Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті Филология институты Қазақ әдебиеті кафедрасы
СӨЖ Тақырыбы: Орман және дала өрттері
107-топ Қуатжан Қалқажан
Құттыбай Ақнұр
Алматы, 2023 жыл
Тақырыбы:Орман және дала өрттері
Жоспар: 1.Өрт-аса қатерлі жау
2.Өртке негіз болатын оқиғалар
3. Орманда өрттің таралуын болдырмайтын негізгі элемент
4.Қорытынды
1.Өрт-аса қатерлі жау. Өрт – аса қатерлі жау. Сондықтан да, бұған бей-жай қарауға болмайды. Айтып келмейтін апаттардан сақтану да күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі. Сондықтан, қай кезде де тілсіз жауға тосқауыл қажет. Күннің күрт ысуына байланысты табиғи өрттердің орын алу қаупі арта түседі. Аптапта ыстық пен қуаңшылық кезңінде ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңызы өте зор. өрттердің көбі орман қорына көршілес орналасқан шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы ұйымдарына тиесілі шабындықтарда өсімдік қалдықтарын жағу салдарына болады. Сондай-ақ, табиғат аясында демалушылар мен тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы да орын толмас оқиғаларға ұрындырады. Өрттің де, судың да артында адамның тағдыры тұр. Әсіресе жаз мезгілінде дала ыстықтан күннен-күнге күйіп барады. Қуаңшылық орын алған жерде өрттің өршитіні бесенеден белгілі. Шөптердің жануына далада жатқан шыны, сынық әйнектердің қызуы, жол бойында автокөліктерден лақтырып кеткен өшірілмеген темекі тұқылдары, найзағай, шөп ору жұмыстарына қатыстырылатын тракторлар мен агрегаттардың жарамды шоқ өшіргішпен жабдықталмауы себеп болуы ықтимал.Қас-қағым сәтте қалың орманның өзін күлге айналдырып жіберетін өртпен, жазым болса тұңғиығына тартып кететін судың да адам үшін қаупі басым. «Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі» ережесіне сәйкес, жас ағаштар, кесілген ағаш қалдықтары мен дайындалған кеспе ағаштар, шөбі қурап қалған жерлер маңайында от жағуға тыйым салынады. Орманды өрттен қорғау - әрбір адамның міндеті.Ормандар планетамыздың континенттік кеңістігіндегі барлық жануарлар мен өсімдіктер қауымдастығы үшін тұрақты жағдайды қамтамасыз етеді. Кішкентай өрт диаммоний фосфаты, аммоний сульфаты және т.б. сияқты химиялық заттарды қолданып су бүрку арқылы сөндіріледі. Орман өрті ағаштың басын өртеп жібереді, бұтақтары мен жапырақтары өртенеді. Өрт желдің бағыты мен күшіне қарай сағатына 5-тен 25 шақырымға дейін жылдамдықпен таралады. Жер асты өрті кезінде топырақ арасындағы өсімдік шырыны мен шымтезек жанып кетеді, ал жалын жиі сөнбейді, бірақ жанып кетеді. Мұндай өртті сөндіру үшін өртенген жердің айналасында судың тереңдігіне дейін ені 1 м траншея қазылады. Қазақстанда Ертіс пен Обь өзендерінің аралығындағы далалық аймақта орналасқан қарағайлы белдеуде жаңбырлы жылдары да өрттер орын алады. Бұл жерлерде ауа райының құрғақ болуына байланысты өрт кезеңінің орташа ұзақтығы 180 күннен асады. Орман өрттерін сөндіру үшін өзен, жыралар, батпақты жолдар сияқты табиғи кедергілер, арнайы жасалған орман аралық ағашсыз жолақтар қолданылады. Оны да келе жатқан от тоқтатады. Жоғарыдан су мен химиялық заттарды күшті зениттік ұшақтар мен тікұшақтар шашады.