«Филология» мамандыєына арналєан



бет18/29
Дата06.03.2023
өлшемі403,5 Kb.
#71921
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
77e7e093-8a82-11e3-bf6e-f6d299da70eeКарым катынас умкд

Бақылау сұрақтары:
1.Педагогикалық қарым – қатынастың негізгі қызметі
2.Педагогикалық қарым – қатынастың басты мақсаты
Әдебиеттер:
1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.
2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.
3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.
4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995


9-дәріс. Көпшілік алдында сөйлеудің психологиялық ерекшеліктері
Мақсаты: Сөйлеу мәдениеті жайлы түсінік беру.
Дәрістің мазмұны:
Қарым-қатынас құралы. Сөйлеуге даярлану. Көпшілік назарын өзіңе аудару тәсілдері. Сөйлеуді аяқтау және қорытындылау. Іскер адамның сөйлеу мәдениеті. Жазбаша сөйлеу. Ауызша сөйлеу.Ауызша және жазбаша сөйлеудің артықшылықтары мен айырмашылықтары.


Қарым-қатынас құралы-бұл тек белгілер жүйесі арқылы болуы мүмкін. Сөйлеу құралы вербальды және вербальдыемес болып бөлінеді. Вербальды қарым-қатынаста сөйлеудің екі: жазбаша және ауызша нұсқасы қолданылады.
Жазбаша сөйлеу - мектеп қабырғасында үйретілетін және адамның білімділігін көрсететін бірден бір белгі. Жазбаша сөйлеу көбіне штамптан, кеңселік ережелерден тұрады. Бірақ бұл мәтіннің мазмұнынтура түсіну үшін өте қажет болып табылады. Жазбаша сөйлеу ғылымда, іскерлік және заңды қатынастарда қолданылады. Жазбаша сөйлеудің тиімділігі оның нақтылығында. Жазбаша сөйлеуді жақсы меңгеру үшін, ең алдымен, сөздік қордың бай болуы қажетті шарт болып табылады.
Ауызша сөйлеудің жазбаша сөйлеуден ең негізгі айырмашылығы оның сауатсыздығында деп айту қате. Себебі ауызша сөйлеу өз кезегінде ережелер мен грамматикалардан тұрады. Ауызша сөйлеудің ең негізгі ерекшелігі оның сөзді үнемдеуінде, яғни ойды жеткізу үшін көп сөзді қолданудың қажеті жоқ.
Ауызша сөйлеудің кемшілігі ойды ауызша жеткізуде сөйлеудегі қателер және көпмағыналығы. Мысалы: бір сөйлемде көптеген толықтырулардың болуы. Ауызша сөйлеудің тиімді жағына оның тәрбиелік, әсер еті, рухтандыру, уақыттың тарлығында өз ар-намысын қорғау жатады.
Ақпарат алмасудың негізгі құралы тіл, яғни сөйлеу арқылы жүзеге асады. Вербальды коммуникация негізі ретінде жүйелерінің ішінде сөйлеу жатады. Табиғи дыбыстық тіл, яғни фонетикалық жүйенің белгісі, ол лексикалық және синтаксистік түрде жүзеге асады. Сөйлеу-қарым-қатынастың ең негізгі түрі. Мұнда ақпараттық өңдеу және қайта қорытындылау процестерді жүзеге асады. И.АЗимняя айтуы бойынша, «сөйлеу» және «тыңдау» терминдері вербальды қарым-қатынастың психологиялық компоненті болады.
Сөйлеу құралдары болмаған жағдайда қол, ым-ишара, жүріс-тұрыс, дауыс, бет әлпетінің көрінісі, көз, дене тұрысы, барлық дене мүшелерінің қозғалысы, арақашықтықтың маңызы зор. Кейде қарым-қатынасқа түскенде сөзден гөрі ым-ишараның түсініктірек болуы байқалады. Барлығына өжеттілік, мейірімділік, жағымпазданушылық, қорқыныш, қызғану кезеңдеріндегі бет әлпет ым-ишарасы белгілі және таныс десек болады.
Оптика-кинетикалық жүйе ым-ишарат, пантомимика арқылы жүзеге асады. Жалпы айтқанда, адамның сыртқы бейнесі арқылы ақпаратқа қосымша демеу болатын белгілер. Оптика-кинестетикалық жүйе өзіне ым-ишарат және пантомимиканы қосады. Бұл басында Ч.Дарвиннің зерттеулерінде кездеседі. Ол адам мен жануардың эмоциясын шығаруын зерртеген. Дене қимылдары арқылы сөйлесу барысында эмоция шығарамыз. Бұл қарым-қатынасымызға нюанс береді.
Ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия қағидаларын сақтап мәнерлеп сөйлеумен тығыз байланысты, яғни, сөздер қалай дыбысталса сөйлеген кезде де әрбір сөздің дұрыс айтылуына мән беруіміз керек.
Әрбір сөзбен сөйлеу, не мәтінді мәнерлеп, сөздің нақышына келтіріп айту - ауыз әдебиеті асыл қазыналарынан, айтыс өнерінен келе жатқан табиғи заңдылық.
Сондықтан ауызша сөйлеу кезінде тілдің өзіндік заңдылықтарын сақтаумен қатар, сөйлеудің техникасын жетік біліп, қорымыздың да мол болғаны қажет.
Белгілі бір мәтінге грамматикалық талдау жасау, тәрбиелік мәні жоғары үзінділердің әдеби сырын ашып, басқа біреулерге үлгі-өнеге ету үшін де тілдік заңдылықты қатаң сақтаудың үлкен пайдасы бар.
Ойды жеткізер тілдің мәнері, нақышы жеткіліксіз болса, ойшыл ақынымыз Абай айтқандай: «көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда сәні кететінінің» бірі болмақ.
Ауызекі тілде бір сөзді қайталай бермей, оған мағыналас, мәндес синоним сөздерді қолдану да, ойды әсерлі, түсінікті жеткізудің айғағы.
Қашан да сөзді қарапайым қолдана отырып, тартымды да көркем айта білген ғұламалардың шешендігін, сөйлеу мәнеріндегі қатаң сақталған әуезділікті өзімізге өнеге тұтуымыз керек.
Сөйлеу мәдениетін арттыруда, әрбір сөздің мағынасын дұрыс түсініп, орынды жеткізе білуде сөздіктерді, нормативтік сипаттағы анықтағыштарды, орфоэпиялық сөз тудыру, синонимдер, омонимдер, фразеологиялық сөздіктерді, тілді грамматикалық жағынан дұрыс көрсететін сөздіктерді пайдаланудың маңызы зор.
Ауызекі сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігі - бірін-бірі бетпе-бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысу, түсінісу құралы.
Бірін-бірі түсіну үшін сөйлеуші адамдардың дауыс ырғақтары, сөз құралындағы әрбір дыбыстың орфоэпиялық нормаға сай естілуі қажет.
Мысалы: қонбады - қомбады, басшы - башшы, көкөніс - көгеніс, көзсіз - көссүз, өзенге - өзөңгө, айдын көл - айдың гөл, ай қабақ - ай ғабақ, тас бауыр - тас пауүр, жас бала - жас пала т. б.
Сөздерді жазылуынша айту, әсіресе, жастардың тілінде үйреншікті машыққа айналып бара жатқанын аңғару қиын емес. Мұны тіліміздің табиғи дамуының нәтижесі деп қарауға болмайды. Бұл - күнделікті өмір сүріп жүрген ортаның тілге мән бермеуінен және мектептегі оқытуда жіберіліп жатқан кемшіліктер.
Соның салдарынан, адам баласының бір-біріне деген қарым-қатынасы, түсініспеушілігі басталады, бір-бірінің ойын, ішкі жан-дүниесін түсінбейді немесе әр сөзін селқос, енжарлықпен тыңдап, босаңдық танытады.
Сөйлеу тілінде адам баласының бір-бірімен түсінісуі сөз арқылы ғана емес, сонымен қатар, бұған кісінің бет-аузы, қас-қабағы, қол-қимылы қатысып отырады. Яғни, өз сезімін, ез ойын бірнеше нұсқада, бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жеткізуге тиісті.
Оның үстіне сөйлеуші дауыс ырғағын құбылта сөйлеп, әр сөзіне жан бітіреді, көріктендіре сөйлейді, әсерін, мақамын келтіреді. Бұл жерде әрбір сөйлеуші радио, теледидар, лекторлар мен шешендердің, айтыс ақындарының сөз мәнеріне, сөз саптауына мән беріп, сол негізде сөйлей білуге тырысқаны абзал. Абай атамыз «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» дегендей, әр нәрсені, жағымды нәрсені үлгі тұта білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет