Филология3,10 copy indd



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата14.03.2023
өлшемі84,72 Kb.
#74400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
st4917

Вестник ПГУ № 3, 2010
138 
сондай-ақ шетелдегі орыс тіл білімін зерттеушілер бірнеше рет пікір 
таластырып, тәжірибе алмасқаны байқалады. Осы мәселеге байланысты 
көрнекті тілші-ғалым Р. Глезеро тұжырымына сүйенсек: «Тілдің функционалды 
түрлілігін «функционалды стилистика» туралы ілім ретінде тілші-ғалымдардың 
жасаған стилистика туралы конфенциясы әлемдік лингвистикада кеңінен 
мойындалғанын байқауға болады. Функционалды стильдерді зерттеу – өзекті 
мәселелердің бірі болып табылады» [5, 18 б.]. Қазіргі кезеңдегі функционалды 
стилистиканың өзектілігі мен дамуы құрылымдықтан функционалдыққа 
лингвистикалық зерттеудің жалпы сипатталуымен байланысты. Осыған 
байланысты прагматикалық бағыттарға, соның ішінде стилистикаға осы 
сипатталу жатады, өйткені стилистиканың негізгі қарастыратын мәселесі – 
мәтін, яғни тілдің функциолану заңдылықтары енетіні кездейсоқтық емес. 
Сонымен стилистиканың негізгі екі бағыты – «ресурстар стилистикасы» және 
«функционалды стилистика» - тілдің құрылымдық және функционалдық екі 
аспектісін көрсетеді. Функционалдық тек стилистикаға ғана қатысты емес, 
сонымен қатар оны тіл ғылымының басқа да салаларымен байланысты 
салыстырсақ, бір жағынан құрылымдық грамматика, екінші жағынан 
функционалдық, бұлар грамматика деген жалпы терминмен біріктіріледі. 
Көркем әдебиет стильдері туралы ғалым В.В. Виноградовтың пікіріне 
жүгінсек, лингвоәдебиеттанушылық сипаттағы тарихи ғылымды білдіреді: 
ол тарихи тұрғыдан дамуда әдеби тіл мен көркем әдебиеттің әртүрлі 
стильдерін зерттейді, ол бәрінен бұрын нақты бір даму деңгейіндегі әдеби 
тілдегі әдебиеттің стилистикалық бағытын, талабын қаншалықты қамтамасыз 
ете алатындығын қарастырады. В.В. Виноградовтың өзіне тән, тың 
пікірлерінің бірінде қалыптасқан ұлттық әдеби тілдің негізінде реализм 
стильдерінің даму мүмкіндігі көрсетілген. Ал негізінде ХІХ ғасырдағы орыс 
әдеби тілі осы бағытта болатын. Бұл бағытқа жеке сөйлеу стилистикасы 
немесе жазушы стилі мен жеке көркем шығарма стилін жатқызуға болады. 
Негізінен нақты мәтіндердің берілуі мәселесі қарастырылады (соның ішінде 
«қолдану стилистикасы», «қабылдау стилистикасы»). Мұндағы әдістің 
лингвистикалық мақсаты текстологиялық деп қарастыруға болады. Бұл 
лингвистика үшін де, әдебиеттану үшін де осы зерттеудің өзекті болуына 
мүмкіндік туғызбайды. Белгілі зерттеуші В.В. Виноградов негізін салған 
көркем әдебиет стилистикасының негізгі мәселелерінің бірі-көркем 
шығармадағы автор суреттерінің берілуін зерттеу болып табылады. 5. Әрбір 
сөйлеуші мен айтушының есінде болатын стилистикалық басты ұстанымдардың 
негізгісі – қарым-қатынас саласына байланысты тіл құралдарын орынды, әрі 
тиімді қолдану керек, одан кейін оның мақсаты мен міндетін, жағдаят, 
айтылым мазмұны, жанр және т.б. экстралингвистикалық факторларды да 
естен шығармаған жөн. Практикалық стилистика айтушы бойына стильдік 
түйістік ұғымына тәрбиелеу, әрбір функционалды стильдің нормалануымен 


серия 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет