Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Есім сөз таптарының қалыптасу жүйесіндегі ерекшеліктерге сипаттама берің.
2.Зат есім категорияларының көне түркі тілінде көрінісі қандай болған
?
3.Көне түркі тілінде көптік мағына туғызудың қандай түрлері болған
?
4.Тəуелдік жалғауының қалыптасу тарихы туралы тіл білімінде қандай пікірлер
болды
?
5.Септік категориясының тарихын үйренуде сүйенетін негіз не
?
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1988.
2. Ғ.Мусабаев. Қазақ тілі тарихынан. Алматы, Мектеп, 1988.
3. Ғ.Айдаров, Ə.Құрышжанов., М.Томанов. Көне түркі жазба ескерткіштерінің
тілі. Алматы.1990
Сын есім. Сынды білдірудің лексика-грамматикалық
тəсілдерінің қалыптасуы
Жоспары:
1. Қазақ тіліндегі байырғы сын есімдер туралы.
2. Сын есім жасайтын аффикстер.
3.Сын есімнің шырай формалары тарихы.
Тірек сөздері Сын есімдердің дербес грамматикалық класс болып
қалыптасу жүйесі, байырғы сын есімдердің дамуындағы ерекшеліктер, сын
есімдер мен зат есімдердің бір-бірінен саралануы, сын есім жасайтын
аффикстер, сын есімнің шырай категориясының тарихы даму жолдары.
43
Сын есімдердің грамматикалық класс ретінде қалыптасуы зат есімдермен
байланысты құбылыс. Зат есімдер зат жайлы ұғыммен бірге сын, сапа
ұғымдарын да бойына жинаған грамматикалық класс болды. Тіл құрамында
алғаш рет сын, сапаны білдіргендер зат мағыналы сөздер. Ондай сөздер басқа
бір сондай сөздермен салыстырғанда белгілі бір затқа не заттар тобына тəн
қасиет пен белгіні айқынырақ, анығырақ білдіретін болады. Айталық қатты
нəрсені, затты таспен теңестіруден барыптас жер, жұмсақ жерді құммен
теңестіруден барып құм жер т.б. сөз тіркестері не анықтауыш қызметіндегі
сөздердің тобы қалыптасады. Қазақ тіліндегі ақ, қара, көк тəрізді сөздер сондай
жіктелістің нəтижесіі ақ əрі зат атауы, əрі түс атауы, көк -зат есім(аспан) əрі түс
атауы, қара зат есім, түстің атауы. Сын есімдердің дербес грамматикалық уласс
болып қалыптасуы лексикалық жəне синтаксистік қолданыс барысында болды.
Сын есімдердің арғы негізі есім синкретизмінен басталды, етістіктің есім
тұлғаларымен толықты. Соның нəтижесінде сын есім жасайтын біршама
аффиксация жүйесі қалыптасты. Соңғы құбылыстың шығуы сын есімдерді
морфологиялық жағынан ерекшеленетін грамматикалық класс деп қарауға
мүмкіндік берді. Қазақ тілінде байырғы түбір қалпындағы сын есімдер көп
емес. Байырғы сын есімдерді салыстыра қарағанда, олардың дамуындағы екі
түрлі ерекшелікті байқауға болады: 1. Кейбір сын есімдер əрі тура мəнде,
əрі заттық мəн береді. Қазіргі тіліміздегі көк, қара сөздері сондай. Мұндай
сөздердің көне дəуір ескертікіштерінде де осындай екі қилы қолданысы бар.
Түркі тілдеріндегі сын есімдер мен зат есімдердің бір-бірінен саралануы көне
дəуірде болған процесс.
Сын есімдер дамуының екінші бір ерекшелігі-байырғы түбірдің
мағыналық мəндерге ие болуы. Мысалы, көк сөзі. Көне түркі тілінде осы сөз
заттың түсі мағынасында екі түрлі мəнерді (синий, голубой) сонан соң аспан
мəнін білдірсе, кейін көк шөп мəнін де беретін болған.
Басқа сөз таптарынан сын есімге айналу процесі ескі кезеңнен басталған.
Ежелгі мұралар тілінде жас сөзі тек зат есім мəнінде жұмсалғані Йеті йегірме
йашыма танут тапа сүледім-Он жеті жасымда тануттарға шабуыл жасадым. Жас
44
сөзінің сын есім мағынасында жұмсалуы ХII-ХIII, ғасыр ескерткіштері тілінде
кездеседі.
Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаға бөлінбейтін, байырғы түбірлер
деп қаралатын сын есімдер негізінен басқа сөз таптарынан ауысқан, яғни
адьективтенген сөздер.
Қазіргі қазақ тілінде сын есім жасайтын аффикстердің едəуір тобы бар.
Есім түбірден сын есім жасайтын аффикстері -лығ, -ліг, -лық, -лік. Көне түркі
тілінде əрі зат есім,əрі сын есім жасаған қосымша. -лы, -лі осы -лық аффиксінің
ұяң дауыссызға аяқталған вариантының қысқарған түрі. Сөз соңындағы көне
түркілік ғ (г) не қатаңға айналып кетуі не түсіп қалуы мəлім құбылыс. -лық
варианты сол пішінде орнығып қалған да, -лығ варианты қысқарып -лы
пішініне түскен.
-қы, -кі, -ғы, -гі сын есім жасайтын бұл қосымша Орхон-Енисей
жазбаларынан бастап мезгіл мəнді жəне көлем кеңістік мəнді сөздерді сын
есімге айналдыратын морфологиялық тұлға есебінде белгіліі жазғы, қысқы,
бүгінгі, ертеңгі.
-сыз,-сіз Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, барлық белгілі ескеркіштер
тілінде есім түбірден сын есім жасайтын өнімді қосымшаі білігсіз қаған, атасыз,
көріксіз.
-ыз, -із. Көне түркі тілінде есім түбірден сын есім жасайтын осындай
аффикс болғані едіз (биік), бедіз (əдемі) йағыз (жауыз).
Етістіктен сын есім жасайтін аффикстер. Етістіктен сын есім жасайтын
қосымшалар тобына жатқызылып жүрген аффикстер о баста таза есім мəніндегі
сөздер жасамағаны айқын. Бір кездерде етістік түбірге қосылып есімше не
қимыл есімін жасаған аффикстер түбірмен бірігіп контекстік қолданылу
ыңғайымен бірде зат есім, бірде сын есім қызметінде қалыптасуы тоқталмаған
процесс.-қы,-кі аффиксі бұралқы, жинақы, күлдіргі, ойнақы т.б. сөздер
құрамында бар. Бұлардың алғашқы түбірлері етістік екені бұра, жина, күл, ойна
сөздерімен салыстыра қарағанда айқындалады. Сын есімдердің біразы -қ, -ық, -
ік, -к аффикстерімен келеді. Батық, жырық, арық, ашық, бұзық т.б. сын есімдер
45
бат, жыр, ар -ары, аш, бұз етістік түбірлері мен жоғарыдағы аффикстердің
бірігуінен қалыптасқан.
Сын есімдердің бір тобы -ын, -ін, -н аффиксті болып келеді. Бүтін, жатын,
жегін, ұзын т.б. Бұл сөздерді бүт, жат, жек, жегу, ұзақ сөздерімен салыстыру
арқылы олардың о баста құрама екендігін көрсетумен бірге, қимыл есім
стадиясын да бастан өткізгенін көрсетеді. Қазіргі қазақ тілінде -қыш аффиксті
сын есімдерде барі тапқыш, айтқыш, білгіш, көргіш, сезгіш, болжағыш,
жыртқыш т.б. Бұл фактілерге қарағанда-ғыш аффиксі етістік түбір білдіретін іс-
əрекет, қимылға іс иесінің-субьектінің ыңғайлылығын, икемділігін білдіретін
грамматикалық тəсіл. Көне түркі тілінде -қы, -кі, -ғы, -гі, -гу, -гү аффиксі қимыл
есімін жасаған. Мұндай қимыл есімдері бірде істі істейтін құралды, бірде істі
істеуші субьектіні білдірген. -қыш аффиксінің алдыңғы элементі -қы-қимыл
есім тұлғасы. Ал соңғы -ш іс-əрекеттің субьектіге қатыстылығын білдіретін
грамматикалық тəсіл.
Сын есімнің шыраймəні редупликация жолымен жəне сын есімдерге -рақ,-
лау аффикстері жалғану арқылы жəне сын есімдердің алдынан тіркес
айтылатын арнаулы сөздер арқылы беріледі. Орхон-Енисей жазбаларында
редупликация сондай-ақ, аффикстер арқылы шырай мəнін беру құбылысы
ұшырамайды. Ал кейінгі дəуірлерге қатысты ескерткіштер тілінен осы күнгі
белгілі осы күнгі тəсілдердің барлығы да қолданыс тапқан.
-рақ аффиксі көне түркілік ескерткіштер тілінде де негізгі сын есімдерге
қосылып сапа, сынның сылыстырмалы артықшылығын не бəсеңдігін білдірген.
Сапа-сынның əлсіздігін, бəсеңдігін көрсететін аффикстің бірі -ша -шеі семізше
толықша, ұзынша т.б. Кейбір сын есімдерге -дақ,-дек аффиксі жалғанып
сапаның бəсеңдігін толық еместігін білдіредіі жеңілтек т.б. -дақ аффиксімен
ұялас аффикстің бірі көбінесе фольклорлық шығармалар тілінде кездесетін,
қазір архаизмге айналып кеткен дайыні құлындайын, батырдайын т.б.
Көне түркі тілінде сын-сапаның артықшылығын, толықтылығын білдіру
үшін сын есімдер алдынан арнаулы күшейткіш сөздер тіркестіріліп айтылған.
Ондай сөздердің негізгілері мыналар: əн, ан (ен), анығ, йіг (ең), бедүк (өте) дүм
(тым, аса). Осы арнаулы күшейткіш сөздер арқылы сын есімнің интенсив
46
тұлғаларын жасау тəсілі қазақ тілінде əбден орнықты. Қазақ тілінде бұлардан
басқа жіті, аса, өте, ал, аса т.б. сөздер де күшейтпелі сын есіммəнін
туғызудыңтəсілі есебінде жұмсалады. Сонымен 1) қазіргі тілдегі түбір сын
есімдер тарихи тұрғыдан түбір мен қосымшаға ажырайды. 2) Есімдерден сын
есім жасайтын аффикстер тарихи тұрақты. 3)Сын есімдер мен зат есімдерге
ортақ болып келетін жұрнақтар тарихи жағынан қимыл есім тұлғалары.
Сұрақтар мен тапсырмлар:
1.Сын есімдердің зат есімдерден саралану жүйесі қай дəуірде болған
құбылыс
?
2.Байырғы сын есімдердің дамуында қандай ерекшеліктер болды
?
3.Қазіргі қазақ тілінде сын есім жасайтын жұрнақтардың көне түркі
тіліндегі қолданысы қандай болған
?
4. Сын есімнің шырай категориясының жасалу жолдарын тарихи тұрғыдан
түсіндіріп берің.
5. Сын есімдердің қалыптасу жүйесіндегі адьективация дегеніміз не
?
Сан есімнің қалыптасуы мен дамуы
Жоспары:
1.Қазақ тіліндегі байырғы сан есімдердің тарихы.
2.Ескі түркі тіліндегі санау жүйесінің ерекшелігі.
3.Сан есім жасайтын аффикстер.
Тірек сөздері Сан есімдердің тарихи қалыптасу, даму жүйесіндегі
ерекшеліктер, алтай тілдеріне ортақ сан есімдер, есептік сан есімдердің
қалыптасу тарихы туралы тіл біліміндегі пікірлер, сан есім жасайтын
жұрнақтардың көне түркі тіліндегі көріністері.
Тілімізде сан, санақ, мөлшер жайлы ұғымды білдіретін сөздер бірнеше
түрлі жəне олар құрамы жағынан да əр түрлі. Сөз таптарының ішінде бір-
бірінен өзгеше қалыптасқан, көпшілігінде бір-бірінен алшақ, сай түспей
жататын да осы сан есімдер. Рамстедт алтай тілдеріне ортақ сан есім деп төрт
сөзін көрсетеді. Алтай тілдерінде сөз таптарының басқа түрлері негізгі
грамматикалық категориялар ыңғайында бір-бірінен байланысып жататындығы
мəлім. Сан есімдер ыңғайындағы бұл ерекшелік халықтардың тарихи даму
47
барысында əр түрлі саяси-мəдени, экономикалық жағдайлардың негізінде ғана
пайда болуы мүмкін. Кейбір халықтар тілінде сан, санақ, мөлшерді білдіретін
сөздердіңжат тілдік элементтер негізінде қалыптасу фактілері де соны
дəлелдейді. Миллион, триллион, тəрізді сөздеркейінгі дəуірлерде батыс
тілдерінен келгендігі анық. Ежелгі түркі тілдерінде мұндай сөздер де, мұндай
ұғым да болған емес. Ал түмен сөзі (он мың) түркі тілінде қолданыс
тапқанымен, қазір қолданудан шығуға айналған сан есім. Зерттеушілердің
бірсыпырасы бұл о баста монғол сөзі болса керек дейтін жорамал да айтады.
Тіліміздегі
сан
есімдер
басқа
туыс
тілдер
материалдарымен
салыстырғанда, сондай-ақ ескі түркі тілі фактілерімен салыстырғанда, олардың
бəріне ортақ кейбір жайлар анықталады. Сан есімдердің көпшілігі өздерінің
қалыптасуы жағынан басқа сөз таптарымен (есімдер, етістіктер) тыыз
байланысты болып келеді.
Санау жүйесі жəне сонымен тығыз байланысты болып келетін есептік сан
есімдер тарихи тұрғыдан сан жайлы ұғымды білдіретін басқа сөздердің
алғашқы ізі тəрізді. Олай болатыны-қазіргі күрделі сандық ұғымдарды
білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің барлығы да осы сөздердің негізінде ғана
пайда болғандар. Орхон жəне Енисей бойларынан табылған тас жазуларда,
сондай-ақ одан кейінгі ғасырларға қатысты ұйғыр, араб жазуының
ескерткіштерінде көп қолданыс тапқан сан есімдердің қысқа тізімі мынадайі
бир, ики, уч, төрт, дөрт, бичи, бечи (бес), алты, йити, йети, секиз, тоқуз, он,
йегирми, отуз, қырқ, мин, бин (мың), түмен, алтмыш, елиг, йетмиш т.б.
Сан есімдердің негізгі тобы бірден онға дейінгі сандарды білдіретін сөздер.
Рамстедттің алтай тілдері фактілерін салыстыру арқылы топшылауларын
келтіре кетудің артықтығы жоқ. Ол мынадай ой айтады. Бір сан есімінің арғы
негізі бүрі «барлығы, бəрі» дейтін сөзі осы ретпен қазіргі қазақ тіліндегі бір сөзі
мен бəрі сөзінің арғытегі бір, бір ғана түбірдің екі түрлі дыбысталуы деп қарау
керек болады. Бұған мынадай негіз барі ерін дауыстыларының қысаң
дауыстыларға ауысуы түркі тілдерінің қалыптасу барысында кездесетін
құбылыс.
48
Екі сан есімінің арғы түбірі мағынасы көмескіленіп кеткен екі сөзі болу
керек жəне сол екінді сөзімен түбірлес деп қарайды. Екінді сөзі мынадай
элементтерге бөлінсе керекі ек-ін(қимыл есім тұлғасы)-ті. Бес сөзі қол
мағынасындағы білек сөзімен ұялас дейтін пікірді де басқа зерттеушілер
қолдайды. Алты, жеті сан есімдерінің арғы негізі ал жəне же байырғы
етістіктері болу керек. -ті генезистік жағынан қазіргі тілдерде жедел өткен шақ
жасайтын-ды қосымшасының ескі түркілік варианты. Алғашқы қалыптасу
дəуірінде алты сан есімі алынған, алынушы не бөлінген (саусақ) мағынасында
жұмсалғанда, жеті сөзі жейтін, ұстайтын (саусақ) мағынасында жұмсалса керек.
Тоғыз сан есімі дөкір саусақ, икемсіз саусақ мəнінен барып шыққан. Түркі
тілдерінде, сол сияқты алтай тілдерінің бірсыпырасында он сөзі кездеседі.
Бұндай кең жайылу сірə сөздің байырлығының дəлелі болса керек. Түркі
тілдерінің барлығында дерлік жиырмадан бастап ондықтарды білдіретін
сөздердің біразы тарихи тұрғыдан құранды болып келеді. Жиырма, алпыс,
жетпіс, сексен, тоқсан сөздері сондай. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға
боладыі бірліктерді білдіретін сөздер əр түрлі сөз таптарынан бөлініп
қалыптасқаннан кейін барып ондық атаулары шыққан.
Жиырма мəнін білдіретін сан есімнің түркі тілдерінде негізгі үш варианты
барі жиырма (йігірме) сары ұйғыр тіліндеі икки он (екі он), тува тілінде чээрби.
Сары ұйғыр тілінде сөйтіп жиырма мəнін аналитикалық тəсілмен жасалған сөз
тіркесі береді. Жиырма сөзі о баста екі-р-ма құрама бөліктерден қалыптасқан
деп қарауға болады.
Отыз сан есімін сыртқы тұлғасына қарап туынды түбір деп қарауға
болады. Бірақ қазіргі түркі тілдері материалдары негізінде мұны түсіндіріп беру
мүмкін емес.
Қырық сан есімінің этимологиясы да айқын емес. Академик Гордлевский
қырық жəне төрт сөздерінің арасында ешқандай ұқсастық жоқ екенін айта
келіп, қырық о баста жалпы көп, мөлшерсіз көп ұғымын берген болу керек те,
қырық сөзінің соңғы -қ элементі сондай көптік ұғымның көрсеткіші болуы
мүмкін деген жорамал жасайды.
49
Елу сан есімі көне ескерткіштер тілінде жəне қазіргі кейбір түркі
тілдерінде еллиг түрінде дыбысталады. Қазіргі қазақ тіліндегі елу сөзі соның
фонетикалық өзгеріске түскен варианты екені анық. Көне түркі жазба
ескерткіштерінде елліг сөзі қол жəне елу мəнінде жұмсалған.
Алпыс, жетпіс сан есімдерінің құранды сөздер екені айқын. Екеуінің де
құрамынан ал, жет жəне пыс элементтері айрылады. Ал жəне жет түбірлері
алты жəне жеті сөздерімен ұялас. -мыш элементі тілдің ескі дəуірінде он мəнін
берген сөз дейтін пікір басым. Күрделі сандардың жасалу тəсілдерін еске алсақ,
мұндай этимология шындыққа жақын. (сегіз он жəне алт-мыш).
Сексен, тоқсан сан есімдері сегіз он жəне тоғыз он сөздерінің өзара бірігіп,
фонетикалық өзгеріске түскен варианттары. Жүз сөзінің этимологиясын
түсіндіру мүмкін бола бермейді. Қазақ тіліндегі жүз (100) жəне жүз (бет),
сөздері бір сөз бе əлде бөлек пе- мұны ашып айту қиын. Қазіргі қолданысы мен
семантикасына қарай бұларды бір түбір деп айту мүмкін бола бермейді. Кейбір
фактілерге қарағанда, бір фонетикалық пішінде айтылатын бұл екі сөз
фонетикалық конвергенцияның нəтижесі (дыбыстардың өзгеруі арқылы бір
фонетикалық пішін алу) болуы да мүмкін. 1000 мəнін беретін сөз түркі
тілдерінің барлығында дерлік мың, биң. Көне түркі жазбалар тілінде осының
екеуі де кездеседі. Алайда осы сөз отыз, қырық, елу сөздері тəрізді осы мəнде
кейін қалыптасқан болу керек. Бұл ерекшелік санау тəсілінің дамуымен тығыз
байланысты.
Қазіргі түркі тілдерінде оннан бастап санау тəсілі санау басталған санға
келесі санды білдіретін сөзді тіркестіру арқылы жүреді, ал жүзден мыңға
дейінгі аралықта жүздіктің мөлшерін білдіретін бірлік(не жүздік), содан соң
жүздік айтылады. Көне мұралар тілін қарағанда, санақтың осы жүйесі ежелгі
болмаса керек. Орхон-Енисей жазбаларында оннан кейін жүретін санау жүйесі
мүлде басқа. Ол тілде оннан кейін қажетті бірлік, оған тіркес санап бара жатқан
ондық айтылады. Сонда 12- екі жиырма, 35- бес қырық, 46-алты елу түрінде
айтылады.
Көне түркі тілінде санаудың басқа да бір тəсілі болған. Əуелі ондықты
білдіретін сөз, оған тіркес артуқ сөзі, сонан соң қажетті бірлік айтылған.
50
Мысалыі қырық артуқ йеті- қырық артық жеті, отуз артуқ төрт, отуз артық бір
т.б. Алайда көне түркі тіліндегі санақ тəсілі жайында айтқанда, мынаны ескеру
қажет боладыі санақтың өзгеше тəсілі оннан жүзге дейінгі аралықта ғана
қолданылған. Ал жүздіктердің мөлшерін білдіруде осы күнгідей санау жүйесі
бар. Мысалы, йеті йүз ер болмыс-жеті жүз ер болды.
Қазіргі қазақ тіліндегі реттік санды білдіретін сөздерді жасайтын -ншы
аффиксінің прототипі сонау ежелгі жазбаларда ұшырасады. V-VIII ғасыр
жазбалары тілінде көбінше -нч түрінде ұшыраса, кейінгі дəуірлерге қатысты
жазбаларда оның ұзақ түрі -нчы ұшырасады. Сонымен қатар VIII ғасыр
жазбаларында екі сан есімінен реттік сан -нті аффиксімен жасалған(екінті).
Қазіргі қазақ тілінде жинақтық сан есім жасайтын қосымша -ау, -еу. Көне
түркі тілінде осы қызметте -ағу, -егу кейде -гуқосымшасы қолданылған. Егер
осы фактілерді еске алсақ, қазіргі тілдердегі -ау, -еу, қосымшасының
қалыптасуын мына жолмен түсіндіруге боладыі -ау, -еу, -ағу, -егу, екінші
сөзбен- ғ, -г дыбыстарының түсіп қалуы. V-VIII ғасырлық жазбалар тілінде
жинақтық сан есімдер тəуелдіктің III жағында ғана берілгені Табғач, оғуз,
қытан бу үчегу қабысар-Табғаш, оғыз, қытан бұл үшеуі қосылса.
Қазіргі қазақ тіліндегі болжал санды білдіретін бірер сөзікөне жазбалар
тілінде топтау мəнді сан есімін жасаған. Топтау сан есімдердің жасалуының
басқа тəсілдерінің қалыптасуы хронологиялық жағынан жаңа құбылыс. Бұған
дəлел-топтау сандарды білдіретін сөздердің есімдердің өзгеруіне ұқсас болып
келуіі үш-үштен, төрт-төрттен т.б. Болжалдық сандардың ең көне түрі екі-үш,
бес-алты тəрізді қос сөз тұлғаластары болса керек. Болжалдық сандардың басқа
түрлері кейін қалыптасқан.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Алтай тілдеріне ортақ сан есімдерге сипаттама берің.
2.Басқа тілдердің əсері арқылы қалыптасқан сан есімдерге қайсы сан есімдер
жатады
?
3.Байырғы сан есімдерге қайсы сандар жатқызылады
?
4.Есептік сан есімдердің қалыптасу жүйесі туралы қандай пікірлер бар
?
51
5. Сан есім жасайтын жұрнақтардың көне түркі тіліндегі қолданысына
сипаттама берің.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1.М.Томанов. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1988.
2. Ғ.Мусабаев. Қазақ тілі тарихынан. Алматы, 1988.
3. Х.Жұбанов. Исследование по казахскому языку. Алматы.
Есімдіктердің қалыптасу тарихы
Жоспары:
1. Жіктеу жəне сілтеу есімдіктерінің генезистік бірлігі.
2. Сұрау жəне өздік есімдіктерінің қалыптасуы.
3. Есімдіктердің септелу ерекшелігі.
Тірек сөздері Есімдіктердің қалыптасу жүйесіндегі басты ерекшеліктер,
жіктеу жəне сілтеу есімдіктерінің генезистік бірлігі, жіктеу есімдіктерінің
құрамындағы өзгерістер, сілтеу есімдіктерінің мағыналық топтары, сұрау
есімдіктеріне негіз болған сөздер, есімдіктердің септелу жүйесіндегі
ерекшеліктер туралы.
Түркі тілдеріндегі есімдіктер жайлы сөз болғанда ең алдымен, жіктеу,
сілтеу есімдіктерінің генезистік бірлігі айтылады. Бұл туралы пікірдің
тууынабірінші негізі жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің мағыналық
орайластығы. Мысалыі мен-мынау, сен-сонау, ол-ол, анау. Тіл құрамындағы
мағыналық орайластық əрқашан генезистік бірліктіңғана нəтижесі болады.
Жіктеу жіне сілтеу есімдіктерін өзара тығыз байланысты топтар деп қарауға
тағы да мынадай дəлелдер барі 1)III жақта жіктеу сілтеу есімдігі бір ғана
сөзбен- ол арқылы беріледі. 2) Ол сөзі жіктеулік мəнде болсын, сілтеулік мəнде
болсын септелген уақытта оның құрамында -н пайда болады.
Қазіргі қазақ тілінде жіктеу есімдіктеріне мыналар жатадыі мен, сен, ол,
біз, сіз. :шінші жақ жіктеу есімдігі жекешеге де көпшеге де ортақ. I-II жақтық
жіктеу есімдіктерді салыстырғанда, жалпы түркі тілдеріне ортақ м//б дыбыс
сəйкестігін көруге болады (мұнда, бұнда). Соған қоса, жіктеу есімдіктерінің
жекеше жəне көпше түрлерінің арасындағы айырмашылық тек қана соңғы -н
52
(жекеше), -з (көпше) элементтері екенін көреміз. Бұдан шығатын қорытынды
мен, сен есімдіктерінің құрамындағы -н о баста түбірдің құрамында болмаған
элемент дейтін пікір осы пікірді біз, сіз есімдіктерінің құрамындағы -з туралы
да айтуға болады. Бұл фактілерге қарағанда (манғол тілінде бі, чі, чуваш тілінде
эпе, эсе) мен, сен есімдіктерінің алғашқы тұлғасы ме, се болуы керек те, соңғы -
н кейін пайда болған элемент.
Жіктеу есімдіктерінің III-жағы болып табылатын ол сөзінде алдыңғы ізбен
о-л тəрізді құрама бөлшектерге бөлуге болады. Соңғы -л элементі осы
есімдіктің септелетін негізінде кездеспейдіі оның, оны т.б. Сілтеу есімдік
мəнінде жұмсалғанда ол сөзі тек о түрінде айтылуы да кездеседі. Түркі
тілдерінің бірсыпырасында мысалы, азербайжан, құмық, түрік, өзбек тілдерінде
III жақ жіктеу есімдігінде -л айтылмайды. Сонымен, ол есімдігінің арғы
бастапқы түбірі о деп қарауға толық негіз бар.
Біз, сіз есімдіктерінің құрамындағы -з элементі жайлы айтылып жүрген
пікірлерді екі топқа бөлуге болады. Зерттеушілердің біразы бұлардың алғашқы
түбірі бі, сі деп қарайды да, соңғы -з бір кезгі екілікті, қосақты білдіретін
қосымша деп қарайды. Мұнда біз сөзі бір кезде мен жəне сен дейтін мағынада
қолданылған болып шығады. Бірсыпыра зерттеушілер біз сөзінің осы
тұлғасының қалыптасуын мынадай схемемен түсіндіредіі бі-сі, біз, сі-сіз.
Алдыңғы пікірден айырмашылығы алдыңғылар -з екілікті білдірген қосымша
деп қараса, соңғылар екі сөздің бірігуінен, cоның салдарынан ілгері ықпал
заңдылығына сəйкес-с-ның -з-ға айналуы, соңғы қысаң дауыстының түсіп
қалып, бүкіл сөздің ықшамдалуы деп есептейді.
Н.К.Дмитриев түркі тілдеріндегі сілтеу есімдіктерін екі түрлі мағыналық
топқа жіктейді. Оның айтуында сілтеу есімдіктері алыстық пен жақындықты
білдіруде көлемдік жəне мезгілдік мəнде екі топқаі бұл жəне ол болып жіктеліп
отырады. Қазіргі түркі тілдерінің фактілері мынаны дəлелдейдіі ең алдымен
заттың көлемдік орналасуына қатысты болып келетін мағына сілтеу
есімдіктерінің алғашқы, байырғы қолданысы да, соның негізінде мезгілдік мəн,
заттың мезгілдік мəнде орналасуы шықса керек. Мысалыі бұл -қасында,
жанында тұрған, орналасқан зат, көрініп тұрған зат, ол- алыста, көрінбейтін,
53
бірақ бар екендігі анық зат. Осы екі түрлі сөз арқылы берілетін екі түрлі
мағыналық топодан əрі дамығанда мына тəріздес болса керекі бұл, мынау, осы,
осынау жəне ол, сол, сонау, анау. Мағыналық қолданысы жағынан осы екі
топтың əрқайсысы өз ішінде бір-бірімен орайласып жататыны рас. Бұл кісі,
мына бала, осы адам, осынау төбе тəрізді қолданыста есімдіктер бір-біріне
жақын, жалғас орналасқан адамды білдіретіні тəрізді, бұл уақыт, мына кез, осы
уақыт тəрізді тіркестер құрамында даолар бір-бірінен алшақ кетпейтін уақыт
кезеңдерін білдіреді. Сонымен сілтеу есімдіктерінің мағыналық екі тобы о
баста екі сөздің негізінде (бұл,ол) пайда болған. Ескі жазбалар тілінде сирек
болса да ан есімдігі кездеседі. Осы ан мен ана есімдіктері төркіндес. Ал ан о
баста шығу тегі жағынан ол есімдігінің фонетикалық варианты о/а. Осы ан
түбірі əне, əнекей сөздерінің құрамында да кездеседі. Сол сілтеу есімдігі нақ
осы тұлғасында қазақ тілінен басқа қарақалпақ ноғай тілдерінде ұшырасады.
Басқа түркі тілдерінде бұл есімдіктің фонетикалық сипаты мынадайі башқұрт,
татар тілдерінде -шул, қырғыз тілінде -ошол, ошо, түрікмен тілінде -шу, якут
тілінде -сити. Осы фактілерді салыстыра келгенде с дыбысымен айтылу
қыпшақ тобына тəн екендігін байқауға болады. Осы, осынау есімдіктері де ош
жəне о есімдігінің тіркесуінен қалыптасқан. Қырғыз тілінде бұл есімдік ушул,
ушу түрінде айтылса, башқұрт тілінде ошо түрінде айтылады. Радлов қазақ
тіліндегі осы сөзін ош+бу деп этимологиялаған.
Сұрау есімдіктерінің қазіргі тұлғалары тарихи тұрғыдан құранды. Орхон-
Енисей жазбаларында сұрау мəнінде қолданылған сөздер саны 2-3 тен аспайды.
Сұрау есімдіктерінің сан жағынан молайып, тұлғалық жағынан əрқилы бола
бастауы кейінгі дəуірлерде алғашқы түбірлердің күрделеніп, ұялас туынды
түбірлердің молаюымен тұстас болғандығы анық. Сұрау есімдіктерінің
құрамынының не біріккен, не түбір мен қосымшаның кірігуі арқылы
қалыптасуы соның нəтижесі.
Қазіргі түркі тілдерінде сұрау мəнінде қолданылатын есімдіктер негізінен
3 түбірдің айналасына топталадыі кім, не, қай (қан).
Сұрау есімдіктеріне негіз болған не, қай, кім түбірлері о баста есім болған.
Ондай жорамалға əлгі түбірлердің кейінгі барысында есім ұялас туынды сөздер
54
жасауға ғана емес, тұбір қалпында қолданысы да дəлел бола алады. Мысалыі
қай кісі, қай нəрсе, қай бір адам т.б. Қай түбірінің мұндай атрибуттық ыңғайда
дербес қолданылуы екі түрлі жағдайды аңғартадыі 1) түбір есім екендігі
байқалса, 2) тап осы қолданыс бұл түбірдің қатыстық мəнін көрсетеді. Сонда
қай есім түбірі о баста сұрау мəнін емес, қатыстық мəн берген. Нақ осындай
ерекшеліктіне, кім сөздері жайлы да айтуға болады. Не нəрсе, не іс жəне кім
тəрізді тіркестер құрамында бұлар да атрибуттық қызметте жұмсалып,
қатыстық мəн береді. Қай түбірі қазіргі қазақ тіліндегі қайда, қайдан, қанша,
қашан, қандай, қалай тəрізді сұрау есімдіктеріне негіз болған. Егер осы
түбірлерді байқап қарасақ, бірде байырғы түбір мен қосымшаның (қайда,
қайдан, қандай, қалай), кейде екі түбірдің бірігуін көреміз. Бірақ барлығына
ортақ түбір-қай (қан). Қай (қан) түбірінің есім сөз екендігін дəлелдейтін тағы
бір факт-оның септелуі, қайда жəне қайдан сұрау есімдіктері жатыс жəне
шығыс септік жалғауларымен есім түбірдің бірігуінен барып қалыптасқандығы
анық. Ал қайсы есімдігі есім түбір мен тəуелдік жалғаудың III жағының
бірігуінен қалыптасқан.
Көне түркі жазбалар тілінде кеңірек мағынада кездесетін не есімдігі де
қазіргі тілде бірқанша сұрау есімдіктерінің жасалуына өзек болған. Не есімдігі
о баста тек зат есім болғандығын оның септеулік тұлғаларының сұрау
есімдіктері есебінде қалыптасуы да дəлелдейді. Не сеімдігі ескі жазбалар
тілінде де басқа сөздермен тіркесіп сұрау мəнді тіркестер жасаған. VII-VIII
ғасыр жазбалары тілінде не үчун, не йірде, некуке тəрізді сұраулық тіркестер
кездеседі.
Өздік есімдігі деп аталатын топқа жататын бір ғана өз сөзі екені белгілі.
Зерттеушілердің қайсысы да өз сөзі о баста бүтін, түгел, бəрі, негізі дейтін мəн
берген деген пікірге ойысады. Сонда өз сөзінің тəуелдіктің үшінші жағында
айтылуы кейін пайда болған құбылыс деп танылуға тиіс. Көне түркілік
ескерткіштердің кейбірінде бұл сөздің айтылып отырған мəнде жəне тəуелдік
жалғауынсыз қолданылуы ұшырасадыі Өз ынча кергек болмыш-Өмір де өзінше
аяқталды. Қазақ тіліндегі өз-өзінен, өзі-өз болғалы, өзді-өзі, өз басы сияқты
тіркестер құрамынан да өз сөзінің алғашқы мəнін де, тұлғалық ерекшеліні де
55
байқауға болады. Өзі -өз болғалы, өз-өзімен тіркестері құрамындағы
қосымшасыз өз сөзі есімдіктен гөрі зат есім мағынасына жуық. Бұл фактілер
түркологияда кең тараған пікірдің дұрыстығын дəлелдей түседі.
Есімдіктердің қалыптасу тарихы жайлы əңгіме қозғағанда назар аударуды
қажет ететін жайдың бірі-есімдіктердің септелу ерекшеліктері. Қазіргі түркі
тілдеріндегі есімдіктердің септелу жүйесіндегі əркелкілік əсіресе барыс септік
жалғауының тұлғасына қатысты. Мысалыі башқұрт-миң-ə, татар-миң-а, ноғай-
ма-ға, қазақ-ма-ған. Барыс септікте есімдіктер септелуінің қазіргі түркі
тілдерінде ұшырасатын үш түрі (-ə, -а, -ға, -ған) осы келтірілген тілдер
фактілерімен айқындалады. Қазіргі түркі тілдерінде ұшырасатын есімдіктер
септелуінің осы үш түрі де көне түркілік жазбаларда бар.
Есімдіктер септелуінің тағы бір ерекшелігі -ілік тұлғасында кездеседі.
Тұбір мен қосымшаның жігін ажыратқанда, ілік септік жалғауының -ның əлде -
ың екендігін айыру қиын. Бұл сұраққа жауап беруде түркологтардың арасында
бір ізділік жоқ. Мысалы, Ф.Г.Исхаков менің дегенде ілік жалғауы -ің түрін
сақтаған десе, бірсыпыра зерттеушілер əсіресе қазақ тілі мамандары түбірдің
соңғы дыбысы -н мен қосымшаның басқы -н-ның қабаттасуынан барып
редукцияға ұшыраудан менің түрі қалыптасқан деп қарайды.
Есімдіктердің шығыс септік тұлғасының менен, сенен түрінде айтылуы
элизия құбылысының əсерінен болуы мүмкін. Ежелгі ескерткіштер тілінде
сендін, сентін, сеніңден, сеніңтен түрінде де ұшырасады. Кодекс-куманикуста
менден, сенден тұлғасында да кездеседі. Бұған қарағанда қазіргі қазақ тіліндегі
сенен, менен тұлғалары қосымшаның басқы н(д) дыбысының түсіп қалуының
нəтижесі.
Сонымен, қазіргі қазақ тіліндегі есімдіктер жүйесі өз бойына тілдің өте
ескі кезіндегі қалпы мен кейін пайда болған жаңа құбылыстарын түгелдей
сыйғызған категория. Есімдіктердің бұндай ерекшеліктері олардың түбір
қалпынан да, септелу парадигмасынан да айқын көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |