Филология және көптілді білім беру институты
Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
«7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
Ж.Баласағұнның «Құдатқу білік» еңбегі дүниеге келген орта және қоғамдық-әлеуметтік мәні.
1-курс, 2-топ студенті
Әбдірахманова Бұлбұл Әнуарбекқызы
2021-2022 оқу жылы
Талдау нысаны етіп алатын мәселелер:
1. Ж.Баласағұнның өмір сүрген ортасы мен өмірлік мақсаты жайында қысқаша баяндау;
2. Ойшылдың көтерген қоғамдық мәселелерін анықтап, әлеуметтік мәнін бүгінгі күнмен байланыстыра талдау;
3. Осы еңбектен алынған цитаталарды қандай жағдаятта қолданатындарыңызға тұыжырым жасау;
Жауаптар:
1. Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Өкінішке орай Жүсіп Баласағұнидің өмірі жайында мәліметтер мардымсыз. Ол Қыз-Орду атымен белгілі Баласағұн қаласында шамамен 1018 жылдары туылған деп саналып жүр. Махмұт Қашғари сияқты Түркістандағы сыйлы отбасынан шықса керек. Себебі дүниетанымы оның балалық шағында жақсы білім алғанын көрсетеді. Ол дәуірде мұндай мүмкіндік екінің бірінде жоқ еді. Білімімен ерекшеленіп, айналасының оған сый-құрмет көрсеткені сезіліп тұрады.
Ұлы ойшыл Отырар, Шаш, Тараз, Шу жазығы, Ыстықкөл, Ферғана, Қашғар шаһарларында өркен жайған мәдени ортадан шыққан еді. Білімді Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қалаларында алады. Араб, парсы тілдерінде еркін сөйлейді. Сонымен қатар өзі туған түркі дүниесі халқының салттарының әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін жақсы біледі, бұл оның рухани өміріне тереңдей енген.
Жүсіп Баласағұни өз заманында алуға болатын барлық білімді алуға тырысқан. Замандасы Фарабидің туындыларын оқып, оның пікірлерімен танысқан.Оның туындыларында білім- өмірдің мәні және қоғамның мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі.
Ж.Баласағұнидің шыққан тегі және ортасы туралы Х.Сүйіншәлиевтің келтірген мынадай дерегі бар: «Жүсіптің әкесі де өнер иесі, күйші-музыкант екен. Ол да Қарахан мемлекетінің қожасы Боғраханға (толық аты Табғач Бұғра Қарахан Әбу-Әлі Хасан) қызмет еткен. Ел аңызының айтуынша, ол Боғраханның аталарының бірі Хұсайын дегенге арнап, «Дәрди Хұсайын» («Құсайынның дерті») деген күй шығарған белгілі қобызшы болыпты. Жүсіп осы талантты өнерпаз әкесінің тәлімін алып өскен. Жасынан зерделілігімен кӛзге түсіп, сарай қожаларының кӛңілін аударған. Шығыс Түркістан, Қашқар, Баласағұн, Жетісу ӛлкелерін билеп тұрған Боғрахан (1012 ж. өлген) Жүсіптен зор үмітті боп, оны баулыған. Жүсіп кезіндегі атақты білім ордаларында болып, кӛп тілдерді үйреніп, тез жетілген. Әділет жолын іздеп, алас ұрған жігерлі жас әдебиет пен ғылым салаларын жете меңгерген. Жүсіп өз кезінің білімді адамы саналған. Ол жасынан оқып, түркі тілдеріне қоса парсы, араб, қытай тілдерін жақсы білген. Сол кез әдебиетінен, тарихынан, астрономиясынан, геометриясынан, тағы басқа ғылымдарынан мағлұмат алған»
Артында аса құнды мұралар тастап кеткен ұлы ойшыл 1077 жылы Қашғар қаласында қайтыс болып, сол жерге жерленген.
Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік», яғни «Құтты білік»дастаны арқылы қалды, бірақ бұл туындысында өзінің атын тек қана ең соңғы тарауында айтып кеткен. 18 ай бойы жазған бұл дастанын Жүсіп Баласағұни хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы»-Қарахандар әулеті мемлекетінің (942-1210) негізін салушы Сүлейман Арслан ханға тарту етеді. Солүшін хан Жүсіп Баласағұниға «хас хажиб», яғни «басуәзір» немесе «ұлы кеңесші деген лауазым берген. «Құтты білік» классикалық месневи әдісімен жазылған және 88 тарау мен 6645 бәйіттен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |