Әдістемелік нұсқау. Эстетика ілімі. Өнер философиясы. Музыка іліміндегі гармония. Ұлттық философиясының ерекшелігіне, қалыптасуына негізгі назарын аудару.
Сұрақтар: 1.Эстетика ілімінің шығу тарихын ата?
2.Өнер философиясындағы шығармашылық мәселесін талдау қажет.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Элдридж Р. Өнер философиясы. Нұр-Сұлтан: 2020.
2.Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы: 3-ші том. Қазіргі заман философиясының бастауы: А.,2019. https://openu.kz/ru/book/batys-filosofiyasynyng-zhanga-tarihy-3-tom
3.Философия тарихы. Т.Х.Рысқалиев. Оқулық. А., 2015
Практика №12 Қоғам философиялық пайымдау пәні ретінде. Мақсаты: Әлеуметтік философия. Қоғамның қозғаушы күші және әлеуметтік факторлар. Әлеуметтік институттар. Қоғамдық қатынастар мен жүйелер. Индустриалды қоғам.
Жоспары: 12.1. Қоғам философиялық ұғым ретінде.
12.2. Қоғамдық сана феномені: түрлері, құрылымы, мәні.
12.3. Қоғам түрлері. Дәстүрлі, индустриалды, постиндустриалды, ақпараттық қоғам.
12.4. Ашық қоғам, желілік және тұтынушы қоғамдар.
Әдістемелік нұсқау. Қоғамды дамытушы ілім әлеуметтік философия. Қоғамдық сана мен формалар.
Сұрақтар: 1.Қоғам философиясын қарастыру.
ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамдық санасының жаңғыруының Қоғамдық сана феномені: түрлері, құрылымы, мәні.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Мырзалы С. Философия. – А., 2014.
2.Философия тарихы. Т.Х.Рысқалиев. А., 2015.
3.Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. А., 2018. https://openu.kz/ru/book/filosofiyanyng-qysqasha-tarihy-sokrattan-derridaga-deyin
Практика 13. Тарих философиясының пәні. Мақсаты: Тарихтың бағыттылығы, мақсаты және оның мәні.
Жоспары: 13.1. Философиялық дискуссиядағы тарих мағынасы, «тарихтың соңы», посттарих (постистория) мәселелері. Тарихтың бағыттылығы, мақсаты және оның мәні.