32
пайды. Мен құдықты қазуды білмегендіктен əуреленіп жүрген
жоқпын, мен оларды пайдалануға ұяламын”.
Осыдан байқағанымыздай, қытай данагөйлері ғылым идеясы-
ның өзін абсурдты идея деп білсе керек. Компас, оқ дəрі,
мылтықты дəстүрлі Қытайдан қабыл алған Еуропа, өкінішке
орай, оның даналығын, оның өзіне өзі шек қоя білетін байсал-
дылығын бағаламаған: "Бұның бəрі мен сияқты шекті пендеге не
үшін керек?" деген ұстамдылығын, өзін өзі тоқтата білу
қабілетін үйренбеген көрінеді. Нəтижесінде тойымсыз тұтыну-
шылық торына түскен жайын балықтай жанындағыны жалмап
бара жатқан қазіргі адамзат бейнесі көз алдыңа келеді.
Достарыңызбен бөлісу: