Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет147/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   155
Надер Ибраһим (1936) өз шығармаларында жануарлар мен заттарға жан беріп, оларды адам кейпіне енгізеді. Оның «Ханевадейе бозорг» («Үлкен отбасы»), «Дошнам» («Жәбір­леу»), «Кабутаре чахи бе ханеат баргярд» («Сұр көгершін, үйге қайт!») атты әңгімелеріндегі кейіпкерлерге пессимистік көңіл-күй тән. Олардың барлығы да өмірден түңілген, уайымға салынып, тығырыққа тірелген жандар.
Осындай сенімсіздік пен пессимистік көңіл-күй сол дәуірдегі Эпрама Шахиди, Аббас Хаким, Иража Пезешкния, Ахмад Шамлу, Голамхұсейн Гариб сынды жазушылардың шығар­машылығына да тән. Жәләл Але-Ахмад, Бахрама Садеки, Голамхұсейн Саэди, Бехазин сияқты көрнекті жазушылар құндылықтарды қайта қарастырып, рухани тоқыраудан шығу жол­дарын іздестіріп, дамушы күштің кемшілік тұстарын түсінуге тырысып, даму арқылы өздерінің ұстанымын анықтауға ұмтылады. Садеки өзінің сатирасына сенімділік артса, Саэди әлеуметтік-психололгиялық анализге сүйенеді.
Талантты новеллист-жазушы Жәләл Але-Ахмад (1923-1969) реакция жылдары «Батысқа табынудың» себептері мен салдары туралы жазылған мақалалардан тұратын өзінің «Гарб­за­деги» атты кітабын жарыққа шығарады. Оның 1954 жылдан кейін жарыққа шыққан шығар­маларынан автордың саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенділік танытқанын көруге болады. Жәләл Але-Ахмад - жалпы парсы прозасының дамуына зор үлесін қосқан алдыңғы қатарлы жазушылардың бірі.
Осы кезеңде әдебиетте орын алған маңызды құбылыстардың бірі ретінде ХХ ғ. парсы әдебиетіндегі көркем прозаның реалистік бағытының негізін қалаған Мұхаммад Әли Жәмәл-заде мен С. Хедаятпен бір қатарда тұратын С.Чубактың шығармашылығын ерекше атап өтсек болады.
Садек Чубак «адам қандай жағдай болмасын, әрқашан адам болып қалу керек» деген ұста­нымға келіп, өз шығармаларында екіжүзділік пен оңбаған­дық­ты, жауыздық пен пасық­тық­ты өткір сынға алады. Ол өзінің «Хейме шаббази» («Қуыршақ театры») жинағына енген «Пирахане зерешки» («Жағымды көйлек»), «Зире чераге гермез» («Қызыл шамның ас­тын­да») атты новелла­ла­рында кейіпкерлердің жан дүниесін шебер көрсете білген. «Қызыл шам­ның астында» атты әңгімеде Аффак пен Жейран есімді жезөкше қыздардың өздерінің лас жұмысына қарамастан, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпағаны туралы айтылса, ал келесі әңгі­месінде мәйіт жуатын екі әйелдің барлық құндылықтардан аттап, жыртқыш, жабайы аңдар кейіпіне еніп, қабірлерді ашып, мәйіттердің киімін шешіп, алтын тістерін қағып ала­ты­ны туралы айтылады. Жазушы осы арқылы қоғамда басын көтеріп, батылдық танытпайын, тіп­ті өлілер секілді еш әрекет етпейтін адамдарды және аталмыш екі әйел сияқты олардың мойнына отырып, шектен шығып, адамгершіліктен айырылған жауыздарды көрсетпек бола­ды. Шығарманың соңында автор өмірді өзгертуге дәрменсіз екенін көрсетіп, қайғыға батады.
Садек Чубактың «Санге сабур» - «Сабыр тасы» атты романы Иран сыншылары тара­пынан үлкен талқылаға түседі. Бұл туындыны жазушының жиырма жылдық шығармашылық өмірінің қорытындысы ретінде қарастыруға болады. Романда әлеуметтік жағдайы өте нашар адамдардың өмірі бүге-шүгесіне дейін асқан шеберлікпен суреттелген. Осы тұрғысынан бұл роман М.Горькийдің шығармаларына жақын келеді. Романдағы оқиға 30 жылдардың орта­сын­да Ширазда өтеді. Романның жазылуына сол кезде Ширазда орын алған доктор Сейвул­кәлам­ның сот процесі әсер етеді. Доктор жезөкшелікпен айналы­са­тындарды, мерез аруына шалдыққандарды жою арқылы қоғамды тазарту теориясын іске асырады, осы мақсатпен өзі күдік­тенген адамдарды өлтіріп, мәйіттерді үйінің астында жасырады. Сейфулкәламның бей­несі 20 жылдары еуропалық және солтүстік америкалық прозада жиі кездесетін теоретик-кісі өлтіруші жауыздарды еске түсіреді.
Романда оқиға басты бес кейіпкер өмір сүретін ескі үйде өтеді. Олардың әрқайсысы өз­дері куә болған оқиғаларды кезекпен баяндайды. Баяндаудың түрі – ішкі монолог. Чубак түр­лі әдеби тәсілдер мен мифологияны қолдану арқылы өткен патшалардың әділеттілігі пен төзімділігін жеткізеді.
Қарастырып отырған кезеңдегі парсы жазушыларының шығармаларында филосо­фия­лық ой-толғаныстар басты орын алады. Елде орын алған түрлі жағдайлар адамдардың сана-сезіміне, өмірлік ұстанымына өз әсерін тигізбей қоймайды. Батыс және Шығыс әдебиетінде әлі күнге дейін өзекті болып отырған мәселелердің бірі адамзаттың рухани азғындалуы болып табылады. Осындай мәселе қозғалған шығармаларда кейіпкер мына кең әлемде жал­ғыз­­дыққа ұшырап, рухани тыныштығын жоғалтып, адам сенгісіз әрекеттер жасап, өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады. Бұл көптеген иран жазушыларына тән экзистенциализмнің негізгі сипаттары болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет