Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы



Pdf көрінісі
бет41/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
ГЛОССАРИЙ 
НЕГІЗГІ ҚЫСҚАРТУЛАР 
археол. — археологиялық
мемл. — мемлекеттік 
архит. — архитектуралық
мыс. — мысалы 
əдеб. — əдебиеттер
нем. — немісше 
əлеум. — əлеуметтік
парс. — парсыша 
б.з. — біздің заманымыздың
проф. — профессор 
б.з.д. — біздің заманымызға дейінгі псих. — психологиялық 
грек. — грекше
т.б. — тағы басқа 
ғ. — ғасыр
ун-т — университет 
ғыл. — ғылыми
филол. — филологиялық 
ж. — жылы
филос. — философиялық 
ин-т — институт 
франц. — французша 
исп. — испанша 
шығ. — шығармалар
лат. — латынша
эстетик. — эстетикалық 
АБСТРАКЦИОНИЗМ (лат. abstractіo - дерексіздік, бөлініс, 
оқшаулық) — қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейне-
леуде нақты заттарды ескермейтін ағым. Абстракті өнер шын-
дықты тікелей көрсетпейтіндіктен, оны кейде “затсыздан-
дырылған” деп айтады. Ол үшін бейнеленетін нəрселердің көр-
кемдік бітімдері (кеңістіктегі формалары, аумағы, бояуы т.б.) 
маңызды емес, бірінші орынға суреткер тұлғаның жеке басының 
көңіл-күйі шығады. А. 1910 ж. Мюнхенде, Амстердамда, 
Мəскеуде шамамен бір уақытта қалыптасты да, 1930 ж. Париж 
бен Нью-Йоркте кеңінен өрістеді. А-нің эстетик. бағдарламасын 
1910 ж. В.Кандинский “Өнердегі руханилық туралы” еңбегінде 


108 
айқындап берді. А. екі бағытта дамыды: оқыс бояулар мен 
кескіндердің қиюласуын үйлесімді етуге ұмтылу жəне геомет-
риялық абстракцияларды құрастыру. А-нің кейбір көріністері 
дадаизм мен сюрреализм өкілдерінің кейбір шығармаларынан 
байқалды. 
АГОН, а г о н и с т и к а (грек. agonіstіkos - күреске дайын) — 
ежелгі грек болмысы мен мəдениетінің маңызды элементтерінің 
бірі, қоғамдық құрмет пен абыройды əперетін ең жақсы 
жетістіктерге жетуге бағытталған жеке тұлғалардың, топтардың, 
полистердің өзара жарысу принципін білдіретін ұғым. Жарысу 
рухын гректер күнделікті өмірге енгізуге ұмтылған, бұл 
принцип, əсіресе, спорт ойындарында айқын көрінген. Ежелгі 
гректер үшін тəндік сұлулық пен рухани үйлесімдік мəдениет-
тіліктің басты шарты ретінде танылған. А-ның кейбір белгілері 
еуропалық мəдениеттің түпнегіздерінде кездеседі. Олар — тұлға 
құқықтары мен абыройы, белсенді бастамашылдық, еркін 
бəсекелестік.
АККУЛЬТУРАЦИЯ (лат. adcultura - білім, даму) — белгілі 
бір халықтың мəдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың 
мəдениетін толық немесе жартылай қабылдауы нəтижесінде 
болатын мəдени өзара ықпал процесі. А. ұғымы алғаш рет 
Солтүстік Америкалық үндіс тайпаларындағы мəдени өзгеріс-
терді зерттеген мəдени антропологияның американдық мекте-
бінде (Д.Боас, У.Холмс, У.Мак-Джи, Р.Лоун) ХІХ ғ-дың аяғы-
нан бастап қолданылды. Алғашқы тар мағынасында бұл ұғым 
үндіс тайпаларының ақ нəсілді американдықтардың мəдениетін 
біржақты қабылдап, ассимиляцияға ұшырауына байланысты 
пайдаланылды. ХХ ғ-дың 30 ж-нан А. ұғымы мəдени антрополо-
гиялық мектептің басты ұғымдарының біріне айналды. А. 
процестерін зерттеуде 1940 ж. жарияланған Линтонның 
“Американ үндістерінің жеті тайпаларындағы А.” еңбегінің 
үлкен теориялық маңызы болды. 1950-60 жылдардан бастап А. 


109 
аумағы кеңірек қарастырылды. Батыстық емес мəдениеттердің 
өзара байланысы жəне олардың А-лық қуаты сараланып, испан-
дандыру, жапондандыру, қытайландыру процестері ғылыми 
талдаудың пəніне айналды (Дж.Фостер, Дж.Фелан, т.б.); А. 
тəсілдері күрделі қоғамдардағы урбанизация процесін зерттеуде 
пайдаланылды (Р.Билз). Егер бұрын басым мəдениеттің “төмен” 
мəдениетке тигізген əсерлері сөз болса, енді кері əсер (мыс., 
африкалық əуендік ырғақтардың қазіргі музыкаға əсері) туралы 
жиі айтыла бастады. А-ны əртүрлі мəдениеттердің тоғысуы 
нəтижесінде жүзеге асатын мəдени сұбхат ретінде қарастыру 
алдыңғы қатарға шықты. 
АКМЕИЗМ (грек. akme - гүлденген күш, жоғары дəреже) — 
ХХ ғ-дың 10 жылдары орыс əдебиетінде пайда болған 
модернизмнің бір ағымы. А. ағымы С.Городецкий, М.Кузьмин, 
Н.Гумилев, О.Мандельштам, А.Ахматова, М.Зенкевичтердің т.б. 
көркем шығармаларында көрініс тауып, теориялық еңбектерінде 
сараланады. В.Жирмунский атап өткендей, А. символизмнің 
тым жоғары нəзік əлеміне күнделікті өмірдің қарапайым дүние-
сін қарсы қояды. А. символизмдегі мистикалық белгісіздіктің 
орнына “табиғи стихиялықты” дəріптеді, сөздің бастапқы рə-
мізін емес, мағынасына қайта келуді жақтады О.Мандельштам 
атап өткендей, А. — “дүниежүзілік мəдениетті аңсау”.
АКСИОЛОГИЯ (грек. аxіa - құнды, logos - ілім) — құнды-
лықтардың табиғаты, олардың əлеуметтік шындықта аталған 
орны жəне құндылық əлемінің құрылымы туралы философия-
лық ілім. А-ның негізгі мəселесі — “Игілік деген не?” деген 
сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философия-
сында құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, əмбе-
бапты мəнге ие болды. Мəдениеттануда құндылықтар мəселесі 
ерекше орын алады, өйткені мəдениет адамзат жасаған барлық 
құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған. Құнды-
лықтардың болмыстық жалпы мəнін ашуға бағытталған А-ның 


110 
филос. қырынан, оның мəдениеттанулық өлшемі өзгеше болып 
келеді. А. əртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мəдени құнды-
лықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін жəне 
бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі 
ретінде көрініс тапты. Бұл, əсіресе, тарихи мəдениеттануда анық 
байқалды. Мəдениет — адамдық қарым-қатынастарды реттеу-
дің маңызы тұлғалық-əлеуметтік тетігі, ал құндылық — норма, 
үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші 
элементі екендігі белгілі. Сол себепті А. əлеум.-мəдени 
талдаудың маңызды құралына жатады. Қазіргі мəдениеттануда 
құндылықтардың тарихтан тыс əмбебапты жүйелерінен бас 
тартып, тарихи əдістеме арқылы теңқұқықты құндылықтар 
жүйелерінің молдығына негізделінген мəдени-тарихи реляти-
визм мектебі (Дилтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин т.б.) 
қалыптасты. Салыстырмалы мəдени зерттеулердің дамуы 
нəтижесінде кез келген мəдениет құрылымының, басымдылық-
тарының жəне мазмұнының салыстырмалылығы туралы идеялар 
(Боас, Риверс, Бенедикт) өрістеді. Сонымен қоса, А-лық 
плюрализм концепцияларының тарауы бұрынғы жалпы 
құндылықтар ілімінің негіздерін шайқалтып, олардың құрамына 
нақтылы-тарихи мəдени контекстіні енгізді. Қалыптар мен 
құндылықтар əрбір мəдениетте өзіндік сипатымен айқындал-
ғандықтан бүкіл адамзатқа бірдей тұжырымдалған мəдениет 
кодексін ұсыну мүмкін емес. Алайда жалпықоғамдық ынтымақ-
тастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, 
яғни тұлға үшін ортақ мақсаттар да қажет (Клакхон).
АНДЕГРАУНД ӨНЕРІ (ағыл. underground – жер төле, 
жерасты, жасырын) — ХХ ғасырдың екінші бөлігінде батыс-
еуропалық жəне орыс мəдениетіндегі ресми өнерге қарсы оппо-
зициялық қозғалыс. А. ө. ресми мəдениеттің құндылықтары мен 
догмаларын қабылдамайтын, авангардтық өнердің, рок-мəде-
ниеттің, контрмəдениеттің, жастар қозғалысының кейбір прин-
циптерін бойына сіңірген өнердің дəстүрлі емес бітімдерінен 
құралады. А. ө-ді мəдени өмірдің кейбір жергілікті көрініс-


111 
терімен де (самиздат, бейресми көрмелер, жасырын концерттер, 
дискотекалар, салондық мəдениеттің кейбір түрлері т.б.) 
байланыстырады. Тоталитарлық қоғамда А. ө. саяси-идеология-
лық өктемдікпен өнер еркіндігін тұншықтыруға бағытталған 
мемл.-əкімшілік жүйемен жəне бірден-бір өнер жүйесі болып 
танылған соц. реализммен келіспеушіліктен туындаған. Осы 
қоғамда жасырын айтылатын анекдоттар да А. ө-не жақын. А. ө-
нің кейбір түрлеріне қарадүрсіндік пен руханисыздық тəн. 
АНОМИЯ (франц. anomіc - заңның, ұйымдасудың жоқтығы) 
— қоғамның құндылықтар жүйесіндегі түбегейлі дағдарыс-
тарды білдіретін ұғым. А. өзінің төмендегідей белгілерімен 
анықталады: 1) қалыптасқан құндылықтардың мəнін жоғалтуы 
салдарынан болатын ретсіздік, нормативтік-баптық вакуум; 2) 
əлеуметтік үйлесімдіктің жоғалуы, қоғамдағы құндылықтардың 
жиынтық бейнесіне айналған жеке тұлғалар беделінің жоғалуы; 
3) адамдардың жоғары мұраттардан, өмірлік құштарлықтарынан
айырылуы; 4) мінез-құлықтағы тұрақсыздық, өзін-өзі өлтірудің 
көбеюі, жəне т.б. А. терминін ғылыми айналымға енгізген 
француз ғалымы - Э.Дюркгейм (1858-1917). “Еңбектің қоғамдық 
бөлінуі” кітабында А. еңбек бөлінісінің бұрмалануы нəтиже-
сінде пайда болады деп тұжырымдайды жəне оның себебін 
мамандандыру кезіндегі адамдар арасындағы ынтымақ-тастық 
пен үйлесімдіктің жоғалуынан көреді. “Өзін-өзі өлтіру” деген 
еңбегінде Дюркгейм эгоистік, альтуристік жəне А-лық суицид-
тердің түрлерін атап өтеді. Соңғысы дəстүрлі шектеу нормалары 
шайқалған кезде ырықсыз құмарлықтан туындайды делінеді. 
Шектелмеген тілектер орындалмаған жағдайда адамдарда 
шешімі жоқ тұйық дағдарыстар пайда болады. А. ұғымын қазіргі 
социологияда əрі қарай дамытқан американдық ғалым — 
Р.Мертон (1910). Ол А. мəселесін ауытқушылық əрекетпен 
байланысты қарастырады.


112 
АРТЕФАКТ (лат. artefactum – жасанды, қолдан істелген) — 
табиғаттан жаратылмаған, қолдан жасалған нəрсе, мəдениеттің 
жемісі. А. ретінде тек заттық дүниелер ғана емес, сонымен бірге 
таңбалық, рəміздік мазмұны бар кез келген жасанды нəрсе 
қарастырыла алады. Мəдени А-ға мыналарды жатқызуға бола-
ды: адамдар жасаған заттар мен нəрселер, техника жəне еңбек 
құралдары, киім-кешек пен тұрмыстық жабдықтар, тұрғын үй, 
жол т.б. А. ретінде қоғамның рухани өмірінің кез келген құбы-
лысын (ғылыми теория немесе наным-сенім, өнер жəне 
фольклер туындысы, моральдық қағидалар т.б.) алуға болады. 
А-тың пайда болуын жəне олардың негізіндегі адамдық мақсат-
тар мен мүдделерді талдау арқылы, заттық болмыстың символи-
касын айқындауға болады. А-тер əлемі - таңбалар əлемі жəне 
оларды адамдық əрекет контекстінде ғана түсінуге болады. 
Адам тұрмайтын үй қаңырап бос қалады, функционалдық 
мазмұны ескірген құндылықтар тек “музейлік” мағынаға ие 
болады. Қазіргі мəдениеттерде А. мəдениеттердің динамикасын 
зерттеуде бастапқы алғышарт ретінде қабылданады. 
БАРТ РОЛЛАН (1915-1980) – француз семиотигі, эссеист, 
Париж университетін классикалық философия мамандығы
бойынша бітірген. “Хаттың нөлдік дəрежесі” жəне “Мишле өзі
туралы” деген еңбектерінен кейін танымал болған. 1950 
жылдардың ортасынан француз структурализмі мен теориялық 
семиотикасының жетекші өкіліне айналған, құрылымдық-
семиотикалық тəсілді тұрмыстық бұқаралық мəдениетті талдау-
ға қолданған (“Мифология”, 1957). “Мода жүйесі” жəне “Расин
туралы” еңбектерінде осы тəсіл арқылы көркем əдебиетке 
өзіндік түсіндірме берген. Б. көптеген теориялық мақалалар мен 
эсселер жариялаған. 
Б. шығарманың бастапқы кезеңінде Сартр мен Маркстың 
ықпалымен жаттану ұғымын мəдени туындыларды талдауда
қолданған. Жас Б. дискурстың құндылық жағы мен мəтіннің 
əлеуметтік мағынасына тығыз байланысты “хат” түсінігін 
қалыптастырады. Соссюр жəне Якобсон көзқарастарының 


113 
ықпалымен Б. қоғам əлеуметтік дискурстың таңбаларына
“екінші, яғни коннотативтік мағыналар береді” дейді.
БЕЛЛ Даниэл (1919 ж.т.) — американ философы жəне əлеу-
меттанушысы, “постиндустриалдық қоғам” теориясын негіз-
деушінің бірі, футуролог. Өзі қалыптастырған “постиндус-
триалдық қоғам” концепциясының арқасында Б. батыстағы 
əлеум. болжамның жетекші өкіліне айналды жəне АҚШ-тың 
интеллект. өмірі мен қоғамдық пікірінде үлкен беделге ие 
болды. Қазіргі капиталистік қоғамдағы дағдарыстық құбылыс-
тарды ол капиталистік экономиканың “рационалдық” принцип-
тері мен гуманистік бағыттағы мəдениеттің арасындағы 
кереғарлықпен түсіндіреді. Б. батыстық мəдениеттің дағдарысы 
туралы “діни орталықтық” ұстанымды дамытады жəне 
дағдарыстан шығу жолы ретінде діни жаңғыруды ұсынады. Б-
дің негізгі еңбектері: “Идеологияның ақыры” (1960); “Келе 
жатқан постиндустриалдық қоғам” (1973); “Капитализмнің 
мəдени қайшылықтары” (1976). 
БИНАРЛЫҚ ОППОЗИЦИЯ (лат. bіnarіus - қос) — ХХ ғасыр 
мəдениетінде əмбебапты қолданылған əлемді тану құралдары-
ның бірі. Қоршаған əлем екіжақты - ең алдымен физиологиялық 
себептерімен айқындалады: адамның миы əртүрлі функциялар 
атқаратын қос жарты шарларда тұрады, адамда екі көз, екі 
құлақ, екі қол жəне аяқ бар. ХХ ғ. фонологиясы Б.о. барлық 
құрылымдық гуманитарлық зерттеулерде қолданылады (С.Н. 
Трубецкой). Б.о. əлем суретін сипаттағанда ұтымды танымдық 
құралға айналады: 
өмір - өлім бақыт - бақытсыздық 
оң - сол жақсы - жаман 
жақын - алыс өткен шақ - болашақ 
осында - онда биік - аласа 
Бұл тізбектің оң жағы теріс, сол жағы дұрыс деп белгіленген. 
Күнделікті өмірде де “болады – болмайды”, “жарайды – жара-


114 
майды”, “тиым салынған – рұқсат етілген” тəрізді Б.о.-ларды 
жиі қолданамыз. Б.о. тетіктерін қарастырғанда оппозицияның 
шеткі мүшелерін дəнекерлендіретін медиация ұғымы маңызды 
рөл атқарады.
ВЕСТЕРНИЗАЦИЯ (ағыл. western - батыстық) — Батыс 
мəдениеті үлгілерін қабылдау, басқа мəдениеттердің батыстан-
дырылуы. В. деп Америка мен Африка құрлықтарындағыдай 
батыстық мəдени нормаларды күшпен енгізуді айтпайды. В. 
негізінен, мəдени қабылдаушы елдің басқарушы элиталық 
тобының белсенділігімен жүргізілген. Мыс., Бірінші Петр 
жүргізген реформаларды, Түркиядағы Кемал Ататүріктің “жас 
түрікшілдер” революциясын, Латын Америкасының АҚШ-тық
құндылықтарды біртіндеп қабылдауын т.б. атап өтуге болады. 
В. тек батыс технологиясы мен өндіріс жаңалықтарын қабыл-
даумен шектелмей, осы өркениеттіліке тəн құндылықтарды 
(демократия, адам құқықтарының басымдылығы, толерант-
тылық, ақпарат еркіндігі, азаматтық қоғам т.б.) енгізумен,
айқындалады. Бұл белгілері бойынша В. қамтыған елдер деп 
Жапония, Оңтүстік Корея, Шығыс Еуропаның кейбір меле-
кеттерін атап өтуге болады.
ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ (лат. vіrtus - ақиқат) — компью-
терлік техниканың негізінде кеңістіктік-уақыттық континуумды 
адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа əлемді, жаңа шындықты – 
қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нəтижесі. В.ш. 
сөздің тар мағынасында “электронды көзəйнек” киіп алғаннан 
кейін пайда болатын ойындық немесе техникалық қажетті 
жасанды шындыққа жатады. Бұл жағдайда сана компьютер 
құрастырған мүмкін əлемге енеді, онда виртуалды түрде көріне, 
сезіне жəне əрекет ете алады. Сөздің кең мағынасында В.ш. - 
бұл сананың кез келген өзгертілген түрлері: жүйкелік шатасу, 
наркотиктік немесе шараптық масаңсу, гипноздық қалып, 
наркоз, ұзақ уақыт тар кеңістікте қалған адамдардағы психика-


115 
лық өзгерістер (түрмедегілер, су асты кемелеріндегі т.б.). 
“Виртуалды” (ақиқат) ұғымында парадокс бар: қарапайым сана 
оны “қиял, иллюзорлы, ойдан шығарылған” деп есептейді. Бұл 
парадокс шындықты бағалаудан да туындайды. Өйткені, ХХ ғ. 
философиясында шындықты мойындауға қатысты материалис-
тер мен идеалистер тұғырнамасының бөлінуі бұрмалауға 
ұшыратады. Материя мен сана оппозициясы тіл мен шындық-
тың қарсы қойылуымен ауыстырылды.“Қайсысы бұрын болды?” 
деген сұрақтың орнына тіл мен шындықтың прагматикалық 
маңызын айқындау алдыңғы қатарға шықты. “Шындық” сөзінің 
өзі тілдік формаға жатады. Сол себепті жасанды иллюзорлы 
шындық виртуалды деп аталады, ол басқа “шындықтардан” 
шынайы болып табылады. Бақытты жəне бақытсыз адамдардың 
шындығы 
əртүрлі. 
Еуропалық 
экзестенциалист 
əлемді 
шығыстық дзэндік уағызшыдан басқаша көреді. Сондықтан кез 
келген шындық виртуалды болып табылады дей аламыз. 
ГЕНДЕРЛІК ОППОЗИЦИЯ — жыныстық негізде қалыптас-
қан мəдени еркек-əйел бастауларын бинарлық қатынастарда 
қарастыру дəстүрі. Əлемде қалыптасқан бірінші мəдени 
ажыратушылық Г.о-дан басталады. Ксенофонт мұны былай 
түсіндіреді “Құдай ең басынан жыныстарды бөліп жаратты: 
əйелді - бала табу мен үй шаруашылығына, еркекті - сыртқы 
жұмыстарға”. Г.о. табиғи құбылыстарға да таратылған: қытай-
лық инь жəне ян бастамалары, көптеген нанымдардағы Айды, 
суды, жерді əйелдік, ал Күнді, отты, жылуды еркектік бастаулар 
деп есептеу. Еркектік факторлар белсенді, еркін, ырықты деп 
саналса, əйелдіктер - енжар, қабылдаушы материяға теңелген. 
Үнділік ежелгі дін - тантризмде, керісінше, белсенділік əйелдік 
бастамаларға тəн. Жаратушы уақыт құдай-анасы Кама бəрінің 
түпкі себебі болып табылады.Қазіргі мəдениетте Г.о. мəселесі 
феминистік қозғалыстарға қатысты қойылып отыр. Жаңа 
феминизм осыған дейін үстемдік етіп келген “патриархалдық” 
мəдениетті, Құдай-Логостың еркектік билігін тұтасқан адамзат 
билігімен жəне Ана-Материяның құндылықтарымен алмастыру 


116 
керек дейді. Феминистік қозғалыс əйелді объект ретінде алуға 
қарсы шығады. Постструктуралистік жəне постмодерндік 
ұстанымда өміршең жəне сезімдік əйелдік Мен еркектік қатып-
сеніп қалған рационалдық стереотиптерінің жалғандығын 
көрсетеді делінеді. Қазіргі көптеген Г.о. негізделген теорияларда 
əйелдер туралы Фрейдтің “кастрация комплексі” деген ілімі 
бекерге шығарылады. Жалпы алғанда, Г.о. қазіргі мəдени 
өмірдің өзекті мəселесіне айналып отыр. 
ГИПЕРМƏТІН (грек. hyper - жоғары, ар жағында) — мəтін-
дер иерархиясын, сонымен қоса, мəтіндердің көптігін білдіретін 
арнаулы құрылым. Г-нің қарапайым мысалына сөздіктер мен 
энциклопедиялар жатады: ондағы əрбір мақала осы сөздіктегі 
басқа мақалаларға сілтеме береді. Осындай мəтінді əр түрлі 
оқуға болады: Г-дік сілтемелерді ескермей, қажетіне қарай, бір 
мақаладан екіншісіне; сілтемелерді ескере отырып, мақалаларды 
басынан аяғына дейін; немесе, бір сілтемеден келесісіне 
ауысып, Г-дік саяхат жасау кездеседі. В. Рудневтің “Қазіргі 
мəдениет сөздігі осы үшінші тəсілмен құрастырылған. Айталық 
Г. мақаласын оқу үшін гипершындық, виртуалдық шындық, 
сананың өзгерілген түрлері сияқты мақалаларымен міндетті 
түрде танысу қажет. Г. əдетте, тізбектік сипатта болады жəне ол 
түзу сызықты емес ой лабиринтіне ұқсас. Оған бір енгеннен 
кейін, қайта шығу қиындық туғызады. 
ГИПЕРШЫНДЫҚ —гипермəтін жəне виртуалды шындық 
ұғымдарына жақын, француз философы Жан Бодрийар ұсынған 
ұғым. Г-ты түсіну үшін шындықты мəтінмен қоса алу керек те, 
мəтінді гипермəтін ретінде қабылдау қажет, сонда Г. түсінігі 
шығады. Бодрийардың пайымдауынша, біз осы Г-та өмір сүріп
жүрміз. Бұқаралық ақпарат құралдары, толассыз ақпарат ағыны 
адам санасын мүлдем билеп алған. Г-та уақыт пен кеңістік 
жасанды болып шығады: кеңістік - прагматикалық, ал уақыт 
болса - сериалды. Мыс., Г-та қазіргі оқиғаны суреттей келе, 


117 
тарихтың терең қойнауларына кетіп қалуға болады, одан 
болашаққа жету үшін бір кнопка жеткілікті. Г. - адамдық 
мəдениеттің ерекше бір тілдік бітіміне жатады.
ДЕВИАЦИЯ (көнелатын. devіatіo – ауытқу) — жалпыға 
ортақ қалыпты нормадан ауытқу, яки жеке адамның немесе 
топтың осы жалпыға ортақ қалыпты нормадан ауытқып, оның 
жалпы қоғамға немесе белгілі бір топқа жағымсыз əсері болатын 
əлеуметтік əрекеті. Бұл термин мəдениеттануда суб-мəдениетті 
түсіндіру үшін қолданылады. 
ДЕГРАДАЦИЯ (франц. degradatіon - құлдырау ) — бірте-
бірте төмендеу, құлдырау; жағымды қасиеттердің төмендеуі 
немесе жоғалуы. М ə д е н и е т де г р а д а ц и я с ы, белгілі бір 
мəдениеттің тұрақты элементтерінің (қалыптары мен идеал-
дарының) құлдырауын немесе жоғалып кетуін білдіретін ұғым-
термин. 
ДЕКАДАНС (франц. dekadence – түңілу) — 19 ғасырдың 
екінші жартысы мен 20 ғасырдың басындағы өмірден түңілу, 
келешектен үмітсіздікке бой алдыру сарындары. Еуропа 
мəдениетінде көрініс тапқан тоқырау құбылысының жалпы 
атауы. 20 ғ-да модернизм ұғымымен байланыстырылған кейбір 
бағыттардан Д. өзінің ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Д. — 
аумалы-төкпелі замандағы адамның құлазыған көңіл-күйін 
ашып көрсетуге ұмтылу, қоғамдық талас-тартыстан алшақтап 
дарашылдық, сыршылдық сезімге бой ұру. Төңкерістік бағыт-
тағы үрдістердің қоғамды соқыр сенім үстінде қиратуға бағыт-
тайтынын көріп, Д -тік бағыттағы суреткерлер торығу күйін 
кешті. Д-тік бағыттағы суреткерлердің көзқарасы бойынша кез-
келген таптық күрес пен қоғамдық прогресс формасының 
мақсаты қоғамдағы қатынасты қайшылыққа əкеледі. Өнердің 
саяси жəне азаматтық тақырыптан оқшаулануы суреткерлердің 


118 
пікірінше шығарм.-тың еркіндік жағдайымен тікелей байла-
нысты. Д. “өнер — өнер үшін” деген қағиданы қолданғанын да 
тек қоғамдық күрестен бас тарту деп қана қарамай, көркем 
өнердің, əдебиеттің өзіндік құндылығын ескеру, шығарм. 
еркіндікті сақтауға ұмтылу деп таныған жөн. Д-тің тұлғаның 
еркіндігін тануы жалпы эстетикалық құндылықтардан, сұлулық-
ты талғам биіктігімен пара-пар тең қарастыруымен үндеседі. Д-
тің тұрақты тақырыбы — өмір мен өлім мотиві, рухани 
құндылықтар идеяларына деген сағыныш сарыны болып 
табылады. Д. барлық жағынан өнер мен əдебиетті əр деңгейде 
суретткер шығарм.-нан көрініс тапқаны бағыты - “модерн” 
стилінде, символизм ағымында деп айтуға болады. 
ДЕКОНСТРУКЦИЯ – француз ойшылы Ж. Деррида ұсынған 
ұғым, постструктурализм заманының сыни-философиялық 
ұстанымы. Оның өзгешелігі — егер модернизм кезеңінде сын 
дəстүрді құлату, жою, күйрету құралы болса, Д. сынаса да сын 
объектісін жоюға тырыспайды. Керісінше, оның бүге-шігесіне 
жетіп, қайта тірілтуге бейім болады. Əрине, тірілткенде, ол 
шартты түрде тірілтеді. Бірақ постструктурализмның ең үлкен 
жеңісі – ойлау процессінің шарттылығын ұғыну, метафизикадан 
бас тарту. Егер Платоннан бері нақты дүние Идеялар əлемінің 
көшірмесі деп саналса, қазір бұл байланыс жоққа шығарылып, 
ойлау дегеніміз таңбалау əрекеті деп əйгіленеді. Демек зерттеу-
шінің мақсаты əр ғасырдағы əр қоғамның, əр өркениеттің, əр 
автордың таңбалау ерекшелігін айқындау. Міне, Д. дегеніміз 
осындай айқындаудың құралы. Əдетте Д. объектісі ретінде 
метафизикалық жүйелер, философ. дискурстар көрінеді. 
Деррида Д. мақсатын төмендегідей түсіндіреді: “философиялық 
мəтінді оның формалық құрылымында зерттеу, оның мəтінді 
типтерінің өзгешілігін жəне көпнұсқалығын көрсету, филосо-
фиялық мəтіннің саханалық кеңістігін, оның синтаксисын 
ұғыну”. Д-ғы жалпы даму екі негізігі əрекетке байланысты. 
Бірінші əрекет - айналдыру, екіншісі - қайта тірілту. Айналдыру 
— аттап өтуге болмайтын əрекет, себебі бинарлық оппози-


119 
цияның күшін жою дегеніміз тек қана оппозиция мүшелерінің 
орнын ауыстыру емес. Олай істегенде Д. жасалатын аймақ 
қозғалусыз қалады. “Мəселе əрбір сатылы тəртіптен (иерархия-
дан) бас тартуда емес, себебі анархия əрқашанда тірлік етуші 
билікті күшейтеді. Белгілі иерархияның терминін өзгерту, 
немесе, орнын ауыстыру қажет емес, иерархияның өзіндік 
құрылымын өзгерткен жөн” (Деррида). Екінші əрекет предикат 
пен ұғымдар иерархиясын қайта жасап, жаңаша қортындылауға 
байланысты. Сонда ғана Д. толық жүргізілді деп айтуға болады. 
Д. қос амалды ілім. Бірақ мəселе уақыт тізбегіндегі жалғастықта 
емес. Деконструкцияның екі ағымы — айналдыру мен қайта 
тірілту — бір уақытта жасалады. Сөйтсе де, олардың арасын-
дағы өзгешілік сақталады. 
ДЕРРИДА Жак (1930 ж.) — француз философы. Еуропа 
постструктурализмінің ірі өкілі. Мəдениеттегі хаттың ролін 
зерттейтін грамматологияның негізін қалаушылардың бірі. 
Алғашында Гуссерль мен Хейдеггер идеясының ықпалында 
болды. Еуропалық сана мен мəдениеттің барлық формасының 
метафизикалық танымда көрініс беруін сынау арқылы ғылыми 
ортада əйгілі болды. Д. еуропалық метафизиканың ықпалынан 
арылудың жолы ретінде мəдениеттің бастауына, ондағы 
алғашқы белгілерге, метафоралық қабаттарда сақталған мəдени 
дəуір дəстүрлеріне сүйенуді ұсынады. “Тіл”, “мəтін” оларды 
зерттеу арқылы “хат”, “хаттануға” үңілу, соның негізінде 
метафизикалық таным табиғатын ашу концепциясын жүйелеген. 
Д-ның осы бағыттағы ғылыми көзқарастары “Грамматология 
туралы”, “Хат жəне оның өзгешелігі” (1967) еңбектерінде 
көрініс тапқан. Д. структурализмді “логоцентризмнің” бір 
көрінісі ретінде сынағанымен, оның концепциясының кейбір 
пунктері осы бағытқа үндесіп жатады.
ДЕСТРУКЦИЯ – М. Хайдеггердің фундаменталды онтоло-
гиясының негізгі ұғымдарының бірі. Бұл ұғымды Хайдеггер 


120 
Гуссерльдің жас кезіндегі философиясына, əсіресе, оның фено-
менологиялық редукция тəсіліне қарсы пайдаланады. Егер 
бұрын Декарт, Кант философиясында сана абсолютті құбылыс 
ретінде дəріптелсе, Гуссерль сананың белгілі бір объектіге 
бағытталғанда ғана өз-өзін толтыратынын ашып, идеализмге 
үлкен соққы жасады. Мысалы, сіз Декартты оқымасаңыз, сізде 
Декарт философиясы туралы түсінік болмайды. Сол сияқты 
табиғаттың белгілі бір құбылысы туралы ойланбасаңыз, ол 
туралы да сізде түсінік қалыптаспайды. Демек, санаға 
тумысынан түсіну қабілеті беріледі де, оның орындалуы сана-
ның ыждаһатына, белгілі бағытта жұмыс істеуіне байланысты. 
Демек, Гегельдің абсолютті рух туралы ілімі жалған. Себебі, 
бүкіл таным жұмысы жеке саналардың қызметіне байланысты. 
Міне, осы тұрғыдан Гуссерль бұрынғы филос. дəстүрге алаңдау-
дың қажеті жоқ, бұрынғы түсініктерді жақшаға шығарып, өз 
қабылдау мүмкіндігіңе қарай жаңаша түсінік қалыптастыр 
дейді. Феноменол. редукция дегеніміз осы. Себебі редукция 
деген сөз орнына қайту, қайтадан бастау деген мағынаны береді. 
Егер Гуссерль феноменол. редукция ұғымы арқылы əрбір 
философтың өзінше көзқарас қалыптастыруға ерікті екенін 
дəлелдесе, Хайдеггер бүкіл бұрынғы филос. дəстүрді жоққа 
шығарады. Себебі бұрынғы классик. философияда болмыстың 
дауысын тыңдау, болмыспен сəйкестікте болу жоқ дейді. Демек, 
болмысты ұғынудың бұрынғы жолдарын жақшаға алу керек. 
Егер классикалық философия бар нəрсе туралы іліммен 
шектелсе, Хайдеггер бар нəрсенің өзегі уақыт дейді. Əрбір бар 
нəрсе тек уақыт ішінде бар, уақыты таусылғанда жоқ болады. 
Яғни, болмыстың мүмкіндігі уақытта. Сондықтан бұл ұғымдар 
бір біріне етене жақын. Хайдеггердің ойынша, Д. үш əрекеттен 
құралады: а) редукция, бар нəрседен болмысқа қайта оралу; б) 
конструкция, немесе болмыс түсінігін қалыптастыру; в) 
деструкция, немесе дəстүрлі түсініктерді жаңаша түсінікке 
сəйкестендіру. 
Сонымен, Д. редукциямен де, конструкциямен де шектел-
мейді. Д. арқылы ғана онтология өз ұғымдарының шынайы-


121 
лығын аша алады. Бұл əрекет дəстүрлі метафизикалық ұғымдар-
ды бір уақытта пайдалану мен өшіруіне байланысты болды. 
ДИАЛОГ (грек. dіalogos - сөйлесу, сұхбаттасу) — мəдениет-
тануда белгілі бір мақсат пен міндетті шешуде өзара қайшы-
лықты көзқарасы болса да, соған қатысушылардың байланысын, 
бірге жұмыс істеуін айтады. Мəдениет диалогы - мəдени жүйе-
нің (құбылыстың) байланыс процесі, соның нəтижесінде əрбір 
мəдениет өзінің ерекшелігін сақтап, өз орнын айқындайды. 
“Мəдени əлемнің” бірін-бірі байытатын диалогы олардың 
дамуының негізін қалайды. Олардың өзара байланысы, құнды-
лықтары, қалыптары дəстүр үндестігінің сырын ашып, əрбір 
мəдениет өзінің қайталанбас қуатын таниды. Дамушы, бірін-бірі 
толықтырушы Д-тың негізі – өзара байланыста, қарым-қатынас-
та болған мəдениеттердің өзін тануы, мəдениеттің тарихи 
танымы, өмір сүру салты. 
ИННОВАЦИЯ (ағыл. іnnovatіon - жаңалық) — мəдениеттану 
мен социологияда этностың алғашқы даму кезеңінде болмаған, 
кейіннен пайда болған мəдени құбылысты айқындайтын ұғым. 
И. — мəдениеттің ішкі даму кезеңі, жаңаша тану жəне сыртқы 
даму кезеңі, байланыс, ұмтылыс нəтижесі. Мəдениеттануда И. 
— қоғамның динамикалық дамуының қажеттілігінен туындай-
тын мақсатты түрдегі байланыс арқылы дамыту (металлургия-
ның дамуы, жануарларды қолға үйрету, өсімдіктерді қолда 
өсіруге бейімдеу, техниканы дамыту). И-ның келуінде кездей-
соқтық пен сыртқы ықпалдың да əсері күшті.
ИНТЕРМƏТІН – бір мəтіннің өзге мəтінге кіруі, мəтіндердің 
кірігуі. Бұл ұғымды əдеби мəтінді көп дауысты құрылым ретінде 
қарастырған М. Бахтиннің ықпалымен Ю. Кристева кіргізген. 
Ол үшін мəтін дегеніміз мəтіндер мен таңбалардың өрімі, өзге 
мəтіндердің өзгеріске түскен нұсқасы. И. мəтін шекарасын 
бұлдыратып, оны жаңаша пайымдауға жол аша түседі. И. негізгі 
қасиеті оның ішкі əртектілігі, ашықтығы, көпнұсқалығы. Мəтін 


122 
өзге мəтіндерден, өзге мəтіндерге қатысты шығарылады жəне 
тек бұрынғы мəтіндерге қатысты емес. И-дік аталатын 
құбылысқа кейде шығармадан кейін жазылған мəтіндерді 
енгізеді. Мəтіннің қайнар көздері тек мəтіннен бұрын емес, онан 
кейін де тірлік етеді деп біледі Р. Барт. Бұл түрғыда кез келген 
мəтін өзге мəтіндер кеңістігінде жанданып, қосымша мағына 
тудырады. И-дік құбылыс семио-тикалық жүйе ретінде бүкіл 
мəдениетті қамтиды. И. тұрғысынан мəтін мен оқырман, оқу 
мен хат арасындағы айырмашылық жəне қарсы тұру жоққа 
шығарылады. 
ИНТЕРСУБЪЕКТІЛІК – таным субъектілері арасындағы 
арнайы қарым-қатынас, өзара араласу мен білімін өзгемен 
бөлісудің негізі. ХХ ғ-ға дейін танымның нанымдылығы таным 
жасаушы субъектінің əмбебап құрылымына байланысты еді.
КИЧ (грек. Kіtsch - парықсыздық, шалағайлық) — бұқаралық 
мəдениеттің төменгі қабаттарына жататын өнердегі құбылыс 
түрі. К. эстетикалық-көркемдік құндылығы төмен, қарабайыр, 
сыртқы жарқылдаққа негізделген жалған өнер ретінде 19 ғ. 
алғашында Мюнхен суретшілерінің арасында қалыптасты. 
КОЛЛИЗИЯ (лат. collіsіo - қақтығыс) — қарама-қарсы күш-
тердің, көзқарастардың, ұмтылыстардың, мақсаттардың қақты-
ғысын білдіретін термин. Көркем К. — көркем шығармадағы 
кейіпкерлердің, ондағы оқиға шиеленістерінің, қақтығыстары-
ның көрінісі. Көркем К. тікелей шығарманың сюжетінде, 
оқиғадағы тартыста байқалады. 
КОММУНИКАЦИЯ (лат. communіcatіo - қатынас, байланыс) 
— қатынас, байланыс, хабарлау амалдарының жолдары. Адам-
дардың бір-біріне хабар беру (идея, образ, баға, белгі т.б.) 


123 
жолдары, бір-бірімен хабар алысушыларды байланыстыратын 
канал, хабарды беру жəне алу процесі, хабарды алу жəне беру 
барысындағы байланыс т.б. К-ға жатады. 
КОНТЕКСТ (лат. contextus - қосылу, келісім, байланыс) — 
мəдениеттануда адамның шығармашылық қызметінің нəтижесі-
нің маңызын айқындайтын, мəдени жəне əлеум.-тарихи жағдай-
ды жалпы түсіндіру үшін қолданылатын термин. 
КОНФОРМИЗМ (көнелат. conformіs - тəрізді, ұқсас, сəйкес) 
— ықпалы күшті үлгіге, стереотипке сыни көзқараспен қарамай, 
артына бірден еріп кету, бейімделгіш, енжар да селқос əлеумет-
тік іс-əрекет түрі. Мəдени К. — Р. Мертонның айқындауынша, 
тұлғаның мəдени мақсатты, оған жету жолын сын көзбен 
сараламай қабылдауы. 
МАКЛЮЭН Маршал (1911-1980) — канадалық мəдениет-
танушы. М. мəдениетте коммуникациялық технологиялар 
маңызды рөл атқарады деп есептейді. Байланыс құралдары 
мəдениеттің бейне-реңкін анықтайды жəне адамның сезімдік 
ағзаларының біреуінің немесе келесісінің қызметін жандан-
дырады. Сондықтан мəдениеттер бір-бірінен адамның əйтеуір 
бір сезімдік ағзасының белсенді қызметіне байланысты өзгеше-
ленеді. Коммуникацияның əрбір жаңа түрінің пайда болуы жаңа 
əлеум.-экономикалық жəне мəдени құрылымдардың, жаңа 
“галактиканың” пайда болуына əкелді. Сондықтан да ол 
тарихты бір-бірімен ұзақ уақыт бойы қатар өмір сүре алатын 
“галактикалардың” кезекпен ауысып отыруы деп таниды. 
Адамзат тарихы төрт кезеңге бөледі: жазу пайда болғанға дейін-
гі жабайылық кезең; фонетикалық жазу мыңжылдығы; “Гутен-
бергтік галактика” — баспа техникасының бес жүзжылдығы; 
“Маркони галактикасы” — қазіргі электрондық өркениет.


124 
МАРГИНАЛДЫҚ (лат. margіnalіs - шет, жиектегі, шекара-
дағы) — қоғамдағы əртүрлі процесстердің нəтижесінде (көші-
қон, этномəдени əрекеттестіктер, қоғамдық жүйелердің модер-
низациялануы жəне басқа) пайда болатын, өзге мəдениет. М. 
дəстүрлер мен нанымдарды иеленуші бола тұра бөтен мəдени 
құндылықтар мен əлеуметтік рөлдерді меңгеруге мəжбүр 
аралық, шекаралық əлеуметтік топтардың мəдени құндылық-
тары, дəстүрлері, нанымдары, бағдарлары жəне тұрмыс сая-
сатының басқа да элементтерінің конгломераты. “Маргиналды 
тұлға” ұғымын 1920 жылдары өздері үшін жаңа урбанистік 
тұрмыс қалпына бейімдеуге мəжбүр жағдайға тап болған имми-
гранттардың мəдени статусы мен сана-сезімін белгілеу үшін 
Р.Парк ұсынды. Қоғамдық, ресми мойындалған стандарттардан 
өзгеше нормалары мен бағдарлары оның көрінетін маргиналды 
субмəдениеттердің ерекше спецификасы бар, мойындалған 
стандарттан белгілі бір деңгейде бас тарту-басымдық танытып 
отырған мəдениет өкілдерінің қабылдамауын, өздеріне күштеп 
тартуын туғызады (мыс., этникалық азшылықтардың жағдайы). 
Бұл мəселе 1930 жылдары Э.Стоунквисттің зерттелулерінде 
қарастырылып-зерттелді. М-қа тəн, тұлғаның мəдени “екіұдай-
лануы”, оның бағдарларының “мəдениаралық” болуы мəдени 
тұрғыдан өз-өзіне пара-пар болу процесін күрделендіре түседі. 
Бұл деперсонализацияға, сананың бөлшектенуі, мəдени потен-
циалдың фрагментарлығына бастауы мүмкін. Зерттеушілер, 
сонымен қатар, М-дықтың жекелеген жағдайларында тұлғаның 
мəдени баюы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
МОДЕРНИЗМ (франц. moderne – ең жаңа, қазіргі) — XІX ғ.-
дың. соңы 20 ғ.-дың ортасына əдебиет пен өнерде мəдениетте 
қалыптасқан филос.-эстетикалық қозғалыс. М. өнерде болып 
символизм (П.Верлен, А.Рембо, С.Малларме, О.Уайльд, 
В.Соловьев, А.Блок); эмпрессионизм (Г.Тракль, Ф.Кафка, 
Э.Мунк, А.Шенберг) жəне акмеизм (А.Ахматова, А.Гумелев, 
О.Мандельштам) арқылы көрініс тапты. М. реализмге қарсы 


125 
қойылады. Бұл ретте М. өмір болмысты бейнелеуге емес, өз 
шындығын көрсетуге ұмтылады. Модернисттер үшін өмір 
шындығы ұғымы-аллюзиялар, реминисценциялар. Мұнда негізгі 
ұғым цитаталар, реминисценциялармен толыға, ұлғая келе 
интермəтінге айналатын “мəтін” болып табылады.
НИГИЛИЗМ (лат. nіhіl - ештеңе) — мəдениет құндылық-
тарын, адамгершілікті, мемлекетті жоққа шығару. Батыста 
филос. жəне этикалық Н. “уақыты өткен дəуірді” терістеу 
ретінде көрініс табады. А.Шопенгауэр нигилистік сипаттағы 
дүниеге толғаусыз қатынастың буддалық теориясын жасады. 
Ницше бұл теорияны өзінше қабылдап, Н-ді “барлық құндылық-
тарды қайта қарау” ретінде түсінуді ұсынды. Ницше Н-ді 
христиан моралінің, гуманизмнің дағдарысы ретінде қарас-
тырады.
ПАРАДИГМА — үлгі немесе модель. Қазіргі философиялық 
ғылымның негізгі ұғымдарының бірі. Т. Кун енгізген бұл ұғым 
ғылыми қауымдастық қабылдаған жəне ғылыми дəстүрдің өмір 
сүруін қамтамасыз ететін сенімдер, құндылықтар жəне техника-
лық дəстүрлердің жиынтығы мағынасын білдіреді. Жалпы 
мойындалған П-ның қалыптасуы ғылымның жетілгенінің белгісі 
болып табылады. П-лардың ауысуы ғылыми төңкерістің көрінісі 
– бұрынғы беделдердің, үлгілердің, методологиялардың, теория-
лардың, дүниетанымдардың дүние-əлем бейнелерінің қирауы. 
ПЕРФОМАНС (ағыл. Performance - орындалу) — көпшілік 
алдында өнер мен өнерден тыс нəрседен синтездеу принципі 
арқылы артефакт (адамның жасаған мəдениет өнімі) жасау. Ол 
арнайы кəсіби дағдыны қажет етпейді жəне ұзақ уақытқа 
арналып жасалмаған. Бұл жерде - шиарат (дене қимылы) 
маңызды. П-тің басты белгілері эпатаж, қабылданған қалыптан 
өзгешелік. 1970 ж-дары пайда болған, постмодернизм өнеріне 
жатады. Оның эстетикалық ізашарлары футуризм, дадаизм, 


126 
хэппеннинг, концептуальды өнер болып табылады. П. суретші 
тұлғасының өзіндік келбетіне басты назар аударады.
ПОСТИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМ — экономикалық дамы-
ған елдердің “индустриялықтан”, “индустриялықтан кейінгі” 
қоғам типіне өтумен сипатталатын қазіргі жағдайын білдіретін 
ұғым. Бұл терминді аталмыш қоғамның қызмет көрсету 
экономикасын қалыптастыру, ғылыми-техникалық мамандар-
дың басымдылығы, жаңа “интеллектуалды” техниканы жасау 
сияқты негізгі белгілерін қалыптастырған Д.Белл ұсынды. Қоғам 
бір-бірімен тығыз байланыстағы факторлардың, техника-ның, 
əлеуметтік құрылымның, саясаттың, рухани құндылық-тардың 
жүйесі ретінде қарастырылады. Экономиканы өндірісті тек 
сандық жағынан өсіруден “тұрмыс деңгейін” жақсартуға 
бағыттау, экономикалық емес əлеуметтік бағдарламалар айма-
ғын кеңейту қажет деген пікір айтылады. Беллдің айтуынша, П. 
қ-да капиталисттер табы жойылады, ал олардың орнын оқыған, 
білім деңгейі жоғары жаңа билеуші элита басады. П. қ. 
теориясының əртүрлі аспектілері — А.Тофлер, Ю.Хабермас, 
З.Бжезинский т.б. қалыптастырды. 
ПОСТМОДЕРНИЗМ — дəл мағынасында модерннен кейінгі, 
қазіргі заман дегенді білдіреді. “Қазіргі заман” ұғымының нақты 
бір қатаң анықтамасы жоқ. Жаңа дəуір рационализімі, 
Ағартушылық дəуірінің ағымы, сондай-ақ ХІХ ғ. екінші 
жартысы. Əдебиет, XX ғ. басындағы авангардта қазіргі заман 
ретінде қаралуы мүмкін. Сол себепті, осы дəуір дəуірлерден 
кейінгінің бəрін П. деп атайды. П. термині 1917 ж. бастап 
қолданысқа енгенмен, оның кең таралуы мен терең түсінілуі 
1960 ж. басталды. ХХ ғ. архитектурадағы стиль атауы ретінде 
пайда болып, ол кейін əдебиет пен өнердегі өзгерістерді, сол 
сияқты əлеумет.-экономикалық, технологиялық жəне саяси 
аймақтағы өзгерістерді сипаттау мақсатында қолданылды. 
Франц. философ, П. Ж.Лиотардың “Постмодернизм тағдыры” 
еңбегінің негізінде П. термин-ұғым статусына ие болды. Ол П. 
туралы пікір-талас философия мен мəдениет аймағына да 


127 
таратты. Ол белгілі бір парадигманың үстемдігін жоққа 
шығарып, орталықсыздандыру принципін орнықтырды. Фило-
софияда П. онтология мүмкіндіктерінің сарқылғандығын түсіну 
ретінде қалыптасады. П-тік эстетиканың принциптері лабиринт 
пен ризома болып табылады. П. - Батыста индустриалдық 
қоғамның орнына келген жаңа постиндустриалдық қоғамның 
серігіне айналды. Енді құнды тауар ақша да емес, билік те емес, 
ақпарат болып табылады. П. үшін нақты шындық жоқ, тек 
виртуалды шындық қана бар (П. компьютерлер, видео мен 
интернеттің гүлденген кезінде пайда болуы да тегін емес). 
Сондықтан П. мəтіндердің нақтылығы мен олардың плюра-
лизімін бекітеді. Лабиринт принципі бойынша құрылып, Б.А.Қ. 
гипершындығын (Бодрийар) тудыратын “гипермəтін” ұғымы 
пайда болады. Ақпарат ағымы адамды виртуалды шындық 
жағдайына əкеледі. Адамның индивидуалды Мені ұжымдық 
санамен алмастырылады. Бұл көпшілік-сəуегейлік мəдениетте 
толерантты қатынасты анықтайды, ендігі жерде ол элитарлы 
мəдениетке қарама-қарсы қойылмайды. П. мəдениеттің құрағы, 
яғни өткен мəдениеттің əртүрлі элементтерінен құрастырылған 
құрақ ретінде сипаттауға болады. Бұл құрақта əлде-бір дəстүрге, 
жанрға, стилге немесе дəуірге артықшылық берілмейді. 
ПОСТСТРУКТУРАЛИЗМ — структурализмнің екінші 
толқыны, структурализмді сынаумен байланысты жəне оның 
алдыңғы шектеушіліктерінен арылуға бағытталған ағым. П-нің 
өкілдері Ж.Деррида, Делез, Бодритар, Лиотар, Ю.Кристева, 
М.Фуко т.б. П. басты міндеттерінің бірі - логоорталықтық 
метафизиканы сынау жəне мəдениеттегі тіл билігін жəне билік 
тілін айқындау. Деррида, метафизиканы деконструкция арқылы, 
яғни мəтіндегі жүйеден тыс, маргиналдық элементтердің маңыз-
дылығын көрсету арқылы жеңуге болады деп санайды. Ғылыми 
айналымға, осыған дейін тек тұрмыстық тілде қолданылған, 
сөздер мен ұғымдар енгізіледі, бірақ оларға бұрынғы мəн-
мағынаны толықтыратын жəне шектейтін жаңа мазмұн беріледі. 
Мəтін интерпретациясы - бұл мəтінге тікелей қатысы жоқ 


128 
нəрсені түсіну. П. үшін адамды сипаттайтын негізгі категория
тілек болып табылады. Ол адамның басқамен қарым-қатынасқа
түсуге деген ынтасын айқындайтын əмбебап бітім. Ол индиви-
дуальды жəне ұжымдық іс-қимылдық барлық бітімін, əлеумет-
тік жəне мəдени шындық бітімдерін анықтайды. П. қоғам мен 
мəдениет - “билік - бағыну” қарым-қатынасының жаппай 
көрініс табатын орны ретінде көрініс табады. Билік өзін адам-
дық қарым-қатынастардың барлық деңгейінде - саяси доктрина-
дан қарапайым қарым-қатынасқа дейінгі аралықта жүзеге 
асырады. Сондықтан П. биліктің іске асу тəсілдерін анықтап, 
оған көптілікті, бірегейлікті жəне ыдыраңқылықты қарама-
қарсы қоюды өз міндеті деп таниды.
СИМУЛАКРУМ (лат. sіmulare - жалған, өтірік, жасанды) — 
бұл термин түрлі мағынада қолданылады. Платон философия-
сында С. - көшірменің көшірмесі, бейнеленгеннің бейнесі деген 
мағынада қолданылады да алғашқы көшірме, алғашқы бейне-
мен, түпнұсқамен салыстырғанда көшірменің көшірмесі, бейне-
нің бейнесі ретінде шындықтан, яғни шынайы зат бейнесінен 
алшақтық деп қарастырылады. С. - ойдан шығарылған, қолдан 
жасалған, яғни нақты шындықтағы затқа "үш қайнаса сорпасы 
қосылмайтындай" бөлек нəрсе деп анықталады. Бұл С.-ның 
репрезентативті моделі, яғни көшірмеде көшірме жасалған зат 
идеясының өзінің референт ретінде болуын талап ететін модель. 
С.-ның екінші мағынасын, немесе репрезентативті емес моделін
Ж. Бодрийар, Ж. Делез жəне Ж.Дерриданың еңбектерінен 
кездестіреміз. Олардың түсіндіруінше, С.-ның мəні оның 
референтсіздігінде, яғни көшірмеден көшірме жасалып отырған 
зат идеясына сай болудың қажет еместігінде, өйткені С. əуелден 
болмыс-шындықтың құрылымында кездеседі. Олар бар нəрсе, 
тұрған нəрсе жəне оны қайта таныту, қайта көрсету мəселесін 
керексіз деп табады. Симуляция шындықтың өз бойында бар 
нəрсе болса, онда түпнұсқа туралы сөз болмаса керек деп 
түсіндіреді С.-ның репрезентативті емес моделін жасаушылар. 
Солардың бірі – Жан Бодрийар үшін симуляция дегеніміз 


129 
жасанды қылық көрсету, қылымсу-тəлімсу, жалғандық емес. 
Олардың арасындағы өзгешелікті Ж. Бодрийар төмендегідей 
мысалмен түсіндіреді. Мыс., кімде-кім өзін өтірік аурумын десе, 
онда оның жалған, жасанды қылық көрсеткені. Ал енді кімде-
кім өзін ауырмаса да аурумын деп есептесе, ауруды симуляция-
ласа, онда ол адамның бойынан расында да аурудың “шынайы” 
белгілерін табуға болады. С. объективті процесс емес. Əлгі 
ауруды симуляциялаған адамды объективті тұрғыдан не науқас, 
не сау деп қарастыра алмайсың. “Репрезентация белгі мен 
шындық арасында эквиваленттілік принципінен басталады
бірақ ол эквиваленттілік - утопия. Дегенмен де сол утопия негізі 
аксиома ретінде қала береді. Ал С. болса эквиваленттілік прин-
ципінің утопиялылығынан басталады, сондықтан да ол белгіні 
шындықты айқын танытатын құндылық ретінде қарастырмай, 
оны реверсия (орын ауыстыру, алмастыру) деп түсіндіреді”. 
Шындықтың орнына гипершындықты қою керек дейді Ж. 
Бодрийар, себебі шындықты тану тіпті де мүмкін емес. 
«Диснейленд» - қиял əлемі – С.-ның шынайы моделі. Дисней-
лендте жүрген адамға одан сыртқары жатқан территорияның 
бəрі (Лос-Анджелес, АҚШ) - шындық емес, гипершындық 
болып көрінері рас. Сонымен, біздің шындық ретінде қарас-
тыратын шындығымыздың өзі С.
СЦИЕНТИЗМ (лат. scіentіa - ғылым-білім) — мəдениет 
жүйесіндегі ғылымның рөлін абсолюттеп, асыра мадақтап 
көрсету. Қоғамның өмірінде маңызды роль атқаратын 
ғылымның үлгісі ретінде С. көбінде жаратылыстану
ғылымдарын, позитивті ғылымдарды қарастырады. Сондықтан 
да С. философияда болсын, дүниетанымда болсын, əлеумет.-
гуманитарлық мəселелерді талдауда болсын дəл, нақты 
ғылымдарға тəн дағдылы аксиомалық құрылымның, 
анықтамалар жүйесінің, эксперименталды қайталанудың т.б. 
болуын талап етеді. С. ғылыми-техникалық революцияның 
əсерінен, яғни ғылымның болашағына деген кəміл сенімнен, 
ғылымның адамзат тіршілігінің түбірлі мəселелерін шешудегі 


130 
мүмкіндіктерін шексіз деп қарастырудан туындайды. Қазірде 
ғылымға көзсіз бас июден ғылымның өзін, əсіресе оның 
туындатқан техникасын адамзатты қауіп-қатерлі жолға 
бастайтын күш деп қарастыратын, адамның шынайы адами 
мəнін тəркілейтін фактор деп танитын С.-ге қарама-қарсы 
антисциентизм идеологиясы да пайда бола бастады. 
СЮРРЕАЛИЗМ (фран. surrealіsme - реализмнен жоғарғы) — 
ХХ ғасырдың көркем мəдениеті саласындағы авангардтық өнер-
дің бір бағыты. С. көркемдік ағым ретінде Францияда ХХ ғ-дың 
20-шы жылдарында пайда болды. Бірнеше дағдарыс, тоқырау 
кезеңдерін басынан өткізген С. бірте-бірте тобырлық-сауықтық
мəдениет элементтерімен араласа келе постмодернизмнің 
құрамдас бөлігіне айналды. Француз С.-нің алдыңғы қатардағы 
өкілі - Андре Бретон “Сюрреализмнің манифестінде” (1924ж.) 
былай дейді: “Сюрреализм – таза физикалық автоматизм”, яғни 
ойға келген нəрсенің ешбір этика-эстетикалық, ақыл-парасаттық 
електен өтпеген таза көрініс. С. еркін ассоциациялар, түстің 
таңғажайып əлемі арқылы сыртқа шығарылатын, əлемге 
игерілетін адамның бейсаналық өмірін, оның шым-шытырық 
қалтарыс-бұлтарыстары көп тұстарын суреттеуді өнердің басты 
мақсаты деп табады. “Сюрреализм манифестінің” авторы 
А.Бретон көбінде З.Фрейд, К.Г.Юнгтың психоанализ теориясы-
на сүйенеді. Жалпы С.-нің өкілдерінің бəрін де, С.-нің өзін де 
психоанализ туындысы ретінде қарастыруға болады. С.-нің 
негізі ұғымдары - “қиял”, “ұйқыдағы түс көру”, “галлюцинация” 
(көзге əр нəрсенің елестеуі), “сандырақ”, “таңғажайып сиқырлы 
көріністер”, “сананы” өзгеріске ұшыраған күйлері”. С. өзін 
көркем суретте жарқын да айқын көрсетті. Көркемсуреттегі С.-
нің басы қосылмайтын нəрселерді біріктіру принципінің өзі 
қызықты С.-тік картиналар эмоционалдық тосын күйге түсіріп, 
ес тандырарлық жағдайға əкеледі. Осындай сананың төменгі 
деңгейіндегі “тығулы” жатқан бейсаналық процесстердің “авто-
матты” хаосы С. Дали шығармасында жиі кездеседі. С.-нің 
көркемдік тəсілдері кинематографта Л. Бунюэль, А. Сокуров 


131 
шығармашылығында, абсурд театрында (С. Бекке, Э. Ионеско), 
теледидарда, кітап графикасында өз көрінісін тапты.
ТЕХНИКА (грек. techne - өнер, шеберлік, машық, кəсіп) — 
қоғам мен табиғатты байланыстырып жатқан феномен. Т-ны кең 
жəне тар мағынасында қарастыруға болады: тар мағынасында Т. 
— индустрия, өндіріс, кəсіп дегенді білдіреді (экономикалық Т., 
өндірістік Т., əскери Т., машина - жабдықтар, тұрмыстық Т. 
т.б.), кең мағынасында Т. деп өнерді, шеберлік түрін айтады 
(ойлау Т., бейнелеу Т., би-өлең Т., т.б.). Т-ның мəні адамға аз 
күш жұмсатып, көп нəтижеге жеткізуде жатыр. Т. мəдениеттің 
негізін қалайды. Адам Т-ға өзінің адам ретінде қалыптасуымен 
қарыздар. Бірақ Н. Бердяевтің "Техника туралы сұрақ адамзат 
пен оның мəдениетінің тағдыры туралы сұрақ" дегенін естен 
шығармаған дұрыс. Расында да қазіргі техниканың даму 
қарқыны, оның игі əсерімен қатар кері ықпалының көбеюі 
ақылы бар адам баласын ойландырмай қоймайды. Батыста Т-ны 
философиялық-мəдениеттанушылық ізденістердің нысанасына 
айналдыру И. Бекманның “Технология туралы нұсқау, немесе 
мануфактура, фабрика жəне шеберлікті тану” (1777 ж.), Э. 
Капптың “Техника философиясының негіздері” (1877ж.) атты 
шығармаларының дүниеге келуімен байланысты жүріп отырды. 
Бұл екеуінің Т. концепциясы “органопроециялық” сипатқа ие 
болды, өйткені олар Т-ны адамның өз органдарын, дене ағзала-
рын табиғи материалға проекциялау нəтижесі деп түсіндірді. 
Мыс., экскаватор - үлкен алақан уысы; автомобиль - желаяқ 
жəне т.б. Т. тақырыбын Дессауэр, Хайдеггер, Ясперс шығарма-
ларынан да көптеп кездестіреміз. Мыс., Хайдеггердің айтуы 
бойынша, Т. - адамның өзін-өзі жүзеге асыру тəсілі əрі сол 
арқылы болмыс қыр-сырын, жұмбағын шешу жолы.
ТЕХНИЦИЗМ — техниканы қоғам тағдырын анықтауыш 
күш деп түсіндіретін əлеуметтік-психологиялық нұсқау жəне 
саяси-қоғамдық ой бағыты. Т. қоғамдағы елеулі өзгерістер 
тікелей техниканың əсерімен жүзеге асады деп ұғындырады. Т. 


132 
идеологиясы адамзат үшін техниканың дамуы қашанда ізгілік 
көзі деген үстірт көзқарасқа негізделген. Т. идеологиясының 
мəдениеттанушылар, əлеуметтанушылар ілімдерінде кездесуін 
олардың адамзат мəдениетінің тарихи негізгі сатыларын 
техниканың белгілі бір аспектілерімен байланысты қарастыру-
ларынан байқаймыз.
ТЕХНОФОБИЯ (грек. тechne - техника, fobіa - қорқыныш) 
— техникалық прогрессті теріс қабылдау, техникаға үміт арту-
дан гөрі оның əкелер қауіп-қатерінен үрку, техниканы адамның 
жауы деп санау. Т. идеологиясы адамзатты жөн-жосықсыз 
тұтынушылық жолында техниканың құлы болып, соның бір 
тетігіне айналып кетуден сақтандырудан туындайды. Т. Адам-
ның жеке басының тұлғалық ерекшеліктерін техника жоққа 
шығарады деп үрейленеді. М. Голдман, Дж. Форестер, Д. 
Медоуз өздерінің Т-лық концепцияларында экологиялық кризис 
себептерін ғылыми-техникалық революциядан табады. Олар 
технологиялардың дамуын осы қазіргі деңгейден ары асырмау 
керек, тек сонда ғана əлемде табиғат пен техника арасындағы 
тепе-теңдікті ("глобальды тепе-теңдікті") қалыптастыруға бола-
ды деп түсіндіреді. 
ТОЛЕРАНТТЫҚ (ағылш. tolerance - төзімділік, көнбістік) — 
басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-əрекетке, əдет- ғұрып-
қа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік көрсете білу қасиеті. Т. 
адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демо-
кратиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Т — қоғамның 
жалпы жəне саяси мəдениетінің деңгейінің көрсеткіші.
ТОЛЫҚТЫРМАЛЫҚ ПРИНЦИПІ — квант механикасына 
байланысты Н. Бордың ашқан тəсілдемелік принципі. Ол 
принцип бойынша микроəлемге қатысты физикалық объектіні 
дəлірек суреттеу үшін оны бірін-бірі жоққа шығаратын 


133 
қосымша суреттеу жүйелерін пайдалана отырып анықтау қажет 
делінген. Квант механикасының негізінде энергия мен материя-
ның аз мөлшерлері өз бойында бір мезгілде бөлшектік те, 
толқындық та қасиеттерді жинақтайды деген түсінік жатыр. 
Өлшеніліп отырған материяның қандай күйде болатындығы 
өлшеушіге, дəлірек айтсақ, оның өлшеу тəсіліне тəуелді. Бір 
тəсілмен алынған өлшеу нəтижесінде жарық кванты өзін толқын 
ретінде танытса, екінші тəсілді пайдалану барысында ол бізге 
бөлшек (корпускула) болып көрінуі де мүмкін. Яғни, егер 
микроəлемде элементарлы бөлшектер бірмезгілде əртүрлі күйде 
бола алатын болса, онда біздің макроəлемде, “үлкен” əлемімізде 
де сондай болуы əбден ықтимал. Əлемнің екіжақтылығын 
ескере кетсек, онда əлемдегі біз де бір мезгілде тірі жəне өлі 
болуымыз мүмкін. Бізге сырттан қарап тұрған бақылаушының 
күйіне байланысты біз бір мезетте не өлі, не тірі күйде боламыз. 
Бақылаушы біздің жүйеден тысқары, ал ол бақылаушының
өзінің күйі оның жүйесінен бөлек орналасқан тағы Басқаға 
байланысты сөйтіп, əрбір жүйе басқа ірі жүйенің құрамдас 
бөлігі ғана жəне сол өзінен жоғары тұрған жүйеге қатысты ол 
тек бақылау жүргізіліп отырған объект есебінде. Н. Бор өзінің 
тұжырымдаған принципінің тəсілдемелік мəнін жақсы түсіне 
білген: “тірі организмдер, сана иесі - адамдар мен олардың 
мəдениеттері ішкі біртұтастыққа ие, ал ол біртұтастықты 
сипаттап, көрсету үшін суреттеуді қосымша тəсілі қажет”. Т.п. 
біздің физиологиямыз арқылы да түсіндіріледі, себебі біздің бас 
миымыздың жартышарларының функционалдық ассиметриясы 
Т.п. жүзеге асырудың табиғи механизмі болып табылады.
УНИФИКАЦИЯ (лат. unus - бір) — мəдениеттануда мəдени 
біртектілікке, біржүйелікке келтіру дегенді білдіретін ұғым. 
УРБАНИЗАЦИЯ (лат. urbanus - қалалық) — қалалардың 
жəне қала тұрғындарының көбею процессі. У. тұрғындардың 


134 
белгілі бір кеңістікте шоғырлануына, ғылым мен мəдениет 
институттарының бір орында жинақталуына əкеледі. 
УТИЛИТАРИЗМ (лат.utіlіtas - пайда) — этикалық, 
мəдениеттанулық, дүниетанымдық принцип. У. бойынша əрбір 
феномен əкелер пайдасы тұрғысынан бағалануы жəне қарас-
тырылуы тиіс. У-нің негізін қалаған ағылшын моралисті И. 
Бентам болды. Оның айтуынша əрбір іс-əрекет өнегелі болуы 
үшін адамның жеке мүдделерін қанағаттандыруы тиіс. Тек 
сөйткенде ғана “көп адамға үлкен бақыт” сыйлайсың.
ФАНТАСМАГОРИЯ — қиял, сандырақ, елес; оптикалық 
аспаптар арқылы түрліше елестетіліп, көрсетілетін ғажайып 
көріністер. 
ФАНТАЗИЯ ( грек. phantasіa - қиял жемісі) — бұл ұғымның 
мəдениеттанулық мəні адам қиялының идеалды қайта құрушы 
мүмкіншілігімен байланысты. Қиял мен Ф.-ның синонимдер 
ретінде пайдаланылатындығына қарамастан оларды ажырата 
түсіндіруге де болады. Ф. деп көбінде нақты шындықта кездес-
пейтін, таза ойдан туған нəрселерді айтады. Ал қиял дегеніміз 
нақты шындықта бар алғашқы бейнені ой арқылы жетілдіру, 
дамыту нəтижесінде пайда болатын идеалды бейне жасау 
процессін білдіреді. Ф. ұғымын басқа мəдениеттанулық мағына-
да да пайдаланады. Мыс., музыкалық мəдениет саласында Ф. 
деп еркін суырып салмалық, импровизациялық бастамға негіз-
делген аспаптық шығармалар мен пьесаларды айтады. Ф. жеке 
тұлғалық психологияда, білім беру саласында кең қолданы-
латын ұғым, өйткені Ф-ның адамның тұлға ретінде қалыптасу 
барысында атқаратын қызметі зор. Онда адамның шығарм. 
қабілетін арттыратын фактор ретінде қарастырылады. 
ФАНТОМ (франц. fantome - елес) — адамның қиялынан 
туындаған таңғажайып елес, көрініс. 


135 
ФЕМИНИЗМ (лат. femіna - əйел, ұрғашы) — қоғамдағы əйел 
рөлі жəне құқығын кеңейту, сөйтіп оған ерлермен тепе-тең 
деңгейдегі жағдайлар жасауды талап ететін қоғамдық қозғалыс 
жəне рухани ағым. Ұғымды француз тіліне 1840 жылдар 
шамасында француз экономист-философы Шарль Фурье өз 
еңбектері арқылы енгізген. Бұл ұғым екі деңгейде анықтауды 
қажет етеді, өйткені Ф., бір жағынан, əйелдердің өз құқық, бас 
бостандықтарын қорғау үшін бастаған қоғамдық қозғалысы, 
екінші жағынан, əйелдің қоғамдағы орнын анықтайтын əлеу-
мет.-философиялық, социологиялық, психологиялық, мəдениет-
танулық ілімдер жиынтығы. Ф-нің тарихына көз жүгіртер 
болсақ, онда Ф.-нің бастауында əйелдерге сайлау құқығын 
беруді талап еткен ХХ ғасырдың басындағы суфражизм қозға-
лысының тұрғандығын көреміз. ХХ ғасырдың басында пайда 
болған бұл қозғалыс өз мақсаттарына жеткеннен кейін біраз 
уақыт Ф. мəселесі қойылмады десе де болады. Бірақ ХХ ғасыр-
дың ортасынан бастап, əсіресе 70-ші жылдарда Ф. Қозға-
лысының “екінші толқыны” пайда болды. Соның нəтижесінде 
түрлі ұйымдар мен партиялар дүниеге келді. Ф-нің бастапқы 
сатыларында əйелдер жыныстар теңдігін заң тұрғысынан, 
азаматтық мəртебе тұрғысынан қарастырса, қазірде əйелдер 
эмансипациясының идеологтары кең мəдени-əлеуметтік талқы-
лаулар нəтижесінде əйелді қанау мен қорлаудың терең əлеумет-
тік-мəдени тамырларын ашып отыр. Ф. идеологтарының лидер-
лері - алдыңғы қатардағы жол бастаушылары бүткіл батыс 
мəдениетінің патриархалды, маскулиндік (еркектік) қасиетін 
анық көрсете білді. Олардың айтуынша, маскулиндік дəстүрлі 
мəдениетте шынайы адами қасиеттер тек еркектік ізгіліктермен 
теңдестіріледі де əйел баласы тек тəн (нəпсімен) жəне оның 
қызметтерімен (нəпсіқұмарлық, ұрпақ жалғастырушылық) ғана 
танылады. Қоғамның барлық жақтарының қарама-қайшылық-
тары еркектіліктің (маскулиндіктің) ақылмен, парасатпен, қи-
сынмен, мəдени шығармашылықпен, ал əйелдіктің (феминдік-
тің) табиғи бастамамен, иррационалдықпен, сезіммен, қирату, 


136 
бұзып-жоюмен байланыстырылуынан туындайды. Соның нəти-
жесінде əйел мен еркектің түрлі гендерлік (жыныстық) рольдері 
туралы көзқарас қалыптасады. Билік рəмізі - фаллос (еркек 
жынысының мүшелік ерекшелігі) қоғамдық санада орнығып, тек 
саяси сахна ғана емес, бүкіл мəдениетте фаллоцентристік 
принципке бағынады. Қазіргі Ф-де жыныстар қарым-қатынасы 
мəселесі биліктік қатынас түрі ретінде қарастырылады. Адам-
заттың бір бөлігі ғана, яғни еркектер билікті уысына жиып, 
мəдениет нормалары мен мəн-мағыналарын қағидалау еркіне ие 
болғандықтан еркектер өз бастарының мүдделерін бүкіл адамзат 
мүддесі ретінде көрсетеді. Сондықтан жыныстар тепе-теңдігін 
қамтамасыз ету үшін бүкіл мəдени құрылым негіздерін өзгерту 
керек деп түсіндіреді замандас феминистер. Ф. теориясын 
жасауға барынша ат салысқан ғалымдар: М. Фуко, Ю. Кристева, 
Ж. Бодрийар, Ж. Деррида, Ж. Делез, Ф. Гваттари, Ф. Соллерс
т.б. 
ХАУЗЕР АРНОЛЬД - австралиялық философ, мəдениеттану-
шы. 1919 жылға дейін Будапештте тұрған, кейін эмиграцияға 
кетіп Италия, Франция, Англияда тұрған. 1938 ж. Англияда 
тұрақтанған Х. өзінің 2-томдық “Өнердің əлеуметтік тарихың 
атты еңбегін жазуға кірісті. Сол еңбектің арқасында Х.-дің аты 
жұртқа танымал болды. Ол Маркс идеяларының, М. Вебер мен 
К. Мангеймдердің социологиясының ықпалын өз басынан өткіз-
ген. Х. марксизм мен фрейдизмді біріктіріп, өзінің көзқарас-
тарына негіз етіп алған. Х.-дің теоретикалық-əдістемелік 
ізденістерінің орталық мəселесі - көпшілік, тобыр мəдениеті.
Х. батыстық мəдениеттің дағдарысын оның “деэстетизация-
сынан” көреді, өйткені ол мəдениет “көпшілік сұранысының 
мəдениетіне”, “сауық мəдениетіне”, “қара тобыр талғамына сай” 
мəдениетке айналып кетті дейді. Х.-дің тобырлық мəдениет 
туралы өзіндік бірегей концепциясының пайда болуына жүйелі 
түрде тиянақты жинақталған көркем-эстетикалық жəне тарихи-
мəдени материалдардың көптігі əсер етті. Х. “тобыр мəдениеті-
нің” алғашқы элементтерінің ХІХ ғ-дың 2-ші жартысында пайда 


137 
бола бастағанына қарамастан оның түпнегізі, түбірі сонау 
алыста жатқандығын айтады. Х. тобыр мəдениетінің қалыптасу 
жолын зерделейді. Х. тобыр мəдениеті құбылысының капита-
листік жүйенің дүниеге келуімен байланыстылығын айтады, 
себебі сол жүйеде ғана өнер шығармаларының өзіне тауар 
ретінде, сауда-саттық объектісі ретінде, айырбас ретінде қарау 
мүмкін. Соның нəтижесінде өнерден қасиетті киелілік кетіп, 
өнер профанацияға ұшырайды. Өнер туындысының орнына 
суррогат (алдамшы, орнын жапқыш), біртумалықтың орнына 
конвейерлік көбейтілген экземплярлар келді. Өнердің түбіне 
жетіп, əлемнің деэстетизациялауына əкелетін құбылыстар стан-
дарттау мен өнерді коммерциялау болып табылады. Бүгінгі 
танымал өнер, дейді Х., қай жағынан алып қарасаңыз да тобыр-
лық өнер, өйткені ол біртипті ойын-сауық түрін өте үлкен 
көрермен аудиториясына ұсынады жəне де сол ұсынған “көркем 
шығармасын” үнемі көбейтіп отырады. Танымал өнер (поп-
өнер) адамның соқыр сезімдерін (инстинктерін) эксплуатация-
лайды, олар үнемі қорқыныш-үрей, секс, қатыгездік, құпия 
таңғажайып оқиғалар сюжетінде жасалады. Оның үстіне тобыр 
мəдениетінің күшеюіне ақпарат алмасу құралдарының жетілуі 
көп ықпал етті. Көпшілік ақпарат алмасу құралдарының 
күрделенуі мəдениетті көпшілікке жеткізіп, демократизация-
лағаннан гөрі біркелкілікке, унификациялауға алып барды.
ХИППИ (ағылш. hіpріe - меланхолия, мұң, сары уайым) — 
əуелде американдық жастардың қоғамдық тəртіп пен қоғамдық 
құндылықтарды көзге ілмейтін, жеке тұлғалық рухани тəуелсіз-
дік пен бостандықты алға ұстаған бейресми тобының мүшесі. 
Х.-лар батыстық тұтынушылыққа бейімделген қоғамдық өмір 
рухын жақтырмай, содан барлық іс-əрекеттерімен, дағды - 
дəстүрлерімен, тіпті сыртқы бет - пішіні, киім киісімен ерекше-
ленуге тырысып баққан болатын. Мыс., Х.-лардың сəн қумай, 
қалай болса солай киінуі; ақша мен мүлікке көз сүзбей, жағдай 
талғамауы; зорлық-зомбылықтың бар түрінен безінуі (паци-
физм); құпия шалғай сырға əуестігі жəне де еркін махаббат 


138 
ұранын ұстануы оларды ХХ ғасырдың 60-70-і жылдары қоғам-
ның “ақ қарғаларына”, көз алдындағы “шелге” айналдырды. Х.- 
жастардың өзіндік субмəдениеті, тіпті ресми мəдениетке 
қатынасты контрмəдениет, яғни қоғамдық жағдайға мəдени 
тұрғыдан жастардың көрсеткен наразылық түрі десе де болады. 
ХИТ (ағылш. hіt - соққы, сəті түскен) — көпшілік сауықтық 
мəдениетінің айқын құбылысы. Көп жағдайда Х. поп немесе рок 
əуездің өтімді, коммерциялық тұрғыдан табысты өнімі ретінде 
қарастырылады. Х.-ты анықтайтын танымалдық кестесі - чарт 
(chart). Х. “біркүндік”, “классикалық” болып бөлінеді. Х. - өте 
танымал өлең, спектакль, фильм, кітап болуы да мүмкін. 
ХОББИ (ағылш. hobby - əуестену, құштар болу, қатты 
қызығу) — əрбір адамның бос уақытын өткізудің ең қызық, 
лайық жолы деп танитын өзіне ғана тəн іс-əрекет əуестігі. 
Біреулер - пошта маркаларын жинаса, екіншілері – автомобиль-
дер тарихын қызықтайды, келесілері – су түбіне сүңгумен 
айналысады т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет