Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет100/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   155
Хуан Гойтисоло 1931 жылы 5 қаңтарда Барселонада әдебиетшілер жанұя­сын­да дүние­ге келді. Оның үлкен ағасы Хосе Агустин ақын, ал кіші інісі Луис атақты прозаик болған. Хуан Барселона және Мадрид университеттерінде құқық саласында білім алады. 1950 жылдардың ортасынан бастап Парижде өмір сүрген.
Хуан Франко режиміне қарсы шыққандықтан Мареккешке, кейіннен Парижге қуылды. Оның аға-бауырлары да қуғын-сүргінге ұшырайды. 1969-1975 жылдар аралығында Гойтисоло Калифор­ния, Бостон, Нью-Йорк университеттерінде дәріс береді. Гойтисоло профессор ретінде ХІХ ғасыр дессиденті Хосе Мария Бланко Уайттың антологиясын баспаға дайындайды. Ол осы еңбегі арқылы Франко режимін өткір сынға алмақшы болады. Шетелде жүріп танымал болған испан зиялылыларының бірі Гойтисолоның шығармалары Элб Паис газетінде басылып тұрады. Бұл газетте ол Чечня мен Босния әскери корреспонденті болып қызмет атқарады. Гойтисоло Батыс өркениетін қатаң сынға алады.
Хуан Гойтисоло «Қол ептілігі» (1954) және «Жәннаттағы қайғы»(1955) романдарында өзін франкистік испандық ретінде көрсетіп, осы ойын «Ерекше белгілер» (1966) романында да жалғастырады.


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



  1. Испан әдебиетіндегі «алтын ғасырлар» мен кезеңдері.

  2. Испан әдебиетіндегі «98 жылдың ұрпақтары» жаңашылдығы мен өкілдері.

  3. Ортеги-и-Гасеттің философиялық ойлары.

  4. Термендизм ағымы, өкілдері, шығармалары.

  5. 50 жылдардағы әдебиеттегі өзгеріс. Гойтисоло шығармашылығы.

  6. Унамуно шығармашылығының негізгі тақырыбы, «интратарих» концепциясы



АҚШ әдебиеті

ХІХ ғ. соңында Америка тарихында батыс жерлерін басып алу үдерісі өз мәресіне жетеді. Испан-америка соғысы 1898-1899 жылы Пуэрто-Риконы АҚШ-тың басып алумен аяқталады. ХХ ғ. басында АҚШ фермалық мемлекеттен Чикаго, Нью-Йорк, Питсбург, Детройт сияқты индустрияланған орталықтары бар, техникалық жағынан жоғары дамыған мемлекетке айналады.


ХХ ғасырдың бірінші жартысында АҚШ әдебиеті қарқынды дами түседі. Америка әдебиетінде Теодор Драйзер, Синклер Льюис, Эрнест Хемингуэй, Уильм Фолкнер, Джон Стейнбек, драматург Юджин О’Нилл, новеллист Шервуд Андерсон, ақындар Роберт Фрост және Карл Сэндберг сияқты жарқын тұлғалар пайда болады.
Көптеген америкалық жазушылардың шығармашылығы әлемге танылып, үлкен жетіс­тікке ие болады. АҚШ әдебиеті 1910-1945 жылдары түрлі бағытта дамыды. Онда көбіне роман­тикалық дәстүр, критикалық реализм, модернистік ағым басым болды.
20-30 жылдары Америка Құрама Штаты Батыс елдерінің алдыңғы қатардағы мем­ле­кетіне айналады. 1929 жылы қазанда Нью-Йорктағы биржа төмендеп, елде жұмыссыз­дыққа әкеліп соқтырған үлкен дағдарыс басталады. «Ұлы депрессия» деп аталатын бұл кезең түрлі шерулер мен толқулар, жұмыссыздардың көтерілістері арқылы тарихта қалады. 30 жылдары елде әлеуметтік-саяси наразылық өрши түседі.
Халық наразылығы мен жұмысшылар қозғалысы пролетариаттық әдебиет­тің дамуына ықпал етіп, социалистік идеяны жақтаушылар пайда болады. Бұл Синклер Льюис, Шервуд Андерсон, Юджин О’ Нилл, Карл Сэндберг сынды жазушылардың шығармашылығында кө­рі­ніс тауып, 1935 ж. «Америка Құрама Штатындағы пролетариаттық әдебиет» антологиясы басылып шығады. Бұл антологияға Джон Дос Пассос, Эрскин Колдуэлл, Ленгстон Хьюэ, Криффорд Одет, әдеби критик Мальколн Каули сынды түрлі жанрда жазған 63 автордың екбектері енеді.
ХХ ғ. шығармаларында әрі қарай жалғасын тапқан АҚШ әдебиетіне сай «америкалық арман» тақырыбы айтарлықтай өзгеріске ұшырап, көптеген жазушы­лардың шығармаларында «америкалық трагедия» тақырыбына ауысады.
Америка басынан кешірген экономикалық дағдарыстың қараңғы түнегі Джон Стейнбектің (1902-1963) «Тышқандар мен адамдар жайлы» повесі (1937) мен жазушыға үлкен жетістік әкелген «Ашу оты» (1939) атты шығармаларында көрініс табады. Бұл романда жұмыс іздеп, Американы кесіп өткен Джоудтар­дың отбасы жайлы айтылады. Аталған шы­ғар­ма жазушының маусымдық жұмыскерлермен танысу барысында жинаған нақты мәлі­меттер негізінде жазылған. 1940 ж. Стейнбек өзінің «Ашу оты» романы үшін Пулитцеров сыйлығына ие болады.
20-30 жылдардағы әдебиетте жиі қозғалған негізгі тақырыптардың бірі соғыс тақырыбы болған. 20-ші жылдардағы Эрнест Хэмингуэйдың «Күн шығады» (1926) және «Қош бол, қару» (1929), Уильям Фолкнердің «Солдаттың жеңісі» (1926) мен «Сарторис» (1929), Дос Пассостың «Үш солдат» (1921) және «Манхэттен» (1925) атты шығармалары осы тақырыпқа арналған. 30-ші жылдары әдебиетке «Тамыздағы жарық» (1932) романының авторы Уильям Фолк­нер, «Бізде бұл мүмкін емес» (1935) атты шығарманы жазған Синклер Льюис пен «Бесінші колонна» (1938) пьесасының авторы Хэмингуэй сынды фашизмге қарсы күрес туралы жазатын жазушылар келеді.
Роберт Фрост, Карл Сэндберг, Ленгстон Хьюздің шығармашылығы ХХ ғасырдың бірін­ші жартысындағы Америка әдебиетінде әдеби сыншылар мен тарихшылардың «поэтикалық-Ренессанс» жайлы айтуына мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет