Филологтарды даярлау ббб



бет2/9
Дата14.11.2022
өлшемі104,25 Kb.
#50023
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Пәннің міндеттері:
- қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүргізілетін жазба жұмыстардың түрлері және оның меңгертілу тарихына шолу жүргізу;
- әдіскер ғалымдардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазба жұмыстың жүргізілуі туралы пікірлерін саралау;
- жазба жұмыс түрлерін жүйелеп, жүргізілу ерекшелігін анықтау;
- қазақ тілі мен әдебиеті сабағындағы мазмұндама, шығарма, диктант және эссе жазу талаптарын меңгерту.

Пререквизиттері

Педагогика

Постреквизиттері

Өндірістік практика

Оқыту нәтижелері



- қазіргі қазақ тіл білімі салалары бойынша теориялық білімін көрсетеді; тіл білімінің жаңа бағыттарын жіктейді; жазу теориясы бойынша ғылыми мәліметті баяндайды; тілдік обьектілердің стильдік ерекшеліктерін сипаттайды.
- қазақ тілінде сауатты, тілдік, стильді нормаға сай жазба жұмыстар, шығарма, эссе, әңгіме құрастырады; тіл блімінің және әдебиеттанудың жаңа бағыттарының даму үдерісіне қатысты болжам жасайды; қазақ тілі мен әдебиеті бойынша зерттеу жүргізеді.
- пәнді меңгеру нәтижесінде студент мектепте қазақ қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жүргізілетін жазбаша жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесін, атап айтқанда, жазбаша тіл дамытуды оқушылардың ауызекі сөйлеу тілімен байланысты жүргізуді; түрлі жанрда әдеби тіл стиль нұсқалары бойынша мәтін құрастыруды; ой-пікірін белгілі тақырып, мәселе бойынша жүйелі жеткізе білу икемділігін арттыруды; өз ой-пікірін белгілі тақырып, мәселеге сәйкес шығармашылықпен мәтін бойынша құрастыра білуге жаттықтыруды меңгеріп шығады;
- білім алушылардың жазбаша сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамытудың теориялық негіздері мен практикалық жолдарын анықтай алады;
- жазбаша сөйлеу икемділіктері мен дағдылары туралы лингвистикалық, педагогика-психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді талдау арқылы жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесіне қатысты білім қорын жинақтайды;
- оқушылардың жазба тілін дамытудың психологиялық, педагогикалық негіздерін тану арқылы жазбаша сөйлеуге жаттықтырудың нәтижелі жұмыс түрлері мен тиімді әдіс- тәсілдер жүйесін ұсына алады.

Оқытудың әдістері

Кейс-стади, рөлдік ойын, сократтық семинар, Блум таксономиясы/түймедағы, ПОПС әдісі, пікірталас, портфолио, миға шабуыл, ойсергек, жобалау, аяқталмаған сөйлем, стоп кадр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет