Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы


параттық нөпір тасқын білім алуға емес, білуге мəжбүрлеу



Pdf көрінісі
бет29/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
Байланысты:
Kulsarieva Kazirgi zaman madeniety

параттық нөпір тасқын білім алуға емес, білуге мəжбүрлеу 
болып отыр.
Мəдениеттен оқу тəжірибесінің кетіп бара жатқан заманы. 
Бүгінгі таңда оқудың нағыз дəурені емес пе – "не жаңалық?" деп 
құлағы түрік жүретін өсекшідей жапа-тармағай газетке бас салу, 
шым-шытырық оқиғаға толы детектив оқуға құмар адамзат 
емеспіз бе дер, бəлкім, біреулер. Мұнда оқу дегеніміз тікелей 
салиқалы да сарабдал классикалық əдеби-философиялық мəтін-
ді оқумен байланыстырылып отыр. Қазіргі оқу оқығаныңды өз 
жүрегіңнен сезіне отырып өткізу, соған қосыла қобалжу, ойға 
шому сынды қасиеттерден ада ақпарат қабылдаумен шектелуге 
жақын күйде деп есептеуге болады.
Оқу тəжірибесі кетіп, оның орнын теледидар мен видео-
ақпарат басып келе жатқандықтан кітап мəдени мінез-құлықты 
қалыптастырушылардың артқы шебіне өтті. Оқудан қалған адам 
миының маңызды бөліктерін жаттықтырудан да қалады, 
қиялдау, сезіну ұшқырлығынан, көңіл-күй сергектігінен жəне 
ойлау шапшаңдығынан айырылады. Бұл қасиеттер ақыл-ойды 
жұтатады, оның шығармашылық əлеуетіне зиян əкеледі.
Ғаламтор кеңістігіндегі адам белгілі бір мағынада номад, 
көшпеліге айналады. Ғаламтор шарлаушысы сол кеңістікте иен 
даланы ат жалына жабысып шауып өтетін көшпелі сынды желіп 
жүр деуге болады. Бірақ оның əлемі көшпелілердің ұшы-қиыры 
жоқ кең даласы емес, гипершындық, виртуалды шындық 
даласы. Тарихи көшпелі өркениет ат жалына жабысып өткен 
өркениет болса, бүгінгі күннің неономады (жаңа көшкіншілері) 
компьютер алдындағы орындыққа жабысқан өркениет, пост-
модерн өркениеті. 
Əлем дегеніміз бір ұзын кабель болып шыққандай! Шындық-
тан тез арада бас тартып, лезде-ақ сап-сау адам қалайша өзін 


67 
фантазмдық экранның ғайып (виртуалды) кеңістігінің тұтқыны-
на айналғанын байқамай да қалады. Осы тұста "ғайып (виртуал-
ды) шындық" ұғымына тоқталу орынды. Түптеп келгенде
“virtual” деген сөздің түбірі латын тілінен қас қылғандай 
“нағыз”, “ең ақиқат”, "шынайы" дегенді білдіреді екен, бірақ біз 
оны өз түсінігімізде "ойдан шығарылған шындық", «шындық 
сияқты болып көрінгісі келген шындық» деп ұғынамыз ғой. 
Біз виртуалды шындықты өзіміздің шындығымызбен салыс-
тырып жалған деп жүрміз. Ал олай болмай шықса ше? Егер 
біздің шындық деп жүргеніміздің өзі интернеттің бір арнасы 
іспеттес виртуалды шындық болып шықса ше? Бəлкім, кезінде 
паровоздан «шайтан арба» деп қашқан ата-апаларымыз сынды 
қазіргі компьютерлік виртуалды шындықты тым құбыжық етіп 
алуымыз да мүмкін. Кім білсін?..
«Виртуалды» деген терминнің тарихына үңілсек, сөзтөркіні 
«virtus»-та жатқандығын жоғарыда атап айтқан болатынбыз. Ол 
ұғым ортағасырлық христиан философиясында абсолютті 
жалпы мəннің жалқы заттармен байланыстылығын түсіндіру 
үшін пайдаланылған. Содан бері ұмыт болуға жақындаған 
терминді физиктер жалған элементарлық бөлшектерді атау үшін 
қайта жаңғыртқан. Олар виртуалды бөлшектер деген тіркесті 
«мүмкін əлем» түсінігімен байланыстырған. Сөйтіп, 70-ші 
жылдардың соңына дейін терминнің электронды əлемге де, 
ақпараттық технологияларға да еш қатысы болмаған.
«Виртуалды шындық» ұғымын 1970 жылдардың соңында 
Массачусетс технологиялық институтында ойлап тапты деген де 
дерек бар. Ол шындықтың компьютер көмегімен берілген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет