ТҮР МЕН ТҮС АТАУЛАРЫ - КҮРДЕЛІ ҚҰБЫЛЫС Р.К. Садықова - ҚазҰПУ-дың доценті Түр-түс атаулары, түр-түс символикасы - әрбір халықтың өзіндік феноменін
танытатын күрделі құбылыс. Осыған байланысты қазіргі кезде жедел дамып бара жатқан,
тілдердің қолданылуының когнитивті және прагматикалық факторларының зерттелуінің
аясында түр-түс атаулары да жиі қарастырылып келеді. Өйткені түр-түс атауларының
лингвистикасы «Тіл және ойлау», «Тіл және қоғам», «Әлемнің тілдік бейнесі» сияқты іргелі
проблемалардың жаңа қырларын таныта алады. Сонымен қатар түр-түс атаулары
мәдениетаралық коммуникацияда да ерекше манызға ие. Түр-түс атаулары этномәдени
жағынан барынша байлаулы (маркерлі). Түр-түс атаулары - мәдениеттің жемісі, әрі
мәдениетті жасайтын фактор; ұлттық мәдениетті танып-білудің негізгі құралы.
Зерттеушілердің бұл салаға қызығушылықпен қарауының басты себебі осында.
Сондықтан тілші-ғалымдар түр-түс атауларының барлық аспектілеріне назар аударып
келеді. Ғалымдарды төмендегі мәселелер ойландырады:
-
әрбір ұлтқа тән маңызды (когнитивті және прагматикалық тұрғыдан) түр-түс
атауларын ажырату;
-
түр-түс атауларына лингвистикалық парадигма ретінде қарап, зерттеу;
-
түр-түсті қабылдау мен оны атаудың универсалиялары;
-
лексикалық-семантикалық акпарат беретін компоненттерді зерделеу;
-
түр-түс атауларының семантикалық өрісінің корреляциясын анықтау;
-
түр-түс атауларын металл ретінде зерттеу;
-
әрбір халықтың түр-түс атауларының лингвомәдени ерекшеліктерін салыстырып,
кешенді түрде сипаттау және т.б.
Осы аталғандардың ішінде бірнеше аспект айрықша маңызды болып, қазірге дейін,
зерттеулердің көп болғандығына қарамастан, қызу пікірталас тудырып отырған
мәселелердің бірі - әрбір ұлтқа тән маңызды, ұлттық этносимволиканы білдіретін түр-түс
атауларын ажырату. Көптеген ғалымдар И.Гётенің жүйесін атап өтеді; ол барлық түр-түс
спектрін үш топқа бөлген: