ГабриэльГарсиа Маркес (1928) латынамерика әдебиетінде маңызды орынға ие. Нобель сыйлығының иегері (1982), колумбиялық жазушы Оңтүстік Африкадағы өркениеттің қалыптасуының жалпы заңдылықтарын нақты тарихи деректер арқылы шебер көрсете білген. Автор кейін Колумбияның президенті болған (1819-1830) Симон Боливардың басшылығымен өткен тәуелсіздік үшін күрес туралы мәліметтердің жинақтап, ежелгі халықтардың наным-сенімдері мен Еуропа мәдениетін үйлестіріп, ұлттық ерекшеліктерді аша отырып өз халқының ұлы эпосын жасады. Жазушы нақты деректерге сүйене отырып, Латын Америкасын дүр сілкіндірген азамат соғысының қайғылы тұстарын баяндайды.
Жазушының туған жылы ереуілдерге шыққан жұмысшылардың қанды қырғыны болған кезбен тұспа тұс келеді. Ол Атлантика жағалауындағы Аракатака деген қалашықта әскери жанұяда дүниеге келген. Боготеда заң факультетінде оқып, баспасөзде жұмыс істейді. Корреспондент ретінде Рим және Париж қалаларында болады. 1957 ж. Халықаралық жастар мен студенттердің фестивалінде Мәскеуге сапар шегеді. 60-шы жылдардың бас кезінде Маркес Мексикада тұрақтайды.
Ең алғашқы туындыларын 20 жасында жариялай бастаған. Оның ең үздік жазылған шығармаларының бірі «Полковникке ешкім де жазбайды (1958)» атты дастаны үлкен жетістікке ие болады. Маркестің өзі оны әлі күнге дейін ең үздік шығарма деп есептейді. Бұл шығармада азамат соғысының батыры өзіне тағайындалған зейнетақысын 20 жыл бойына күтеді. Оның зейнетақы алу үшін жасаған еңбектері ақталмай, бұл күресте полковниктің саясы қарсыластар жеңіске жетеді. Полковник пен оның жұбайы үкіметке қарсы сөздер жазғаны үшін атылып кеткен баласының өліміне қайғырады. Бірақ сырқаттанған қарт баласының естеліктерімен және әділеттіліктің бір күні орнайтынына деген сеніммен өмір сүреді.
Дастанда бұл оқиға Колумбияның Макондо деген кішкентай қалашығында орын алады. Кейін автор 1967 жылы «Жалғыздықтың 100 күні» романын жазып шығарады. Егер «Полковникке ешкім жазбайды» атты шығармадан Э. Хемингуэйдің ықпалын байқасақ, «Жалғыздықтың 100 күні» романынан У. Фолкнердің әсерін көре аламыз. Онда оқиға Буэндиа және Хосе Аркадио негізін қалаған, әлемдік орталықтардан оқшауланған Макондо қалашығында өрбиді. Автор Макондода болған оқиғалардың басқа да жерлерде орын алатын жағдай екенін көрсетеді. Жақын екі ағайындының арасындағы бауырлық байланыстар болғанымен, Амарантаның ағасының жұбайына деген қатігездігі оны қылмыс жасауға итермелейді. Ал жанұя ошағының мықтылығы соншалықты, тіпті Хосе Аркадио мен Ребеканың арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсті. Олар отбасын құрып, ата-баба дәстүрін берік ұстанғандарын дәлелдейді.
Шығармадағы эпикалық кейіпкер бейнесінде полковник Аурелиано Буэндианы ерекше атап өтсек болады. Ақын, қарапайым зергер өз шеберханасын, сүйікті ісін тастап, соғыс майданына аттанады. Оған не себеп болды десек, оған бір ғана түсінік беріледі: тағдырдың жазғаны солай болған. Ол өзінің өмірдегі міндетін түсініп, оны жүзеге асырмақша болады.
Аурелиано Буэндиа өзін азаматтық және әскери басшы, кейіннен полковник деп жариялайды. Шынында ол нағыз полковник емес-ті, оның қол астында бар жоғы 20 жігіт болған. Маркес саясат пен соғыс туралы жазғанда фантастика мен гротеск тәсілдерінен бас тарпастан, саяси апаттарды бейнелеуде нақтылық пен шынайылыққа ұмтылады. Полковник Аурелиано Буэндиа бұл дастанда жан-жақты суреттеледі. Оның қызметкерлері мен айналасындағылар оны батыр деп санайды, ал анасы полковникті халқы мен жанұясын құрдымға кетіретін қанішер көреді. Қаншалықты батыл, әрі батыр болса да оның айтқан бір сөзі үшін полковниктің барлық балалары бір мезетте көз жұмады.
Ол либералдарды басқарып, кейіннен жақтастарының да өзінің жауларынан ешқандай айырмашылығы жоқтығын түсінеді. Барлығы тек билік үшін, жер үшін күреске шығады. Билікке қол жеткізіп, полковник Буэндиа өмірін мәңгілік жалғыз өткізуге мәжбүр болады. Ол бүкіл Латын Америкасын қамтитын төңкеріс жасауға ұмтылады. Маркес төңкеріс оқиғаларын тек бір ғана қалашықпен шектейді, онда түкке тұрғысыз нәрсе үшін көрші өз көршісін, ағасы інісін өлтіруге деін дайын. Маркестің ойынша, азаматтық соғыс -ағайындылардың бір-бірін өлтіру.