Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет59/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68
18. Айшықтаудың троптан айырмашылығы :
А. Мағынаның трансформациялануы;
В. Логика заңдарына сүйенуі;
С. Синтаксистік құрылымдардың трансформациялануы;
Д. Сөз мағынасының өзгеруі;
Е. Аталғандардың барлығы .


19. Синтаксистік синонимия дегеніміз:
А. Синоним сөздерінің қатары;
В. Синонимдік тізбектер;
С. Фразеологизмдердің сининимдік қатары;
Д. Тіл арқылы берілген шындық өмірдің сан алуан факторларының түрліше реңктерінің синтаксистік құралдар арқылы дәл берудегі тілдің мүмкіндігі;
Е. Тіл арқылы берілген ойдың кқрінісі;


20. Мәтін дегеніміз:
А. Ортақ мағына бойынша тұтасқан сөздердің тобы;
В. Ортақ мағына бойынша тұтасқан сөйлемдерінің тобы;
С. Ортақ мағына бойынша тұтасқан сөз тіркестерінің тобы;
Д. Ортақ мағына бойынша тұтасқан екі жай сөйлемнің жиынтығы;
Е. Ортақ мағына бойынша тұтасқан құрмалас сөйлемдердің жиынтығы;
Қосымша материалдар


1-тапсырма. Көркем мәтіннен кейіпкер тіліндегі диалектілік бірліктердің қолданысына назар аударыңыз, стильдік қызметін ашып көрсетіңіз.
Дәт ақсақал:
– Бөтен жақтың аты-жҿніңді білмес, ажарыңды танымас адамымен кәйтіп саудаласып, қол соғысып жүресін, Мағаш шырақ. Жасың кіші інім екен екенсің, Абайдың баласына базардан ат іздетіп жүрмей-ақ қоялық. Бұ яқтағы ел де Абайдың елі. Жатын емес, жақының. Аттың орайын Әбсәметтің үйіне барып табамыз. Жүрелі!
Жамбыл Мағаш бәйгіге қосқан Торжорғаға сүйсініп:
– Табанынан жарылған жануар-ай! – деп екі қолын жұдырығын түйе созып көрсетіп. – Айызыңды қандырды-ау! Алматының төресі мен қарасы, шоқы мен шорасы сүйсінгеннен таңдай қақты. Шұлғып қалды ғой мүлдем. Атама, әкем тегі. Әмісе жолың боғай-ақ та. Жақсы ағаның баласы екесің. Атаң да жақсы, атың да жақсы босын десем, десемдей екесің, Мағаш мырза! (М.Әуезов).


2-тапсырма. Төмендегі мәтіндердің функционалды стильдердің қай түріне жататындығын анықтаңыз. Тілдік-стильдік ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.
Анталияда айтылмаған мәселе қалмады. Ендігісі - істе! Бүкіл ҽлем халықтарының жаһандану ағынынан аман қалуы үшін ықпалдастық тіршілік етуге көшпелі көк түріктің төрткүл дүниеге тарап кеткен ұрпақтары да бір-бірін іздей бастады. Бұл құбылыс әсіресе бұрынғы Кеңес одағы ыдырап, әлемнің саяси картасында Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан жҽне Өзбекстан секілді тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттер пайда болғаннан кейінгі кезеңде анық бой кҿрсетіп, оның негізгі ұйытқысы да Түркия болған еді. 1992- жылы түркі тілдес мемлекеттер басшыларының алғашқы саммитін өткізген Түркия содан бері шама-шарқынша түркі әлемінің басын біріктіруші факторын атқаруға тырысып келеді (Газеттен).
Тал-теректің сарғая бастаған жапырақтарын тозаң тұтқан. Күз де болса күн ыссы. Көбелектердің өзі ыстықтан ыңқылдап, шөп басында әрең отыр. Жолда келе жатқан адамдардан сескеніп жалбаң етіп үркіп ұшса да, лезде жалп етіп барып қайта қонады. Тек қарлығаштар ғана ащы күнді елең қылмай кҿнетоздау бола бастаған көгілдір аспанда қайқаңдап ұшып, қалықтап жүр. ...Аспанда ұзақ қарғалар күннің көзін көрсетпей, қарақұрымдай қаптап, жылы жаққа кҿшіп барады. Суық күз түсіп келе жатыр. Аспараның басын сіреспе сұрғылт бұлттар жиі-жиі торлайтын болды...(Ш.Мұртаза).
Мәтін өздігінен тек қана сөйлемдердің жиынтығы ғана емес, ол белгілі бір мағына мен құрылымға ие болған күрделі тұлға ретінде қаралады. Мҽтін белгілі бір логикалық, грамматикалық, мағыналық байланыстарға негізделіп, дҽл мазмұн беретін біртұтас қарым-қатынас құралының бірі. Соған сҽйкес, мәтіннің ішкі жҽне сыртқы құрылысын, оның ерекшеліктерін, белгілі бір кеңістік пен уақыт шеңберінде өмір сүру заңдылықтарын анықтау тіл білімінің басты міндеттерінің бірі (Ғылыми еңбектен).
Еңбекке жарамсыз деп табылған жағдайда сақтандыру сомасы тҿленеді. Кепілдікке алынған мерзімде тауардан қандай да бір ақаулар табылған жағдайда Орындаушы оны келісімде көрсетілген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда жөндеуі немесе басқа тауарға ауыстырып беруі тиіс. Осы талапқа жазбаша түрде толықтырулар мен ҿзгерістер енгізілген екі жақты келісімге қол қойған жағдайда дұрыс болып есептеледі (Құжаттан).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет