Филология және көптілді білім беру институты



бет6/11
Дата25.11.2023
өлшемі117,24 Kb.
#126035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ôèëîëîãèÿ æ?íå ê?ïò³ëä³ á³ë³ì áåðó èíñòèòóòû

Мұхамеджан Сералин
«Гүлкашима», «Топжарған», «Киіктің көз жасы»
«Гүлкәшима» - ғашықтық жыры. «Гүлкәшима» поэмасының тақырыбы - қазақ қызының бас бостандығы, суйіспеншілігі.«Гүлқашима» поэмасы кезінде поэзиядағы жаңа леп, жарқын құбылыс болды, мұндағы негізгі түйін — әйел теңдігі мәселесін шешудегі жаңа ізденіс еді. Шығарманың баскейіпкерлері ақыры қайғылы халге ұшырайды: Гүлкашима өзі сүймеген, сүймек түгіл беті-жүзін көріп-білмеген бір наданға қор болып, зарлап кете барады, ал Баймағанбет болса... «Мақсатқа ойға алған жетпеген соң» тірі жүргеннен өлген артық деп, өзін өзі өлтіріп тынады, ол басын өлімге байлауымен ескі салт-санаға ашық қарсылық білдіреді. Ақын бірін-бірі шын жүректен сүйген екі жастың мұндай күйге дұшар болуының басты себебі: «Қазақтың келіспеген ғадетінен» деп біледі; мұны ол екі бүкпесіз ашық айтады.Бірақ автор Баймағамбеттің өлімін құптамайды, ер азаматтың алдына ол халыққа қызмет ету мұратын кесе-көлденең тартады, бұдан сексен жыл бұрын жазылған асыл сөздер, адал ниетпен айтылған ақ бата әлі күнге көне тартқан жоқ алдыңғы аға буын Абай мен Ыбырайдың келер ұрпаққа қалдырған өсиетін қайталап, өзінен кейінгілерге, іні буынға соны аманат етіп тапсырып тұрғандай.«Мұхамеджан Сералиннің «Гүлкәшима» поэмасы - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш реалистік поэмалардың бірі. Бұған дейінгі поэмалар негізінен ауыз өдебиеті үлгісіндегі эпостық, салттық жырлар мен ертегідегі Шығыс әдебиегі дәстүріндегі ертек, қиял-ғажайып қиссалар, дастандар еді... тақырыбы, идеялық мазмұны жағынан болсын, сюжеті мен композициясының қисынды, қызықты болып келуі, реалистік жайларды көрсетуі жағынан болсын «Гүлкәшима» бірқыдыру жақсы көркем шыққан поэма, бұл өз заманында жаңа көрініс, үлкен табыс»,— деп айтса, «Қазақ әдебиеті тарихының» II томының екінші кітабында М. Сералинге арналған тарауда (ғалым Ә. Дербісәлин) ақынның «Гүлкәшима» поэмасы жайында былай деген: «М. Сералин өз кезеңінің өте үлкен мәселесіне арнап бірінші рет қалам тартқан, қазақ қызының аянышты өмірін шындық түрінде суреттеген жазушы болды. Бұдан М. Сералин өз дәуірінің көкейкесті мәселесін түсіне және оған өз шығармашылығы арқылы белсенді үн қоса білген ақын деген қорытынды туады».Поэма төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімді автор «Сөз басында» деп атап, онда өзі куә болған бір жайды баяндайды. Болған оқиға желісі негізінен мыналар еді: Қалаға жәрмеңкеге бара жатқан автор жолда бір шал-кемпірдің үйіне қонады. Шал мен кемпірдің Баймұхаммет есімді әрі ақын, әрі оқыған жалғыз баласы сол күні үйде жоқ екен. Жәрмеңкенің тарқар шағында ақын бір ғажап хабар естиді. Тобыл өзенінің жағасында бір жас жігіт ғашықтық дертінен өзін-өзі бауыздап өлтіріпті. Бұл жігіт жаңағы шал-кемпірдің жалғыз баласы екен. Қазақ дәстүрімен көңіл айтуға келген ақынға әкесі мен шешесі Баймұхамметтің кітап, дәптер салған сандығын көрсетеді. Ол сандықтан Баймұхамметтің өлең жазған бір дәптері табылады.Екінші бөлім — «Баймұхаметтің дәптері» аталады. Бұл бөлімде Баймұхаммет пен Гүлкәшиманың ең алғаш қалай жолыққаны, өзара қалай хат алмасып тұрғаны, жігіттің қызға өзінің жүрек сырын баяндауы, айттырып қойған күйеуіне ұзатылар тойы, ұзатылып бара жатқанда ішкі сырын жігітке ашып, өзінің де Баймұхамметті бір көргеннен-ақ ғашық болғандығын айтып хат жазып кетуі.Үшінші бөлім — «Қалтадан шыққан қағаздағы сөз». Мұнда Баимұхаммет өз өмірін не үшін қиып бара жатқаны, себеп болған жайт – Гүлкәшимаға ғашық екендігі, сол ғашығына қосыла алмау себебі жырланған.Соңғы төртінші бөлім - «Сөз соңында», сөз ақын атынан айтылады. Ол оқушысына бұл қиссадан қандай ғибрат алдың деп сауал қойып, оған өзі жауап береді. Қазақтың жаман әдетінен екі жас кеп қорлық көрді. Біреуі сол қорлыққа шыдамай, сүйгеніне қосыла алмағанына қапа болып өзін-өзі өлтірді, екіншісі ата-ананың дегенінен шықпай, салт-дәстүрді бұзбай, сүйген жігітін тастап, айттырған күйеуіне ұзатылды. Бірақ ол да бүкіл өмірі қорлықта өтетін, өмір бойы шырағы өшкен сорлы дейді. Екі жасты қор етіп отырған қазақ дәстүрін, жаман әдетін сынайды. Жастарды өнер-білімге ұмтыл, халқыңа пайдаңды тигіз деп уағыз айтып аяқтайды. Мұхамеджан Сералин де өзінің аталмыш поэмасын кейінгі жастарға үлгі, ғибрат болсын деп жазған.«Гүлкәшима» поэмасының негізінен үш-ақ кейіпкері бар. Екеуі жас ғашықтар - Баймұхаммет пен Гүлкәшима. Үшінші кейіпкер — екі жастың іс-әрекетін бағамдап, пайымдап, оқушысына жеткізіп отыратын екі ғашық пен оқушы арасындағы дәнекер тұлға - ақынның өзі. Поэма төрт бөлімнен тұрады. Соның ішінде «Сөз басында» деп айдар тағылған бірінші бөлім мен «Сөз соңында» аталған соңғы төртінші бөлім тікелей ақынның өзінің «басынан кешкен жайттары» - поэманың дүниеге келуіне себепкер болған оқиғалар және одан жасалынған қорытынды ойлар. Бұл жөнінде жоғарыда азды-көпті әңгімелеп өттік. Сондықтан да ендігі сөз етеріміз екі кейіпкер - Баймұхаммет пен Гүлкәшима жайында болмақ. Поэмада айтылар негізгі ойды осы екі кейіпкер көтеріп тұр. Өйткені, поэманың бүкіп сюжеттік желісі, композициялық арқауы осы екі жастың арасындағы іс-әрекетке, сезім түйсінулеріне негізделген, соған бағындырылған. Алдымен сол кезеңдегі бүкіл қазақ қызының ауыр тағдырын арқалап тұрған қазақ қызының типтік тұлғасы - Гүлкәшима беинесінің сомдалуына, оның ішкі мінездік (психологиялық) және сыртқы тұлғалық ерекшеліктеріне тоқталалық.Гүлкәшима - қазақтың сұлу жас қызы. Бұл оның сыртқы тұлғалық ерекшелігі. Ақын Баймұханметтің Гүлкәшиманы алғаш рет көріп, қыз сұлулығынан алған әсерін былай суреттейді:
...Таранған тоты құстай бір асыл зат,Меңзесем хор қызына болмайды ұят.
Ақ жүзді, ақылы кәміл, шырын сөзді,Үстіне сәндік үшін киген манат.
Көп артық ұзын емес, орта бойлы,
Аса көп сөйлемейді, терең ойлы,Күлгенде екі беті шұқырайып,
Сүйкімді көрінеді жүзі нұрлы...
Бойжеткеннің дәл бұлайша суреттелуінде сұлулық жөніндегі тек қазаққа ғана тән түсінікпен қалыптасқан бейнелеулермен бірге өзіміздің көне фольклорлық сұлулық суреттеулер, кейде шығыстық үлгідегі дастандар, қиссалардағы суреттеу дәстүрлерімен араласып келіп астасып кеткен. Жалпы ақын поэмасында Гүлкәшима - жасы он бес, он алтылар шамасында сұлу қыз.Ақынның жас қазақ сұлуын бұлай суреттеуінде үлкен мән бар. Себебі автордың жас қазақ қызы – Гулкәшимаға артар жүгі мол. Ақын мінездеуінде Гулкәшима тек қана сұлу қыз емес, ақылды, салмақты, әр ісіне жауап бере аларлық ішкі қуаты мол, жауапкершілігі күшті жан. Ол өзіне ғашықтық сырын айтып хат жазған Баймұхамметке «Мұнан екі жыл бұрын кез келмедің, енді кеш. Мені күйеуге беретін болып атастырып қойды. Енді екеумізге қосылуға бұйрық жоқ» деп қыз беріп отырған өз елі мен ата-анасы алдында, өзі келін болып түскелі отырған күйеуінің, оның елінің алдында әрқашанда үлкен жауапкершілікте екендігін танытады:Ақын қиялындағы көркем ой жемісі – Гүлкәшиманың ата дәстүрге, діни сенімге адалдығы оның өз бақыты үшін, сүйіспеншілігі жолындағы күресіне тосқауыл қояды. Бұл жағынан алғанда Гүлкәшима шешімді әрекетке бармайтын, іс-әрекеті тұйық, шектеулі тұлға. Гүлкәшима тұлғасының бұлай сомдалуы бәлкім, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы мұсылман әлемінің бір ұлты - қазақтың қызы ретінде авторлық шектеуде болуы, бұл - автор дүниетанымы мен кейіпкер дүниетанымының осы мәселеде сәйкестілігінен де көрініп тұр.
Баймұхаммет ақынның кей сәттерде өмірге көзқарасымен келіспеген кереғар бейне. Бірінші, поэманың негізіне шын өмірде болған оқиғаның алынуы, сүйгеніне қосыла алмаған Баимұхамметтің өзін-өзі өлтіруі.! Сол оқиға негізінде ақынның осы поэманы жазып, онда өз еркінен тыс кейіпкер өлімін сол болған қалпында көрсетуі.Екінші, сүйіктісі Гүлкәшиманы - ата-ана, сол кезеңдегі қазақ қоғамының дегенінен шықпаған биязы қазақ қызын өз бақыты жолындағы күреске қоса алмай, бұйығы қазақ қызының санасында төңкеріс жасап өз соңына ерте алмаған кейіпкер - Баймұхамметтің өзіне-өзі қол жұмсауы. Өз өмірін сүиіспеншілік жолында қиюы. Махаббатсыз, сүюсіз салпаң құлақ өмірге лағнет айтуы.Үшінші, автор мен кейіпкер арасындағы кей сәттегі кереғар келіспеушіліктің болуы табиғи нәрсе. Өйткені, автордың туындысындағы бар кейіпкер оның кеңілінен шықпай, артық іс-әрекетке бармай жатса, не, бір бағытта ғана әрекет етсе, онда тіпті көркем туынды дүниеге келмеген болар еді. Келсе кейіпкерлері дараланбай, іс-әрекет үстінде бір-бірінен айырғысыз болып, ақын алдына қойған биік шығармашылық мақсатына жете алмаған болар еді. Баймұхамметтің бұл әрекеті сүйіскен екі жастың қосылуына бөгет болып, тосқауыл қойған ескі әдет-ғұрыпты қоғаммен болған белгілі бір дәрежедегі күрес формасы. Қоғамдағы қасаңданып қатып қалған дәстүрді езгертуге, санаға сәуле түсіру мақсатында жасалған ұлы әрекет. Ұлы әрекет иесі - Баймұхаммет. Баймухаммет - ғашықтық жолындағы ұлы құрбандық. Баймұхаммет нық шешімді тұлға. Сүйгені үшін күреске әрқашан дайын. Бірақ ол күреске бұйығы қазақ қызы - Гүлкәшима жоқ. Сондықтан Баймұхамметке елімнен басқа жол қалмағандай. Баймұхаммет өз өлімімен бұл дүниеде, қазақ қоғамында қалыптасқан дәстүрге қарғыс айтқан жан.
Поэма сол кездегі қазақ даласындағы қоғамдық дертті мәселелердің бірі - әйел бас бостандығы мәселесін көтерудегі әм шешу жолындағы алғашқы адым. Ғашық жар, махаббат жөнінде қазақтың фольклорлық дүниелерінен бастап М. Сералиннің «Гүлкәшимасына» дейін талай сөз болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет