Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата31.12.2021
өлшемі0,86 Mb.
#23119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
бір  ғана  функциясы  осы  жеке  ғылымдарда,  логикалық,  методологиялық    тұрғыдан 

қамтамассыз етілуі. Бері келе ғылым философиясы  біржақты екендігі байқалғаннан кейін 

оның  проблематикасына    өзгерістер  енгізілді.  Қазіргі  кезде  ғылым  философиясы  

ғылымның құрылымымен қатар, оның тарихын зерттеуге бет бұрып отыр.  




Ғылымдардың  топқа  жіктелуі—ғылымдардың  өзара  байланысы,  олардың 

ғылыми білімдер жүйесіндегі, ең алдымен, әртүрлі ғылымдардың зертелеттін белгілі  бір 

принциптерге  байланысты  туындайтын  өзара  орналасу  тәртібін,  сондай-ақ  олардың 

зерттеу әдісін білдіреді. Ғылымдардың топқа жіктелуі формальды (үйлестіру принципіне 

негізделген)  немесе  диалектикалық    мазмұны  (субординация  принципіне  негізделген) 

болады. Энгельс  « Табиғат диалектикасында» бұрынғы топқа жіктеудің (Сен-Симонның, 

Канттың  және  Гегельдің)  біржақтылығынан  арылған  ғылымдардың  жаңаша  топқа 

жіктелуін жасады. Энгельс ғылымдардың топқа жіктелуін жекелеген ғылымдар зерттейтін 

материя  қозғалысының  формаларының  өзінің  және  олардың  материалдық  негіздерінің 

(материалды дискретті түрлерінің) байланысы мен алмасуының бейнесі деп түсінеді.  

Ол бірқатар ғылымдарды механиканы , физиканы,химияны биологияны анықтады. 

Кейіннен  (биологиядан)  Энгельс  жасаған  антропогенездің  еңбек  теориясы  арқылы 

табиғаттан адамға тарихқа, жаратылыстанудан қоғамдық ғылымдарға және ойлау туралы  

ғылымдарға ойысу ашылды. Механикадан математикаға көшу жүзеге асырылды. Энгельс 

жекелеген  ғылымдардың  арасындағы  (қозғалыс  формалары  арасындағы  )  ойысуға  баса 

назар назар аударды, бұл орайда қозғалыстың   неғұрлым жоғары формасының мәні  бұл 

формалардан  оның  төменгі  формаларымен  байланысын  тану  арқылы  ашылатыны 

басшылықа  алынды,  ол  генетика  жағынан  туындайды  және  олар  бағынышты  формалар 

ретінде көрінеді. 

 Ғылымдарда  бұдан  былайғы  саралау  олардың  барған  сайын    күшейе  түскен 

интеграциялануын,  бұрынғы бытырынқы ғылымдар мен қалған  арқау болып  тартылып 

жатқан  неғұрлым  жалпы  сипаттағы  ғылымдардың  арасындағы  өтпелі  (аралық) 

ғылымдардың  туу    жолымен  біртұтас  болып  бірігуіне  жағдай  жасады.  Жаратылыстану 

мен әлеуметтік ғылымдардың арасында техникалық ғылымдар тұр. Психологияның негізгі  

салалары:  зоопсихология  мен  жоғары  нерв  қызмет  туралы  ілім  арқылы 

жаратылыстанумен, тіл білімі, педагогика, әлеуметтік  психология т.т.  арқылы қоғамдық 

ғылымдармен  тығыз  байланысты.  Басқа  ғылымдарға  терең  тамыр  тартып  жатқан  және 

математикалық бөлімнің  өкілі болып табылатын  кибернетиканың алатын орны ерекше.  

Жүйелі    талдау  моделдеу  және  басқалар  сияқты    ғылыми  әдістер  онымен  өзара 

байланысты.  Ғылымның  қазіргі  дамуы  Энгельстің  ғылымдардың  топқа  жіктелуінің 

алғашқы  схемасына  түбегейлі  өзгерістер  енгізді:  Микродүние  туралы  жаңа  ғылым 

(ядролық—субатомдық  физика,  кванттық  механика,)  аралық    ғылымдар  пайда  болды 

(биохимия,  биофизика,  геохимия  ).  Барлық  жерде  ғылымдардың  өзінің  ерекше 

материалдық    қолданушысы  бар  неғұрлым  ортақ  абстрактілі  және  нақты  ғылымдарға 

бөліне отырып, күрделі тарамдану іске асады.  

Барлық  жеке  ғылымдар  жалпы  ғылым  ретінде  диалектикалық-  материалистік 

философияда қамтылды

.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет