1.30 КОНТЕНТ ТАЛДАУ (ағылш.contents-мазмұн)- педагогикада пайдаланылатын зерттеу әдісі. М. Мәтін және өзге де тасымалдаушылардың ( бейнежазба, сұхбат, балалардың жұмысы, мектеп құжаттары, т.б.) өзіндік сипаттарын анықтау мен баға беруді білдіреді.
1.31 ҚАБІЛЕТТІЛІК ТЕСТІЛЕРІ (тесты способностей)- жалпы алғанда қайсыбір мақсатқа жетудің әлеуметтік мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез келген тест. Арнайы қабілеттерді, жалпы қабілеттерді және көпжақты қабілеттерді мөлшерлеп анықтауға арналған түрлері құрастырылады.
1.32 ҚАТЫНАС, БАЙЛАНЫС (коммуникация; отношение)- психологияда өзара әрекет моделін, ес процесін, физиологиялық функцияларды, тілді түсіндіреді. Берілген ақпаратты хабарлау.
1.33 ҚИЫН БАЛАЛАР- тұлғалық дамуында көрінеу ауытқулары бар екенін көрсететін балалар санаты. Әдетте, балаларды бұл санатқа қосқанда олардың оқу-тәрбие процесінің дұрыс өтуіне кедергі болатын даралық-психологиялық ерекшеліктерінің сыртқы көріністері негізге алынады. Баланың мінез-құлқындағы кінәраттардың себептері алуан түрлі болады, оның қиын деп бағалануы көбіне нақты психофизиологиялық сипаттамасын көрсетпейді, ол туралы ата-аналар мен педагогтардың пікірін білдіреді. Қазіргі әдебиетте қиын балалар деп, әдетте, мінез-құлықтары жалпы қабылданған нормалардан көп ауытқитын және дұрыс тәрбиелеуге кедергі жасайтын балалар аталады. Сондықтан оларға қатысты тәрбиеленуі қиын балалар деген термин синонимі қолданылады.
1.34 ҚОРЫТЫНДЫ (вывод)- 1) жалпы және сөзбе-сөз мағынасы- сыртқа шығатыңның бәрі, организмнің кез-келген реакциясы немесе жүйенің өнімі; 2) ақпарат теориясында- шығатын сигнал.
1.35 МАҚҰЛДАУ, ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТКІЗУ(апробация; лат.approbatio)- зерттеу барысында болжамның оң не терістігін анықтау мақсатындағы тәжірибелік байқау сынағы
1.36 МЕКТЕП ЖАСЫ (школьный возраст)- балалардың өмірі мен дамуының кезеңі. Бұл кезең 10-11 жылға созылады және үш жас кезеңіне бөлінеді: 1) кіші мектеп жасы (6-7 жастан 11 жасқа дейін); 2) жасөспірімдік кезең (11-12-ден 14-15-ке дейін); 3) ерте бозбалалық шақ (15- тен 18-ге дейін). Бұл кезеңдердің әрқайсысы балалардың анатомиялық-физиологиялық және психикалық ерекшеліктерімен, олардың қоғам өміріне араласу дәрежесімен, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнымен, ұйымдастырылуымен сипатталады.