Филология және көптілді білім беру институты


Мұхаметжан Сералиннің «Топжарған» поэмасы



бет7/11
Дата25.11.2023
өлшемі117,24 Kb.
#126035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ôèëîëîãèÿ æ?íå ê?ïò³ëä³ á³ë³ì áåðó èíñòèòóòû

Мұхаметжан Сералиннің «Топжарған» поэмасы 1900 жылы жазылып, Тройцкіде, «Қызмет» баспасында бөлек кітап болып шыккан. 1915 жылы екінші рет басылды; 1936 жылдан бері орта мектептерге арналып шығып жүрген әдебиет хрестоматиясында үнемі басылып келеді.«Топжарған» поэмасының тақырыбы казақ халқының өмірінде XIX ғасырдың отызыншы, қырқыншы жылдарында болған оқиғаға байланысты: Кенесары, Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа бай­ланысты.Бірақ Мұхаметжан поэмасында, бұрынғы, өз тұсындағы кейбір ақындар сыяқты, Кенесарыны батыр еді, халық қамкоршысы еді деп, Кенесары бастаған қозғалысты халық қозғалысы еді, ұлт-азаттық козғалысы еді деп дәріптемейді. Қайта оны сынап-мінейді, әшкерелейді: Ке­несары тобы — оның өзінің туғандары, руластары, төлеңгіттері, тағы басқа онан кашқан, мұнан қашқан бұзық, ұры, қу адамдар еді, бәрінің де кәсібі ел тонау, мал-мүлік жинау, құл, күң ұстау, ойын-сауық құру еді дейді.Поэманың бас кейіпкері жас адай жігіті ғашықтық жөнімен немере ағасын атып өлтіріп, өз елінен кашып шығады, бір — екі жыл Теке маңын, Жайык бойын кезіп жүреді, тама, шекті, шеркес ұруларын аралайды, ұрлық істеп күн көреді. Осылай жүріп кейіпкер бір күні Қенесарының шекті руына мал ұрлау, ел талауға келген үш жігітіне кез болады. Олар адай жігітті ұйықтап жатқанда ұстап алып, атымен тұтқын, олжа етіп, Кенесарыға алып барады.Хан алдына барғанда жорықтан қайтқан жігіттер мақтанады: тұткын жігітті қуып жетіп ұстадық, ат үстінде сайысып жеңіп, байлап-матап алдык дейді. Адай жігіт мұның бәрі жалған екенін, өзінің қапы қалғанын, ұйықтап жатып қолға түскенін айтады.Сонда әлгі жігіттер ханға тұтқынның сыйықсыз, жаман,жауыр атын әкеп көрсетеді. Хан, тұтқын жігіттің әлгі сөзіне сенбей және шын жүйрікгі таный алмай, оған ертең осы атыңмен қашып көр дейді.Бұдан кейін ақын, астарына тұлпар мініп, қашқынды қууға әзірленіп, құнығып тұрған ханның жігіттерін — қуғыншыларды суреттейді.Поэмада, мұнан ары, қашқалы тұрған тұтқын жігіттің қалпы суреттеледі. Ол жалаңдап тұрған қанішерлердің найзасының ұшында тұрмын деп сезінбейді. Салмақтана түседі. Өтетілеу дегеннің күміс шақшасын сұрап алып, насыбай атады. Қенесары жігіттерінің бірі де қашқынның шаңына ілесе алмай қалады. «Пері ме, адамзат па, шайтан ба» деп, ертеңіне жыйналған топ қашқын жігітті әңгімелеп отырғанда, ол есіктен сәлем беріп, кіріп келеді. Өтетілеудің шақшасын өзіне қайырып береді. Кенесары жігіттен оның кім екенін сұрайды. Жігіт оған өзінің әлгі тарихын баяндайды. Ақырында ол өзінің сол өңірге Кенесарыны іздеп келгенін айтады. Өз ықтыярымен Кенесары тобында қалады.
«Топжарған» адай жігіттің қолға түсуінен басталады. Ал, ол жігіттің кім екені, не істегені, ниеті, бәрі поэманың ақырына дейін жұмбақ болып отырады, тек ақырында барып бір-ақ ашылады.

Киіктің көз жасы” дастаны.М. Сералиннің бізге келіп жеткен поэзиялық шығармаларының бірі - «Киіктің көз жасы» атты дастаны. Бұрын баспа бетін көрмеген. Шағын дүние. Көлемі он шақты бет. Қазақстан Орталық мұражайы қорында сақтаулы. Түпнұсқа емес. Көшірме. Көшірмені жасаған - Райхан Сералықызы. Көшірме 1948 жылы 20 шілдеде жасалған. Бұл көшірмені мұражай ғылыми қызметкері Марат Әбдешов, Мұхаметжан Сералиннің баласы Шәмілдің әйелі Раушан Әубәкірқызы Сералинадан алған.


Бұл шығарма жайлы алғашқы мағлұматты біз С. 3. Зиманов пен К. 3. Ыдырысовтың М. Сералин туралы жазған 1989 жылы Алматыда «Наука» баспасынан басылып шыққан «Общественно-политические взгляды Мухамеджена Сералина» атты кітабынан жолықтырдық. Кітапта дастан мазмұны қысқаша баяндалған. Енді осы аталмыш еңбектегі дастанға қатысты жолдардан үзінді келтірсек:«Против несправедливости и насилия протестует М. Сералин и в ранних стихах. Для этого он часто выбирал иносказательную форму. В поэме «Слезы Сайгака» он описывает случай, когда жестоконравный охотник расставлял свои капканы (ловушки) в степи, в одну из которых попала самкаСайгака. В предсмертных муках, прощаясь с жизнью, она вдруг увидела человека в образе Мухаммед-пророка и обратились к нему с просьбой.Пришелец услышал ее страдания и искренне желая ей помочь обратался к охотнику с просьбой дать ее ему на поруки с обязательством, что она, накормив своих детей, вернется и человек волен будет поступать с ней, как захочет.Сайгачиха сдержала обещание: возвратилась с двумя сво­ими козлятами раньше срока, и, обняв детей в последний раз, отдала себя в распоряжение охотника. Он был изумлен а затем заплакал: «Не достоин я называться человеком, на­много лучше меня дикие обитатели степи». И дал ей свобо­ду. В этой небольшой по объему поэме-легенде М. Сералин, с одной стороны, наделяет добро силой, способной одолеть зло, а с другой — восстает против угнетения слабых, против жестокости человека по отношению к беззащитным диким обитателям земли» (Зиманов С. 3., Идрисов К. 3. Общес­твенно-политические взгляды Мухамеджана Сералина. А.А., 1989. С. 47-48)
Шығыстық діни қисса-дастандар түрінде жазылған дүние . Дастан тақырыбы жағынан діни аңыздық үлгіде. Оқиғасы ертегі сипатты. Кейіпкерлері Жәбірейіл періште, Мұхаммед Пайғамбар және жөйіт аңшы мен Киік. Дастанның оқиғалық желісін не мазмұнын өзімізше сөз етер болсақ, дастан автордың өз оқушысына арнаған бір шумақ өлең жолымен басталады:
Құдая өр пеңдеңді өзің қолда,
Жақпайсың рахметіңмен біздей құлға.
Сөйлейін пайғамбардан бір хикаят
.Жамағат, құлақ салып мұны тыңда!
Онан әрі дастан оқиғасы Жәбірейіл періштені құдайдың Мұхаммет пайғамбарға жібергені туралы айтуымен өрбиді:
Жәбірейіл бір күн келді, я, пайғамбар,Кұдайым сәлем айтты құлағың сал.
Жолына Мәдиненің шықсын дейді.
Алла тағаланың бұйырығымен, ол бұйрықты періште Жәбірейілдің жеткізуімен Мұхаммед Пайғамбар Мәдиненің жолына шығып, алыстан бір қарайғанға көзі түседі. Не болса да жақындап көрейін деп келсе, қақпан құрып жүрген жөйіт екен. Қақпанына бір киік түсіп, соны қуып жүреді. Қақпаңды сүйретіп қашып жүрген киікті жөйіт аңшы ұзатпай-ақ ұстап алады.Жақындап келген пайғамбар сойылғалы жатқан киіктің жан қиналысын көреді. Мұхаммед пайғамбарды көрген киік оған мұңын шағады.
Сөйлейді пайғамбарға киік жатып,
Өзінің көңіліндегі мұңын айтып.
Кәпірге кіріптармын, әй, Мұхаммед,
Мен мұнан құтылармын енді қайтіп...
Бар еді жаңа туған екі қозым,
Не қылып, жетім қалып күн көреді.
Басыма бұл дәулетті тәңірім салды.
Жапанда екі қозым жетім қалды.
Туғалы қозыларым үш күн болды,
Құдайым жетімдікке рауа қылды.
Мұхаммед кепіл болсаң мен барайын,
Емізіп қозыларым мен келейін.
Баланың ризығын хак жеткізер,
Тақсыр-ай, себебіңмен мен көрейін.
Киік зарын естіген Мұхаммед пайғамбар рахым өтініп Алла тағалаға жалбарынады. Киік жанына араша сұрайды:
Кұдайым, бұл мақұлыққа рахымың сал,Баршасы жүмілә жанның сізге мұқтаж.
Кәрімсің не қылсаң да құдіретің мол.Алла тағалаға жалбарынып, Мұхаммед пайғамбар аңшы жөйттен киікті кепілдікке сұрайды. Қозыларын тез емізіп келсін, сосын сойып жей бер дейді. Бұл сөзге кенбеген аңшы:
- Ұстадым бұл киікті қуып зорға
Далада жүрген аңға кепіл болып,
Мұхаммед, сенде сірә ақыл бар ма?!
Далада жүрген аңға бек сенесің
Киікке кепіл болып бар ма есің?!
Берейін кепілдікке, я, Мұхаммед.
Бұл киік келмей кетсе не бересің?
Пайғамбар бұл киік келмей кетсе, бір киіктің орнына он киік беретін болып, киікті кепілге алып, оның тез келуін қадағалап, шығарып салады. Киік те Мұхаммедке уәдесін беріп, қозыларын ақырғы рет емізіп келмекке аттанады. Қозыларын емізіп тұрып, оларға болған жайды баяндап жылайды. Ана киік тез еміп қалуларын сұрайды. Сонда қозылары ана киікке біз сенен қалып не боламыз. Түбі аштан өлеміз. Онан да біз де сонда барайық, тағдырдың жазғаны осы болар-деп екі қозысы ілесіп, бір киік үшеу болып, уағдалы уақыттары өтпей-ақ келіп калады. Бұл жағдай аңшы жөйітке қатты әсер етеді. Осы сәт дастанда былай беріледі.Осылайша даладағы жануар киіктің Мұхаммед пайғамбарға берген уағдасын орындап, сертте тұруына қатты қайран қалған жөйіт енді маған дін үйрет деп, Мұхаммед пайғамбарға өтініш етіп, ісләм дініне кіреді. Шығыстық үлгідегі шағын дастан осылай аяқталады. Бұл - таза діни дастан. Оның өн бойына өрілген оқиға өрімі, соған сәйкес ақын сөз саптауы, мақамы бізге осыны аңғартады. Құдіреті күшті Алла тағаланың өзі бейкүнә киіктің жайын біліп, оны қатыгез аңшы қолынан құтқарып, араша болу үшін Жәбірейіл періштені Мұхаммед пайғамбарға жұмсап отыр. Алла тағала әділ. Әр ғаламат істің шебері. Тендесі жоқ құдіретті күш иесі.
Қақпаңдағы киік мұңлық Мұхаммед пайғамбарға мұңын шағады. Оның мұңын пайғамбар жан-жүрегімен сезініп, түсінеді. Араша болады. Дастаңдағы Мұхаммед пайғамбар бейнесі - қаталдыққа жаны қас, зұлымдыққа қарсы күреске даяр, мейірімді тұлға. Ғажайып шапағатты жан. Кереметі күшті Алла тағаланың жердегі өкілі.Жөйіт дінсіз. Сондықтан да ол надан, қатыгез. Алла тағаланың құдіретімен болған жайға еріксіз куә болған қатал да дінсіз жөйіт дінге кірді. Көкірегіне сенім, жүрегіне жылы сезім ұялады.Дастандағы киік бейнесі - мұсылманшылықтың, Алла тағалаға, оның жердегі өкілі Мұхаммед пайғамбарға деген шексіз берілгендіктің, сүйіспеншіліктің символдық тұлғасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет