Филология3,10 copy indd



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата14.03.2023
өлшемі84,72 Kb.
#74400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
st4917

Вестник ПГУ № 3, 2010
136 
дәстүрлі бағыты дамығаны байқалады. Сонымен қатар, функционалды 
стильдерді қалыптастыруға әртүрлі бейнелеуіш құралдар қатысады, олардың 
құрамын зерттеу бірден стилистикаға келіп тіреледі. Осыған байланысты 
жоғарыда келтірілген анықтама тарихи тұрғыдан ақиқатты өмірге сай, әрі 
толық түрде берілген. Демек, бұл анықтаманы жалпы стилистиканың 
анықтамасы деп қорытындылауға болады. Ол стилистикалық зерттеулерде 
тарихи қалыптасқан негізі екі бағытына (аспектіге) сәйкес төмендегідей 
жіктелініп көрсетіледі: 1. Тілдік контекстен тыс стилистикалық ресурстары 
туралы (қысқаша айтқанда «ресурстар стилистикасы») – бұл аспект, 
құрылымды әрі қатарлы болып келеді; 2. Әр түрлі қарым-қатынас саласында 
тілді функционалдыру заңдылығы туралы (функционалды стилистика) – 
аспект коммуникативті болып табылады. Осы бағыттың негізімен көркем 
сөйлеу стилистикасын оның зерттеу объектісінің өзгешелігімен осы саладағы 
зерттеулердің кең ауқымды қамтуына қарай оны ерекше бөліп қарауға болады. 
Бірақ көркем сөйлеу жалпы өзіндік белгісі аспекті ретінде қаралатын 
функционалды стилистика ішінен бірнеше түрге бөлінетінін ескеру қажет.
3. Бұдан ерекше сипатта қаралатын көркем сөйлеуді зерттейтінін, нақтырақ 
айтқанда «Көркем әдебиеттің тілі мен стилі» деген тағы бір бағыт бөлініп 
шығады. Негізінен алғанда, көркем әдебиет стилі туралы ғылым
В.В. Виноградов еңбектерінен бастау алды. Ғалым стилистиканы «Көркем 
әдебиет тілі туралы» зерттеуінде ерекше пән ретінде жан-жақты сипаттаған. 
Осы бағыттағы зерттеулерге көркем әдебиет стилистикасы да жатады. 4. 
Нормативті және қолданбалы аспект туралы Г.О. Винокур еңбектеріндегі 
тұжырымдарға сүйенсек: «Мәдениетті жазу мәселесімен практикалық пән 
ретінде нормативті-лингвистикалық стилистика түсінігі байланысты» деп 
тұжырымдалған. Бұл мәселеге басқаша қырынан қарағанда, бұл аспект 
ғылымының ерекше бағытын құрамайды, оның міндеті-теориялық стилистика 
ұстанымдарын өмірге әкелу, стилистикалық сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. 
Бұған негіз тілдің стилистикалық ресурстары мен оның қызметі заңдылықтарын 
білу болып табылады, олар стилистиканың нормаға сай сөйлеуді құрудың 
тәжірибелік дағдыларын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты оқу пәні 
ретінде практикалық стилистика және стилистиканы оқыту әдістемесі туралы 
айтуға болады. Қазіргі таңда тілдің стилистиканың ресурсын зерттейтін 
бағыт барынша дәстүрлі болып келеді. Бұл сипаттама, басқаша айтқанда, 
стилистикалық немесе құрылымдық стилистика болады. Ол тілдің 
стилистикалық бояу құралдарын бейнелеуіштік мүмкіндіктері мен сөздің, 
форманың, конструкциясының семантика-функционалды реңкін, сонымен 
қатар тілдік бейнелеуіш құралдарын т.б. зерттейді. Осы ғылымның негізгі 
аспектерінің біріне, яғни, тілдің стилистикалық тіл жүйесінің әртүрлі 
деңгейіндегі синонимиясына кейбір тілші-ғалымдар, мәселен, А.Ц. Горшков 
бұған қызметтік рөлдегі бағыт деген баға береді [4, 27 б.]. Орыс әдеби тілінің 


серия 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет