Біріншіден, жаңа сөздер тікелей жасалған. Қытай тілінде ироглифтер өте көп, сөз
жасауға аса ыңғайлы. Адамдар жаңа заттар дүниеге келгеннен кейін, олардың ерекшелігіне,
сыйпатына негізделе отырып, мазмұн жағынан дәл жеткізетін ироглифтер арқылы жаңа
сөздер жасап отырады. Мысалы: (ерекше аймақ) деген сөзді қарап көрейік: 1980 жылы
мамырда, Қытай үкіметі Қытайдың оңтүстік шығысындағы теңіз жағалауына орналасқан
Шынжың, Жухай, Шиянту, Шиямин қатарлы төрт ірі қаланың орналасқан орны бойынша,
белгілі көлемдерін анықтап, экономиканы дамыту, дамыған елдерден озық техникаларды
енгізу, олардың басқару ерекшеліктерін үйрену мақсатына, ерекше жеңілдіктер
қарастырылып, еркін экономикалық аймақ саясатын жүргізе бастады, бұл кейіннен
қарапайым түрде ықшамдалып, «ерекше район » болып қалыптасып кетті. Тағы бір мысал,
Қытай үкіметі елдің жан санының қалыптан тыс көбеюін тежеу мақсатында, ер мен әйелдің
тұрмыс құру жас шамасын, перзент сүю мезгілін және олардың бір балалы болуын белгілі
үкімет тарапынан қадағалауды міндеттеді, жүктеді. Бұл саясат (жоспарлы туыт) деп аталды.
Осы саясаттың нәтижесінде өмір есігін ашқан, жас жұбайлардың жалпы ұрпағы (жалғыз
перзент) деген сөзбен көрсетілді.
Екіншіден, бұрыннан қолданыста бар сөздердің жаңаша түрленуі арқылы жасалған. Айталық, (үлкен қазандағы ас), бұл әсілінде бар сөз болып, үлкен қазанда
әзірленген тағамды білдіретін. Кейіннен жаңа саяси мән алу арқылы, әр бір адам үлесінің
тепе-теңдігін білдіретін болды. Қоғамда атқарған шаруаларының қандай болуына
қарамастан, сіңірген еңбегінін аз немесе көп болуын ескерместен жалпыға бірдей, тең үлес
беретін құбылысты (үлкен қазаннан ас ішу) деп атады. (Кішкентай патша) - деген сөздегі
кіші, кішкентай деген мағынаны, ал император, патша деген ұғымды білдіретін бұрыннан
қолданыста бар сөз. Алайда, жоғарыда айтқанымыздай Қытайдағы жоспарлы туыт
нәтижесінде, дүниеге келген әр отбасындағы жалғыз перзент, әке-шешесі мен ата-әжелерінің
шектен тыс қолпаштауы салдарынан, ақшаны бей-берекет шашатын, нені каласа соны
алатын, тәкаппар, өзімшіл болып өсе бастады. Міне осындай жағдайда есейіп келе жатқан
жалғыз баланы теңестіру арқылы (кішкентай патша) деп атайтын болды. Мұндай жаңа
сөздерді қазіргі кезде Қытай тілінен көптеп кездестіруге болады.