68
«Виртуалды шындық», «елес шындық», «ойдан шығарылған
шындық» немесе «ғайып болмыс» – барлығы да ортағасырдан
кейін философияның шеткері ысырып тастаған «виртуал»
ұғымының қайтадан оның тезаурусына (сөздік қорына) белсенді
енгендігін білдіреді.
Виртуалды шындық бар шындықтың тұтастығы, тұрақты-
лығы мен тəмəмдалғандығының орнына бөлшектік, өзгермелік,
алуан түрлілік, аяқталмағандықты қойды. Виртуалды шындық
шын өмірге зиянын тигізбей өз алдына балама əлем жасап алу
мүмкіндігін берді. Компьютерлік графика мен онда болып
жатқан оқиғаларға адамның (Ғаламтор желісіндегі компьютерді
пайдаланушының) тікелей əсер ете алу мүмкіндігі қосыла келе
виртаулды жасампаздықтың жаңа мүмкіндігін берген кибер-
кеңістік дүниеге келді.
Енді міне, «виртуалды корпорация», «виртуалды ақша»,
«виртуалды ойын», «виртуалды оқу», жəне т.б. туралы да
айтатын болып жүрміз осы күндері. Демек, виртуалдылықтың
(ғайыптылықтың) əлеумет өміріне, адам өміріне терең бойлай
енгені соншалық біз енді қоғамның виртуализациялануы
(ғайыптануы) туралы айтуға мəжбүрміз.
60-80 жылдары канадалық мəдениеттанушы Маршалл
Маклюэннің айтқан көріпкелдігі енді жүзеге асты деуге болады
– адам технологиялар көмегімен тек қол-аяғын, құлақ-көзін ғана
қажетінше созып қойған жоқ, ол енді өзінің жүйке жүйесін де
электронды медиа көмегімен ұзартып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: