28. Барыс септік жалғауы кейде қай септіктің жалғауымен синонимдес болады? А) Ілік септік;
В) Табыс септік;
С) Жатыс септік;
Д) Шығыс септік;
Е) Көмектес септік.
29. Метонимия құбылысы арқылы жасалып тұрған сөйлеу тілін табыңыз? А) Өзің бір түлкі екенсің?
В) Үйіңде қанша жан бар?
С) Төрт-бес тұяғымыз бар;
Д) Аудитория тынышталды;
Е) Дүниенің кілті.
30. Сөйлеу тілі лексикасы дегеніміз ? А) Белгілі мемлекеттегі заң, сот және оқу мен ресми кеңсе қызметінде қолданылатын сөздердің жиынтығы;
В) Қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын сөздердің жиынтығы;
С) Адамдардың күнделікті қарым-қатынастағы үйреншікті жағдайда қолданатын, сөйлеу тіліне, яғни әдеби тілдің ауызша түріне тән сөздердің жиынтығы;
Д) Көркем шығармадағы сөздердің жиынтығы;
Е) Ғылыми негізде жасалатын өзіндік қалыптасу принциптері бар, стильдік өңі ерекше сөздердің жиынтығы
2-нұсқа 1. Проф. Қ.Жұмалиевтің стильге қатысты еңбегі қалай аталады? А) «Тіл қисыны»;
B) «Тіл тағылымы»;
C) «Тіл құрал»;
Д) «Әдебиеттанытқыш»;
E) «Стиль – өнер ерекшелігі».
2. Форма дегеніміз? А) Адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстар;
В) Тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің сыртқы көрінісі;
С) Өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі;
Д) Жағдайға байланысты сөйлеу мәнері;
Е) Тіл құрылымдарының жәрдемімен болатын сөйлеудің ішкі мазмұны.
3. Ресми стиль ? A) Заң, үкімет органдарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, үкімет хабарлары;
B) Ресми қатынастар аясында қызмет ететін функциональдық стильдердің бірі;
C) Қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің бірі;
Д) Проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі;
E) Күнделікті қарым-қатынаста пайдаланатын әдеби тілдің бір түрі.