Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата31.12.2021
өлшемі0,86 Mb.
#23119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
 

№2 Дәріс 

 

Тақырыбы:  Ғылымның философиялық негіздері 

1. 

Ғылым философиясы және ғылымдардың топқа жіктелуі 



2. 

Ғылыми таным өзгешелегі  

3. 

Ғылыми таным логикасы 



 

Философия  біздің  өмірлік  тәжірибеміздің  бір  бөлігі.  Біз  мұны  мойындасақ  та, 

теріске  шығарсақ  та  философиялық  ой-толғаулар  біздің  күнделікті  өмірімізді 

толықтырып, адамзат дамуының бүкіл ұзақ жолымен ілесіп келеді. Философия б.з.д. VІ-V  

ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адазат әлемі туралы, ондағы өзінің орны мен 

тағдыры  туралы  рационалды  көзқарас  қалыптастыра  бастады.  Философиялық 

рефлексияның  пайда  болуы  күрделі  үдеріс  болды.  Адамзат  ойының  дамуы  архайкалық, 

фантастикалық,  иллюзиялық  көзқарас  қалыптастыруынан  бастап,  оның  рационалдық-

танымдық формаларына дейін ұзақ жолдан өтті. Әлемнің  рационалды түсіндірулеріне  ең 

алғаш қадам жасағандар  дүние құрылымы туралы ерекше ілімдерді тудырған мысырлық, 

вавилондық,  үнді  және  қытай  ойшылдары  болды.  Мысалы,  ертедегі  вавилондық 

матеметиктер  мен  астрономдар  әлемнің  гелеоцентристік    картинасын  қалыптастырып, 

алгебра,  геометрияның  негізін  квадраттық  және  кубтық    түбірден  шығару  тәсілдерін 

меңгерді. Ежелгі үнді астрономдары жердің шар тәрізді екендігін, оның  өз өсінен айналу 

туралы  ойларын  айтты,  математиктері  он  мәнді  жүйесін,  цифрларды    белгілеуді  ойлап 

тауып, тригонометрия негіздерін қалыптастырды.     





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет