Пайдаланған әдебиеттер: 1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж
2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014
5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық
талдау. Алматы, 2011.
6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012
7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012
8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.
№6. Дәріс.
Тақырыбы: Білім, ғылым, техника және технологиялар. Техника және білім ғылым философиясы қалыптасуы
Қазіргі кездегі техника ғылымның даму үрдістері
Бүгінгі қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көру елестету мүмкін емес. Енді ғылыммен тығыз байланысты «техника» ұғымын талдауға уақыт келген сияқты. Гректің «техне» деген сөзі алғашқыда «өнер», «шеберлік» деген мағынада қолданды. Бүгінгі таңда «техника» деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше түрлі құралдардыайтамыз. Ф.Энгельсті еске алсақ, адамның өзі-ақ еңбек құралдарын жасау арқылы жануарлардан бөлініп, саналы пендеге айналған жақ па? Егер жануар айнала қоршаған ортаға өз дене мүшелерін жетілдіру арқылы бейімделсе, адам, керісінше, өз дене мүшелерінің жалғасы ретінде неше түрлі жасанды заттарды жасайды да, оларды табиғат пенөзінің екі ортасында орналастырып қоршаған ортаны өзгертеді. Егерде жануардың дене мүшелері белгілі бір оның өміріне керек қызметті істеуге мыңдаған жылдары бойы бейімделіп, өзінің мәресіне жетсе, адамдікі онда жетілген болмасада, өзінің жан-жақтылығымен көрінеді. Мысалы, адамның қолын алайықшы: оның жан-жақтылығы соншалықты, тек таңғаласың. Бұл жолда дәрігерлердің микроскоппен жасайтын операциясынан бастап, алып механизмдерді жүргізетін дәрежеге дейін неше түрлі деректерді келтіруге болады.
Техника мен технология бүгінгі қоғам жедел дамуының маңызды факторына айналды және техника ықпалын тигізбеген адам өмірінің бірде - бір саласы қалмады. Қaзipгi коммуникация құралдары арқасында мемлекет еркі ең шалғай аудандарға дейін қамтып, кезкелген уақытта әр шаңырақтан өз құдіретін сездіре алады.
Техника әсерімен терең үдерістер орын алады, еңбек өнімділігі қарқынмен өседі. Оның мазмұны өзгереді. Қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгереді. Оның үстіне адам да өзгереді. Қaзipгi техника тіпті адамның тылсымдық тұңғиығына да ықпалын тигізеді.
Егер ертеректе адам табиғатта да, әлеуметтік салада да өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделуі үшін жеткілікті дәрежеде уақыт тауып жатса, ал қазір табиғат пен қоғамдағы техника, технология ықпалымен өтетін өзгерістер жылдамдығы сонша, бүгінгі адам өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделіп те үлгере алмайды және қашан да таусылмайтын жаңа мәселелер толассыз туып жатады. Осыған байланысты қазіргі философияда адам мәселесін зерттеудің техника философиясы түріндегі жаңа қырын айқындау қажеттілігі туындайды.