
құбылыстарға ат қойып, айдар тағуға байланысты əр түрлі мотивтерді
анықтауға да қатысы бар. Осыған орай бір заттың, не құбылыстың біреу емес,
бірнеше атаумен аталуы да кездейсоқ еместігі этимологияда ескерілуі керек.
Мысалы, қазақ тілінде бір аурудың адам мен малдың түріне байланысты
бірнеше атауы бар екені түйнек, күйдіргі (адамға байланысты), қойда-топалаң,
жылқыда-жамандат, сиырда-қараталақ, қорасан, түйеде-ақшелек, қарабоз,
ешкіде-кебенек, шошқада-сіреспе, қағылу т.б. Мұндай номинация мен
мотивациялар сөз мағынасын ашу үшін этимологияға аса қажет фактілерге
жатады.
35
Тарихи принцип. Тарихи лексикология мен этимологияның шендесетін
тұсы осы тарихи принципті ұстануына байланысты байқалады. Өйткені
этимология обьектісі болып отырған сөздеріміз шығу тегі уақыт, мезгіл,
территория жəне тарих жағынан тіл біткеннің бəріне емес, тек белгілі бір тілге
ғана қатысты дүние. Ал тіл болса белгілі бір этностың генеологиясымен,
азаматтық тарихымен, өмір сүрген ортасымен, шаруашылық кəсіп түрлерімен,
салт-сана, əдет-ғұрпымен тікелей байланысты. Этимологияның басқа
принциптері осы айтылған тарихи негіздерге, этнолингвистикалық факторларға
сүйенбесе, одан өзіне қажетті дəлел-дерек таба алмаса, қаншама шебер
қолданылса да, нəтижесіз болуы мүмкін. Этимологтардың зерттеулерінде халық
тарихына қатысты тілдік жазба деректерді, ауыз əдебиет мұраларын,
археологиялық куəлерді, тарихи жазбаларды т.б. материалдарды орынды
қолдануы да осы принциптің мақсатына үйлеседі.
Жоғарыда аталған төрт ғылыми принциптің дұрыс-бұрыс қолданылуына
байланысты жалпы этимология ғылыми жəне қарапайым не халықтық болып
екіге бөлінеді.
Халықтық этимология ғылыми негізге емес, əр түрлі жорамал-жобаға,
жеке адамдардың өз тұжырымдарына, ел аузындағы аңыз-риваяттарға
байланысты болғандықтан неше алуан болып келеді.
Этимологияны кез-келген сөзге жасауға болады. Қазақ тіліндегі жеті
түнде, түн баласына деген фразеологизмдердің фразеологизм болып
қалыптасуының өзі олардың құрамындағы жеті мен бала сөзінің біз үшін
белгісіз сыры мен сипатына байланысты. Сондай-ақ шошқа тағалау, түйе
үстінен сирақ үйту, есек құрты мұрынан түсу сияқты фразеологизмдердің
құрамындағы сөздер бізге айқын бола тұрса да, олардың жасалу мотивін бірден
дəлелдеу оңай емес. Бұларды анықтау үшін де этимологияның араласуы қажет
жəне ол зеттеудің басқаша тəсілін, əдісін талап ететіні сөзсіз. Этимологияның
қандай түрі болмасын, оның алдына қойған мақсаты, анықтауға тиісті деңгейі,
тереңдігі түбегейлі тұжырымы болуы шарт. Алайда ол жалпы түркология
көлемінде арнайы зерттеліп, тиянақты шешілген мəселе емес. Бұл жайында
кейінгі 15-20 жыл беделіндегі əңгіме көбінесе түркі тілдерінің этимологиялық
36
сөздігін жəне кейбір жеке тілдерінің этимологиялық сөздіктерін жасауға
байланысты болып келеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Тарихи лексикология мен этимологияның өзара қатыстығы дегеніміз не
?
2. Этимологиялық зерттеулер қандай принциптер негізінде жүргізіледі
?
3. Тілдердің дыбыстық заңдылықтарына негізделіп жүргізілетін
этимологияның принципі не деп аталады
?
4. Тілдегі сөздердің тұлғалық өзгерістеріне байланысты заңдылықтары
этимологияның қай принципі арқылы зерттеледі
?
5. ”ылыми этимология мен халықтық этимологияның зерттеу
обьектілеріне нелер кіреді
?
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1988.
2. Ə. Қайдар Қазақ тілінің өзекті мəселелері. Алматы. 1997.
3. Ғ.Мусабаев. Қазақ тілі тарихынан. Алматы, Мектеп, 1988.
Есім сөз таптарының дамуы. Зат есім
Жоспары:
1. Есім сөз таптарының қалыптасуы.
2. Зат есім категорияларының негізгі түрлері.
А) Зат есімнің көптік категориясының тарихы.
Ə) Тəуелдік категориясы тарихы.
Б) Жіктік жалғауларының пайда болуы.
В) Септік категориясының тарихы.
Тірек сөздері Есім сөз таптарының қалыптасу, даму жүйесіндегі
ерекшеліктер, зат есімнің сөйлемде заттық мағынадағы мүше болуымен
жіктеліп шығуы, зат есімнің көптік, септік, тəуелдік, жіктік категорияларының
қалыптасу тарихы.
Тілімізде есімдер деп аталатын топқа жататын сөздердің грамматикалық
кластары тарихи даму тұрғысынан бір-бірімен ұштасып, байланысып жатады.
Мысалы, зат есімнің жеке семантикалық топтарының қалыптасуы жайлы
37
айтқанда дəл сондай тұлғалысын есімдер тобының қалыптасуын назардан тыс
қалдыруға болмайды. Сондай-ақ зат есімдер мен сын есімдер жайында
əңгімелегенде солармен орайлас қолданылатын сан есімдермен есімдіктерге де
соқпай кетуге болмайды. Бұлардың қазіргі тіліміздегі қызметі мен қолданыс
жағынан ыңғайластығы олардың тарихи қалыптасу ерекшеліктерімен ұштасып
жатады.
Сөздердің грамматикалық кластарға жіктелуі сөйлем ішіндегі мəні мен
қызметіне байланысты болған құбылыс. Айталық сөйлем құрамында үнемі
бастауыш қызметінде жұмсалу, яғни айтылатын ойдың иесін білдіріп, басқа
сөздергетəуелсіз қолданылатын сөз ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасады.
Акад.И.И.Мещанинов бұл туралы Зат есім өзінің сөйлемде заттық мағынадағы
(бастауыш жəне толықтауыш) мүше болуымен жіктеліп шықты,- дейді. Ал сол
зат есімдермен іргелес, соларға бағынышты қолданылатын сын есімдердің сөз
табы ретінде қалыптасуы туралы үнді европа тілдерінің материалдары негізінде
акад. В.М.Жирмунский «Грамматикалық жағынан тұлғаланған сын есімдер
категориясының қалыптасуы, яғни есімдердің зат есімдер мен сын есімдерге
жіктелуі үндіевропа тілдерінде салыстырмалы грамматика əдістері арқылы
көрінеді»,- дейді. Нақ осы тұжырымды түркі тілдеріндегі, солардың бірі-қазақ
тіліндегі зат есімдер мен сын есімдерге де қолдануға болады.
Есім сөз таптарының ішінде оқшау тұратыны-үстеулер. :стеулер шығу
төркіні, қалыптасу тəсілі жағынан да əр қилы. Морфологиялық жағынан
үстеулер бірде есім негізді болса, бірде етістік негізді болып отырады. Осындай
əр тұлғалылық оларды біршама кеш қалыптасқан грамматикалық класс деп
қарауға мүмкіндік береді. Сан есімдер түп негізі жағынан басқа сөз таптарымен
ұштасып жататыны тіл білімінде əр кез айтылып келеді. Сонымен есім сөз
таптарының дамуы, тарихи өзгерісі олардың бірыңғай қалыптасуына алып
келді.
Зат есім-есімдер тобындағы сөздердің ішіндегі дербес қолданылатыны.
Есімдердің басқа топтары осы зат есімдер айналасына топталып соған қатысты
ғана қолданылады. Сөйтіп зат есімдер тек заттық мəн-мағына туғызушы ғана
сөздер емес, соған сəйкес дербес қолданылатын да сөздер. Қазіргі қазақ
38
тіліндегі зат есім категорияларының негізгі түрлері көне түркі тілінде де
кездеседі. Ол тілде де зат есімдер басқа сөз таптарымен салыстырғанда
көптелетін, септелетін, тəуелденетін сөздер есебінде ерекшеленген. Зат
есімдерге тəн грамматикалық категориялардың тұлғалық өзгерістерін, жеке
аффикстердің пайда болуын жəне кейбір семантикалық өзгерістерін еске
алмасақ, олардың қайсысының да өздерінің негізгі қызметтерінен
айнымағандығын байқауға болады.
Түркі тілдерінің көне дəуірлеріне қатысты мұралар тілінде де жекелік
мəнді білдіретін арнайы аффикстер болмағаны мəлім. Көптік мəн арнайы
жалғаулар арқылы да, яғни, морфологиялық тəсіл сөздің лексикалық мағынасы,
яғни, лексикалық тəсіл арқылы жəне сөз тіркестері, яғни синтаксистік тəсіл
арқылы да берілген.
Орхон-Енисей жазбаларында көптік жалғауларының екі түрі кездеседіі -
лар, -т, -лар жалғауы көптік мағына тудырудың негізгі тəсілі. Мысалыі беглер,
кунчуйлар-т қосымшасы Орхон-Енисей жазбаларында атақ-дəрежені, шенді
білдіретін сөздердің құрамында ғана кездеседіі тарқан-тарқат, шад-апыт, тігін-
тігіт т.б. Зерттеушілер бұл қосымшаны монғол тілінен ауысқан деп есептейді.
Бұл қосымша Орхон-Енисей жазбаларынан кейінгі дəуірден қалған
ескерткіштердің ешқайсысында да көптік мəн туғызудың өнімді тəсілі ретінде
ұшыраспайды.
С.Е.Малов көне түркі тілінде көптік мағына туғызуған қосымшаның бірі
деп біз есімдігінің құрамындағы -з-ны көрсетеді. Бірақ Орхон-Енисей
жазбаларында -з көптік мағына туғызатын еркін аффикс ретінде
қолданылмаған. Малов бұл аффиксті əлгі айтылған есімдіктер құрамынан ғана
ажыратады. Ол қосымша мына фактілерді көрсетедіі меңіз (бет), көкүз
(көкірек), т.б.
Меншіктік пен меншіктелуші арасындағы қатынас, яғни тəуелділік
категориясы түркі тілдері құрамындағы байырғы құбылыстардың бірі. Мұндай
тұжырымға дəлел түркі тілдері тарихындағы ең көне мұралар тілінде қазіргі
тілдегі тəуелдік категориясы мен оның көріністері көп өзгеріссіз берілген.
Тəуелдік жалғаулары көне мұралар тілінде мынадай болғані
39
Жекеше.1. -м, -ым, -им, -ум, -үм, -ам, -ембудуным
2.-ң, -ың, -иң, -уң, -үң, -аң, -ең құтың
3.-ы, -сы, -си, -зы, -зи уйасы, қағаны
Тəуелдіктің үшінші жағының бастапқы тұлғасы -ың, -сын деген пікір бар.
Көптік. 1. -мыз, -миз, -муз, -мүз, ымыз, -имиз, -умуз, -амаз,
2.-қыз, -киз, -ыңыз, -иңиз, унуз, -үнүзадашыңыз
3.-ы, -сы, -си, -зы, зи, -сылар, -силар
Түркологияда тəуелдік жалғауларының арғы негізі-жіктеу есімдіктері
дейтін пікір тұрақталды. Тəуелдіктің жекеше 1-жағы -м мен жіктеу есімдігінің
қысқарған түрі есебінде танылса, 2-жағы -ң сен есімдігінің қысқарған түрі
есебінде танылып жүр. Ал 1- жақтың көптік тұлғасы -мыз жекелік тұлға мен
көптік жалғаудың қосындысынан қалыптасқандығы айқын. Қазіргі қазақ
тілінде тəуелділіктің жекеше 2-жағы екі түрлі(-ң жəне -ыңыз) айтылатыны
мəлім. Ал осы тұлға тарихи тұрғыдан 2-жақ жекеше тəуелдік жалғауы мен
көптік жалғаудың қосындысыі ың+ыз.
Тəуелдіктің 3-жағының түп-төркінін В.В.Радловсын сөзі деп қараған.
Қазіргі түркі тілідерінің барлығында дерлік тəуелдіктің 3-жағы септік
жалғауларында -н дыбысын қосып алады. Радлов бұл жалғауды о баста толық
сөз болды дегенде осыған сүйенеді.
Қазақ тіліндегі жіктік жалғаулары баяндауыш қызметіндегі сөздердің
грамматикалық көрсеткіші ретінде жұмсалатыны мəлім. Түркологияда жіктік
жалғаулары да жіктеу есімдіктерінен тараған дейтін көзқарас талас
туғызбайтын жай. Қазіргі тілдегі жіктік жалғаулары Н.К.Дмитриевтің сөзімен
айтқанда, тұрақты дыбыстық құрамын жоғалтып, əр түрлі дыбыстық
варианттарға жіктелудің нəтижесі. В.Котвич жіктік жалғауларын «байырғы
етістік суффикстері деп есептейді» деп атайды да, олардың жіктеу
есімдіктерінің постпозициялық тұлғасына (атау тұлғасы) жақындығын, өзара
ұқсас, ыңғайлас жақтарының көп екендігін айтады. Сонымен жіктік
жалғаулары тəуелдік жалғауларындай септелген есімдіктердің энклитикасы
емес, түбір түрінің энклитикасы, оның өзгерген дербес мəнін жоғалтқан, сөйтіп
қосымшаға айналған түрі. Жіктік жалғауларының қалыптасуы, яғни жіктеу
40
есімдіктерінің жақты білдіретін грамматикалық көрсеткіштерге айналуының
басты тəсілі-постпозициялық қолданыс болғандығын көне, жаңа түркі
тілдерінің материалдары дəлелдейдіі :чин Күлүг Тіріг бен, Қырғызоғлы мен. Ал
тува тіліндеі Мен ада мен. Сен ада сен. Орта ғасыр жазбаларындаі Мен санға
ашық турур мен. Сен менин анам турур сен.
Түркі тілдерінің V-VIII ғасыр ескерткіштері тіліндегі септік жалғаулары
кейінгі ХI-ХV ғасырлардағы ескерткіштер тіліндегі сондай категориямен
грамматикалық қызметтерінің жіктелуі жағынан да, қолданылуы тұрғысынан да
бірдей емес. Екі дəуір көріністерін салыстыра қарағанда мынадай негізгі
айырмашылықтар байқалады. V-VIII ғасырдағы көне түркі тіліндегі кейбір
септіктер екі не үш түрлі грамматикалық мəнде қолданылған. Сонымен қатар
септік жалғауларының шылаулар жетегінде айтылуы да енді қалыптаса
бастаған құбылыс ретінде көрінеді. Қазақ тіліндегі септік категориясын тарихи
барлауда сүйенетін тірек-көне түркі тілі ескерткіштері. Ол тілдің фактілері
түркі тілдерінің көне дəуірлерінде септелудің үш түрлі жүйесі болғандығын
дəлелдейді. Ондай жүйелері жай септеу, тəуелдеулі сөздердің септелуі жəне
есімдіктердің септелуі.
Қазіргі түркі тілдерінің қайсысында да атау септікті сөздің түбірінен
бөлектейтіндей арнаулы аффикс жоқ. Атау септік тұлғасы жазбалар тіліндетура
мағынасында қолданылғані Ілкі сен барғыл-Алдымен сен бар. Сондай-ақ атау
септіктің барыс, ілік, табыс, жатыс, шығыс септік тұлғаларының орнына
қолданылуы да ұшырасады. Көне түркі тіліндегі атау тұлғасының көп
функциялылығы жалпы септік жалғауларының бір-бірінен ара жігін
айқындамауының, түгелдей жіктелмеуінің нəтижесі деп қана қараған дұрыс.
Ілік септік тұлғасының көне жазбалар тілінде мына сияқты варианттары
барі -ың, -ің, уң, -үң, -ның, -нің, -нуң, -наң, -нəң. Қазіргі түркі тілдері арасында
мынадай заңдылық барі азербайжан, түрікмен, түрік жəне чуваш тілдерінде
дауыссыз дыбысқа біткен сөздерге жалғанатын ілік септік жалғауы -ың тұлғалы
болады да, дауысты дыбысқа біткен сөздерге -ның түрінде жалғанады. Басқа
түркі тілдерінде -ың варианты зат есімге жалғанбайды, түбірдің соңғы
41
дыбысының фонетикалық сапасына қарай бірде -ның, бірде -дың, -тың болып
өзгеріп отырады. Қазіргі қазақ тілі осы соңғы топқа жатады.
Табыс септіктің қазіргі түркі тілдеріндегі тұлғалары бір-бірінен соншалық
алыстап кетпейді. Түркі тілдерінің көпшілігінде дерлік табыс жалғауы -н
дыбысынан басталады, тек біразында ғана-д,-т дыбыстарынан басталатын
варианттар кездеседі. Көне түркі тілінде табыс септік жалғаулары мынадай
тұлғаларда кездеседіі 1.-ғ,-г,-ығ,-іг,-уғ,-үг. 2.-ы,-и. 3.-н,-ны,-ні. Қазақ тіліндегі
табыс жалғауы көне түркілік есімдіктерге жалғанатын табыс жалғауының
күрделенген түрі.
Қазіргі қазақ тіліндегі барыс септік тұлғасы -қа -ке, -ға, -ге, екенібелгілі.
Алайда көне түркі тілінде олардың бірнеше түрі болған. Олар мыналарі -ғару, -
геру, -қару, -керу -ру, -йа, -йе, -а,-е. Көне түркі тілінде жиі қолданылған-қа, -ке,
ға, -ге, -а, -е тұлғалары затты, нəрсені білдіретін сөздерге жалғанып, əрекет-
қимыл бағытталған, арналған затты, нəрсені білдіреді. Табғач қағанқа бағынды.
Қазіргі түркі тілдеріндегі жатыс жалғауларының варианттары да
тұлғасының айналасына топтасады. Жатыс жалғауы сыртқы тұлғалық жағынан
тарихқа белгілі ежелгі дəуірлерден біздің тілімізге көп өзгеріссіз жеткен.
Шығыс септік тұлғасы қазіргі қазақ тілінде үш түрлі вариантта (т\д\н)
айтылады. Шығыс септік жалғауының этимологиялық негізін зерттеушілердің
қайсысы даоның алғашқы бөлігі(да-н) жатыс жалғауы деп қарайды -н
қосымшасы істің бағытын білдіреді. Бұл жалғаудың негізгі мағыналарыі істің,
əрекеттің шығар көзін, іс-əрекеттің таралған ажыраған обьектісін білдіру.
Шығыс септік тұлғасының жатыс септікпен мəндес жұмсалуы, бұл екі
жалғаудың генезис бірлігіне байланысты болса керек.
Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде жоқ септік жалғауы -көмектес септігі.
Арнаулы грамматикалық тұлғасы бар көмектес септік қазақ тілінің ғана
ерекшелігі. Басқа түркі тілдерінде бұл септік жалғаудың қызметін біле (білен)
шылауы атқарады. Көне түркі тілінде қазақ тіліндегі-мен септік жалғауы мен
басқа түркі тілдеріндегі біле шылауының мəнін беретін арнайы жалғау -ын,-ін, -
н тұлғасы айтылған. -ын, -ін, -н тұлғасы мынадай негізгі мағы-налар туғызғані
42
іс-əрекеттің болып өткен жолын, орнын білдіреді. Ол йолын йорысар, унч
тідім. Ол жолмен жүрсе мүмкін дедім.
Көне түркі тілінде бірлестік, құралдық мəнде бірле сөзі де қолданылған.
М.Қашқари сөздігінде екі вариантта бірле, біле түрінде жазылған. Бірле
шылауының құрамындағы -р түсіп қалуы ХI ғасырға дейін болсы керек. Біле
шылауының -мен көмектес жалғауына жəне -мен (менен, пенен) шылау сөзіне
ажырауы халықтың ауызекі сөйлеу тілінің құрамында өткен процесс.
Достарыңызбен бөлісу: |