«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет37/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серинсы, Л’°2 (32),20Юж. 
«әлеуметтік диссонансты (кереғарлықты)» [5; 72-6.] көрсететін, коғамдық сананы 
қалыптастыратын қозғаушы күш бола тұра, тілдік бірліктердің қоғамдағы орны мен қызметін, 
әлеуметтану саласына қосар өзіндік үлесін сұрыптауға мүмкіндік беретін когнитивтік 
ұғымдардың бірі болып табылады, сол себепті «әлеуметтік танымды ішкі сәйкестіктері бар көп 
деңгейлі үрдіс» [6; 7-6.] ретінде қарастыру қажет. 
Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, ұлттық-мәдени дамудың жемісі болғандықтан, оның 
танымдык әрекеті де, бойындағы психологиялық өзгешеліктері де алуан түрлі әлеуметтік-
мәдени факторлардың ықпалымен түсіндіріледі. «Бүгінгі күні эмоцияны білдіру кезінде 
байқалатын ерекшеліктер тек биологиялық дамудың нәтижесі ретінде ғана емес, әртүрлі 
әлеуметтік топтардың, ұлттар мен кәсіпкерлердің байқатар өзіндік көрсеткіштері деп те 
танылуда. Әр жастағы балалар өз сезімдерін әртүрлі білдіреді, ол үшін әр басқа қимылдар мен 
сөздерді пайдаланады. Сол сияқты әркелкі тарихи кезеңдерде адамдар өз сезімдерін өзара 
ұқсамайтын дәрежелерде көрсетіп отырады... Сонымен қатар әр халықтың да өзіндік ұлттық 
ерекшеліктері қалыптаскан әдет-ғұрыптарында, дәстүрлі салттарында көрініс табады... » [7; 26-
28-66.J, - деп көрсетілгендей, физиологиялық жағынан біртекті болып келетін адам атаулының 
өзі алуан түрлі факторлардың ықпалымен әр келкі дамып, әр келкі қарым-қатынас жасайды
өзінің ішкі сезімдерін де әр басқа танытады. Сондай әсер етуші күштердің бірі - адам өмір 
сүретін қоғам мен сол қауымдыстық орнататын зандылықтар. Таным да осы аталған 
фактілердің ара-салмағымен өлшенеді, сондықтан жалпы танымдық тұжырымдамалардың 
қатарында когнитивтік әлеуметтану мәселелері де өз алдына оқшауланып тұрады. Когнитивтік 
әлеуметтану дегеніміз - жеке адамдар мен топтардың ойлау әрекетінде қалыптасатьш, орын 
алатын әлеуметтік ерекшеліктерді зерттейтін ғылым саласы. Бұл бағыттағы алғашқы еңбек 
1973 ж. А.Сикурелдің дайындауымен жарық көрген. 1997 ж. саясаттанушы Е.Зерубавел 
«Когнитивтік әлеуметтануға шақыру» атты жұмысында когнитивтік әлеуметтанудың 
синхронды негіздерін аныктау мақсатында төмендегідей мәселелердің зерттелу қажеттігін 
атады: 
• 
жеке тұлғалардың ойлау әрекетіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды 
түсіндіру; 
• 
әлеуметтік конвендияларға талдау жасау; 
• 
хабарды қабылдау барысында байқалатын әлеуметтік шарттарға назар аудару; 
• 
жеке субъективті мәселелерге қатысты анықталатын талғам үғымының 
анықтамасы, ерекшелігі; 
• 
мағына мен мазмұн ұғымдарының типологиялық және құрылымдық негіздерін 
құрайтын жіктеменің әлеуметтік негіздерін оқып үйрену; 
• 
аса құнды және қажет оқиғаларды, құбылыстарды не болмаса процестерді 
жадыңа сақтаудың әлеуметтік ұстанымдарын зерттеу; 
• 
уақыт, заман, қоғам мәселелерінің әлеуметтік даму шарттарын саралау [8; 1-6.]. 
Дәстүрлі әлеуметтану мәселелеріне қарағанда, оның таныммен сабақтасқан саласы жаңа 
ғылыми ұстанымдар мен ұғымдардың пәнаралық негізде қалыптасып дамуына әсер етті. 
«Әлеуметтік таным» астарында қоғам, тұлға, сана секілді үштік одақтың байланысы 
жатқандықтан, зерттеушілер жаңа танымдық әдістер мен бағыттарды қолдана отырып, 
когнитивтік ғылымның тағы бір маңызды да құнды деректанымдық жүйесін сұрыптады. Соның 
негізінде әлеуметтану когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, когнитивтік 
антропология, жасанды интеллект теориясы сияқты ғылым салаларымен бірлесе дами бастады. 
Оған Ч.Лумис, Р.Аксельрод, С.Московичи, Р.Будон сынды әлеуметтанушылардың еңбектері 
дәлел бола алады. Жүйелі ізденістердің нәтижесінде жаңа терминдер дүниеге келіп, 
әлеуметтану ғылымында кең қолданыс тапты, айталық: «когнитивизм», «социо-когнитивтік 
үрдіс», «когнитивтік талдау» және т.б. Танымдық бағыттың өзектелуі арқылы қоғамтанудың 
адам санасының қалыптасуымен, жады қызметінің қажеттілігімен, қоршаған орта, әлемнің 
тілдік бейнесі, қабылдау мен пайымдау сияқты ұғымдармен үйлесімді ұштасқан тұжырымдары 
айқындалды. Ғалымдар антропология негіздерін әлеуметтік қалыптасумен, экстратанымдық 
дамумен байланыстыра келе, адам санасында жүзеге асып отыратын процестерді бүтіннің 
бөлшектері, динамикалы өсудің нәтижесі деп қарастыру қажеттігін дәлелдеді. «Ұжымдық жады 
- әділдікке негізделген шарттардың қайнар көзі. Соның арқасында жеке тұлғаларға тән 
жадының құрылымдық, ұстанымдық өзгешеліктері негізделіп, өзіндік құндылықтары 
сұрыпталады» [9; 61-6.], - деп зерттеуші О.Т.Лойко айқындағандай, адамды қоршаған дүние, 
орта - барлығы оның жеке тұлғалық болмысын, аксиологиялық танымын, рухани өрісін 
қалыптастырады. Әлеуметтік жадының функционалды-прагматикалық, ұлттық-мәдени, табиғи 
мінездемесін зерттеген автор жадыда сақтау мен ұмытудың өзін өмір мен қоғам қажеттілігінен 
туындайтын фактор деп қарастырды. Мәселен, ұмыту сөзінің орыс тіліндегі баламасына талдау 
жасағанда, О.Т.Лойко, ең алдымен, сол сөздің дыбысталу ерекшелігіне мән берді: «забыть» 
және «за-бытия» деген мағыналардың негізінде жатқан «болмыс» сөзі бұл құбылыстың тек 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет