Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет102/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   155
Теодор Драйзер (1871-1945) өзін «қазіргі заман реализмнің өкілі» деп атаған. Драйзер ХХ ғасырдың америка әдебиетіндегі көрнекті реалисі болып табылады. Ол Марк Твен, Генри Фуллера, Фрэнк Норристың дәстүрін жалғас­тыра отырып, әлеуметтік-реалистік америкалық романның дамуына өз әсерін тигізді.
Драйзер Индиана штатында фабрика жұмыскерінің жанұясында дүниеге келген. Оның әкесі Германиядан Америкаға қоныс аударған неміс болған. Ал анасы чехиялық босқындар жанұясынан шыққан. Теодор жанұядағы он екінші бала болған. Табысты өмір іздеген Тео­дор­дың ата-анасы бір орыннан екінші орынға көшуге мәжбүр болады. Болашақ жазушы жүйелі білім ала алмай, орта мектепті бітірген соң оқытушысының көмегімен бір жыл бойы Блумингтондағы университетте лекция тыңдайды. Ол газет, киім таратушы, газет сатушы, ыдыс жуушы сияқты түрлі қызметтерді атқарады. Алайда бір жылдық студенттік өмірінде Толстоймен, философ-позитивист Спенсердің еңбектерімен танысады. Чикагоға барып, Драйзер бір газетте репортер болып қызмет атқарды. Осы қызметі барысында ол үлкен қала­лардың өмірі мен ондағы халықтың тұрмыс-тіршілігі жайлы өз ойын кеңейте түседі. Ол Кливлендте, Питсбург, Сент-Луис, Нью-Йоркта болады. 1899 ж. Америкада жарыққа шық­қан анықтамада Драйзердің есімі ақын-журналист ретінде көрсетіледі.
Драйзер өз еңбектерін «роман-карьера» формасында жазған. Осы жанрда жазылған шығармаларға жас қыздың актерлық өмірі жайлы баяндалған «Кэрри әпкей» романын, суретші мен өнердің тағдыры жайлы айтылатын «Данышпан» (1915) атты еңбегі мен бас кейіпкер өзінің қалауын барінен де жоғары қоятын «Қалау трилогиясы» (1912-1947) атты романын жатқызуға болады. Драйзердің ең атақты романы «Америкалық трагедия» (1925) да «роман-карьера» формасында жазылған.
Драйзердің шығармалары – орындалуы үлкен қайғы тудыратын «америка арманы» жайлы баяндама. Арман мен шындықтың арасындағы қарама-қайшылықтар оның «Америка­лық трагедия» романында шебер көрсетілген. Бұл романның кейіпкері жетістік туралы бос қиялдың артынан құр жүгіру адам үшін үлкен қауіп екеніне тағы да көз жеткізеді. Драйзер­дің дүниетанымы мен шығармашылғына Герберт Спенсердің әлеуметтік–дарвинизмі мен позитивизм философиясы өз әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет