Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия


процесс  (философтардың  көбі) 102 Формациялық әдістің



Pdf көрінісі
бет59/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   87
процесс 
(философтардың 
көбі)
102


Формациялық әдістің негізін салғандар – К.Маркс пен 
Ф.Энгельс. К.Маркс: «Қоғамдық – экономикалық формация – қоғам 
дамуының ерекше сатысы, әрі тарихи анықталған қоғам түрі».
Қоғамдық экономикалық формация (ҚЭФ) – қоғамның 
біртұтастық бейнесі. ҚЭФ – бұл тарихи дамудың белгілі бір 
кезеңіндегі өндірістік қатынастардың жиынтығы, өндіргіш күштердің, 
қоғамдық байланыстардың, саяси құрылыстың даму деңгейі. Бүкіл 
тарих қоғамдық-экономикалық формациялардың заңды ауысу процесі 
деп қарастырылады. Әрбір жаңа формация алдыңғының қойнауында 
пісіп жетіледі, оны терістейді және кейін өзі бұдан да жаңарырақ 
формациямен терістеледі. Әрбір формация қоғамды ұйымдастырудың 
жоғарырақ типі болады. 
Марксизм классиктері бір формациядан басқасына ауысудың 
механизмін де түсіндірді. КЭФ-да екі негізгі құраушы бар - базис 
және қондырма. К. Маркс: «Өндірістік қатынастар жиынтығы 
қоғамның экономикалық құрылымын, реалды базисті құрайды, ал 
оның үстіне құқықтық және саяси қондырма орналысады және оған 
қоғамдық сананың белгілі формалары сәйкес келеді». Базис – 
құрылымдары өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар болатын 
қоғамның экономикасы. Қондырма - мемлекет, саяси, қоғамдық 
институттар. Бір КЭФ-дан басқасына ауысуға экономикалық 
базистегі өзгерістер әкеледі.
Өндіргіш күштер әрдайым дамып жетіліп отырады, ал өндірістік 
қатынастар бұрынғыша қалып қояды. Жаңа өндіргіш күштер мен ескі 
өндірістік қатынастар арасында қайшылық пайда бола бастайды. Ерте 
ме – кеш пе, күшпен немесе бейбіт жолмен экономикалық базисте 
өзгерістер болады: өндірістік қатынастар не біртіндеп, не түбегейлі 
күйрету және оларды жаңалармен ауыстыру арқылы өндіргіш 
күштердің жаңа деңгейіне сәйкес келеді. Өзгерген экономикалық 
базис саяси қондырманың өзгеруіне әкеледі (ол жаңа базиске не 
бейімделеді, не тарихтың қозғаушы күштерімен жойылады) – сөйтіп 
жоғарырақ сапалы денгейдегі жаңа қоғамдық - экономикалық 
формация дүниеге келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет