Практиканың түрлері
Практика – адамның
сезімдік-заттық және заттық-
өзгертушілік қызметі
Адамның
материалдық-
өндірістік
қызметі
Адамдардың
қоғамдық-
саяси
қызметі
Ғылыми-
эксперимен
талдық
қызмет
Үйреншікті
(күндегілік)
өмір
практикасы
ПРАКТИКА
Таным процесінде практиканың маңызы, рөлі зор. Практика –
танымның негізгі формасы және танымда ақиқаттың критерийі болып
табылады. Таным процесінің негізінде адамның объективті дүниеге
тигізетін белсенді әсері жатады. Адам бар мүмкіндігімен, барлық
құралдарымен табиғаттың заттар мен құбылыстарына ықпал жасайды,
оларды өзгертеді, сол арқылы оның өзі де өзгереді.
Практика дегеніміз адамдардың
табиғатты және қоғамдық
құбылыстарды мақсатты және нысаналы түрде өзгертуге бағытталған
қоғамдық және материалдық қызметі. Практика – қоғамдық-тарихи,
үздіксіз, тұтас процесс, оның
субъектісі бірін-бірі ауыстыратын
адамдар ұрпақтары. Теория және практика өзара тығыз әрекет жасап,
бірін-бірі дамытады. Сонымен бірге практиканың маңызын
абсолюттендіруге, рөлін асыра бағалауға болмайды.
Практика
өлшеуішінде абсолюттік те, салыстырмалы да кезеңдер бар.
Практиканың түрлері, белгілері және атқаратын функциялары төменгі
сүлбаларда көрсетілген.
Адамның
материалдық-
өндірістік қызметінің
объектісі – табиғат
материалдары
мен
процестері,
бұл қызмет
табиғатты
игеруге
бағытталған.
Адамдардың қоғамдық-саяси қызметінің объектісі - әлеуметтік-
саяси процестер мен қатынастар, бұл қызмет қоғамдық өмірді өзгерту
мен реттеуге бағытталған.
Ғылыми-эксперименталдық қызметтің объектісі –
аймақтық
(жергілікті) немесе модельдерде зерттелетін табиғи немесе әлеуметтік
процестер, бұл қызметтің мақсаты дүниенің объективтік даму
заңдарын танып-білу.
Үйреншікті (күндегілік) өмір практикасы тұрмысты,
отбасын
ұйымдастыру,
күнделікті
материалдық
қажеттіліктерді
қанағаттандырумен айналысады.
76
Практиканың негізгі белгілері
(ерекшеліктері)
Достарыңызбен бөлісу: