Филологтарды даярлау ббб



бет2/9
Дата14.09.2023
өлшемі86,54 Kb.
#107612
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Пәннің міндеттері:
- қазақ ауыз әдебиеті шығармаларының жанрлық сипатын айқындау. Оның ғұрыптық мәні мен көркемдік сипаттарының ара қатынастарын пайымдау;
- фольклорлық шығармаларды жанрлық түрлерге саралау тәжірибесін қорытып, ұстанымдарын анықтау. Әр жанрлық түрдің функциональдық қызметі мен поэтикалық ерекшеліктерін көрсету, терминдік жүйесін ретке келтіру;
- тұрмыс-салт жырларын саралап, олардың өзіне тән сипаттарын көрсету;
- тұрмыс-салт жырларының поэтикасына барлау жасап, оның басқа жанрлардан бөлек құрылымына назар аудару;
- эпос фольклорына тән басты сипаттарды анықтап, ішкі жанрлық түрлерге жіктеу;
- фольклорлық мұралардығы көркем бейнелілікті туғызып қалыптастырудағы мифтік сана мен дәстүрлі дүниетанымның, әдет-ғұрыптар мен салт дәстүрлердің рөлін көрсету.

Пререквизиттері




Постреквизиттері

Ежелгі және хандық дәуірдегі қазақ әдебиеті

Оқыту нәтижелері



– әдебиет теориясы мен сынын, поэтикасын түсіндіреді, сын тұрғысынан талдайды; қазақ әдебиеті тарихындағы негізгі кезеңдерді, бағыттарды, мектептерді, оның өкілдерін ажырата алады; әдеби тұжырымдарды салыстырады;
– қазақ және шетелдік ақын-жазушыларының шығармашылығына идеялық-мазмұндық, жанрлық ерекшелік, сюжеттік-композициялық, стильдік, поэтикалық тұрғыда кешенді талдау жасайды; шешендік өнердің даму тарихын салыстырады;
- қазақ фольклорының тарихи кезеңдерін, қалыптасу, даму жолдарын, зерттелуін, утилитарлық (қолданбалы) функциясын, синкреттілігін, танымдық әрі эстетикалық қызметін саралай алады;
- қазақ фольклорын жанрлық түрлерге жүйелеп, (мифтер, хикаялар, ғұрыптық фольклор, ертегілер, әпсаналар мен хикаяттар, аңыздар мен шешендік сөздер, батырлық және ғышықтық жырлар, айтыс т.б.), әр жанрлық түрдің функциональдық қызметі мен поэтикалық ерекшеліктерін сипаттай алады;
- рухани мәдениеттің көркем үлгілері еңбек фольклоры мен ғұрыптық фольклордағы дәстүрлі дүниетанымның, әдет-ғұрыптар мен салт дәстүрлердің рөлін көрсете алады;
- фольклорлық шығармалардың көп нұсқадағы мәтіндерімен танысып, жазба әдебиеттің қалыптасуына әсер – ықпалын зерделей алады;
- ауыз әдебиетін тудырушы, қалыптастырушы, таратушылардың (абыз, сәуегей, ақын, бақсы, жырау, сал -сері т.б.) шығармашыл тұлғасын, өз заманындағы қоғамдық-әлеуметтік рөлін айқындай алады;
- фольклор бойынша теориялық, практикалық бағытта алған білімдерін пікір алмасуларда, диспуттарда өз көзқарасын, пікірін дәлелдей білу үшін тиімді қолдана алады.

Оқытудың әдістері

Кейс-стади, рөлдік ойын, сократтық семинар, Блум таксономиясы/түймедағы, ПОПС әдісі, пікірталас, портфолио, миға шабуыл, ойсергек, жобалау, аяқталмаған сөйлем, стоп кадр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет