Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы



Pdf көрінісі
бет39/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Бостандықты нығайту жəне одан туындайтын жауапкер-
шілікті мойындау. Бірақ, ол тек өркениетті қоғамда, яғни, күш 
қолданбау идеясын толықтай мойындайтын қоғамда ғана болуы 
мүмкін. Өркениетті қоғамның айырықша белгісі оның алда 
тұрған мəселелерді шешудің бейбіт, күш қолданбайтын жолда-
рын іздеумен тұрақты түрде айналысуы болып табылады. 
Барлық жерде бейбітшілік орнату. Олай болмаған жағдай-
да, өркениетіміз құриды, онымен қоса адамзат та жер бетінен 
жойылады.
Кедейшілікпен күрес. Техниканың дамуы арқасында, əлем
кедейлікті жоюға, сондай-ақ жұмыссыздықты болдырмауға 
тырысады.
Зорлық жасамауға үйрету. Соғыс мəдениетінің орнына 
бейбітшілік мəдениетін уағыздау қажет.
Өзіндік ерекшелікті сақтау – тұрақтылықтың негізі. 
Адамзат бірлігі идеясы жүзеге асыратын мынадай фактор-
ларды атап өтуге болады: 
1. Адамзат табиғатының бірлігі. Адамзат əлдебір қабілетті-
ліктер тұтастығы болып табылады, белгілі бір жағдайда оның 
күштері, қуаттары, дарындары т.б. жүзеге асады, басқа жағдай-
ларда олар потенцияда мүлгіп жатады. 
2. Адамдық сапалардың əмбебаптылығы.
3. Адамзаттың уақыт пен кеңістіктегі бірлігі.
4. Адамзат қоятын мақсаттардың бірлігі. Оларға жататын-
дары: 
- Адамның өркендеуі;
- Еркіндік пен еріктілік;
- Адамның құдіреттілігі, мəдени шығармашылығы;
- Адамда болмыстың ашылуы жəне сол арқылы құдайдың 
ашылуы.
Бірақ жалпылықты адамдар өмірінің түбегейлі қырларын-
дағы ұқсастық, сəйкестік, əрбір жеке мəдениетте өмір сүретін 
жəне көрініс табатын ортақтық деп түсінсек, онда қойылған 
сұраққа оң жауап əбден заңды болады. Тағы да атап көрсетейік: 
сөз бірегей жалпыадамдық мəдениет туралы емес, ал мəдениет 
көптүрлілігіндегі ортақ тенденциялардың барлығы туралы 


105 
болып отырады. Ғылыми тұжырымдамада бұл мəселе мəдениет 
көптүрлілігінің бірлігі мəселесі ретінде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет