37
жеткізетін құрылым. Барлық белгілер үшін ортақ функция –
оның бізге өзінен өзгеше басқа нəрсені білдіретіндігі деп
анықтайды Ə. Тұрғынбаев пен Л. Нұсқабаева. Белгі өзінің басқа
зат пен сол затты қабылдаушы (рецептор) арасындағы
атқаратын қызметіне қарай анықталатындығын көрсетіп тұр.
Демек,
белгі интенционалды, яғни үнемі бірдеңеге бағыттал-
ған. Ал, жалпы, интенционалдық деп сананың затты көздейтін-
дігін білдіретін жəне өзінің əлемде барлығын танытатын сана-
ның қасиетін айтады.
Белгілер:
табиғи, иконалық, конвенционалды, вербалды
жəне т.б. болып бөлінеді. Белгілер жіктемесін ғалымдар түрліше
беруі мүмкін, бірақ олардың барлығын осында келтіріп жату
мүмкін де емес əрі біздің ондай алға қойған міндетіміз де жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: