Қазіргі білім жүйесіндегі білім беру мекемелерінің типтері:
- мектепке дейінгі: ясли, бала бақшалар;
- жалпы білімдік (бастауыш, жалпы, негізгі жалпы, орта(толық) жалпы білім) : мектептер, гимназиялар, лицейлер, т.б.
- бастауыш кəсіби (училищелер), орта кəсіби (техникумдар, колледждер), жоғары кəсіби (институттар,университеттер,академиялар) жəне ЖОО-дан соңғы кəсіби (аспирантура жəне докторантура, курстар, біліктілік көтеру жəне қайта дайындау институттары) білім мекемелері;
- дамуында ауытқуы бар оқушыларға арналған арнайы (түзету/коррекциялық) оқу мекемелері: көруі нашар жəне зағиптар, естуі нашар жəне кереңдер, ақыл-ес дамуы тежелгендер, есі ауысқандар жəне т.б. мектептері;
- қосымша білім мектептері: вокал, сурет, спорт мектептері, шығармашылық орталықтары, жас техниктер мен туристер үйірмелері жəне т.б.;
- жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған мекемелер: интернаттар, балалар үйі;
- білім алу процесін іске асырушы басқа да мекемелер.
Білім беру институтының атқаратын қызметтері:
- бір ұрпақтан екінші ұрпаққа білімді беру және мәдениетті тарату;
- тұлғаның әлеуметтенуі және қоғамға интеграциясы;
- тұлғаның статусының анықталуы;
- әлеуметтік таңдау және қоғам мүшелерін әлеуметтік құрылым жүйесінде жіктеу;
- жастарды кәсіби бағыттауды және кәсіби таңдауды қамтамасыз ету;
- сатылы үздіксіз білім беру үшін білім базаларын құру;
- жаңа идеялар мен жаңалықтарды ашушы;
- әлеуметтік бақылау.
Білім беру жүйесінің құрылымы:
- О.Конт (білім алудағы отбасының ролі)
- Э.Дюркгейм (қоғамдық сана өзгерген сайын білім беруге деген көзқарас та өзгеріп отырады)
- П.Сорокин (алған білімнің сапасы мен жақсы өмір сүру арасындағы тығыз байланыс)
Құрылымдық-функционалды мектеп (білім – маңызды әлеуметтік институт ретінде басқа институттарға әсер етеді)
- К.Маркс (капиталистерге төменгі тапты білімсіз етіп ұстап отыру тиімді)
- М.Вебер (рационалды қоғамдағы білімнің үстемдік етуі)
Достарыңызбен бөлісу: |