Филология институты



бет3/3
Дата03.10.2022
өлшемі21,54 Kb.
#41169
1   2   3
Байланысты:
Үйлену фольклоры сөж1

«Баста» десең бұл тойды мен қашпайын,
Алқа моншақ артыма тең тастайын.
Бес-алтау жел сөзбенен әуен айтып,
«Құтты болсын тойыңыз», – деп бастайын!
Той бастаушы той бастаудың оңай шаруа еместігін айтып, жол-жөнекей былайша өзін де мақтап өтеді:


Сұрасаң арғы атамды қол бастаған,
Ақ серке алшақ мүйіз қой бастаған.
Құтты болсын тойыңыз, той иесі,
Болып па, қолдан қиын той бастаған!
Сонымен қатар той жасаған адамды мақтап, ол кісіден сыйлық алмақ ойы барын былайша білдірген:


Белгісі той қылғанның отау жабар,
Қиқу сап жас балалар атқа шабар.
Той қылған қыз әкесі мырза болса,
Жігітке той бастаған шапан жабар.
Тойбастар әнінде той оқиғасына байланысып айтылатын жолдар да бар. Мәселен: «Сәрсенбі сәтті күні той жасапсыз, тойыңыз тойға ұлассын берекелі», «Сәрсенбінің сәтінде той жасапсыз, құтты болсын тойыңыз, той қылған үй», «екеу боп бір балаңыз шаттанасың, тойыңыз құтты болсын, қыз атасы», т.б. Той соңында айтылған әнді «Той тарқатар» дейді.
Тойбастар әнінің арнайы әні болмайды. Халық әндерінің біріне салып немесе қара сөз күйінше орындайды. Қазіргі тойларда айтылып жүрген «Тойбастар» әндері тоймен еш байланысы жоқ. Той төріне шығып, жаттанды бір әнді орындап шығады. Ән тойға, той иесіне, үйленіп жатқан жастарға қатысты мазмұнда болса, нұр үстіне нұр болар еді. Сонда тойдың көркі ашылып, әннің мазмұны мен әуені үндестік табады. Дәл бүгінгі таңда ескі халық әндерінің әуендері мен мәтіндері ұмытылып бара жатыр. Тойбастар әндерін осы ұмытылып бара жатқан ән үлгілері арқылы жаңалап, тойларда орындаса, ескіміз қайта жаңғырары сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет