Философия және Саясаттану факультеті Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы



бет3/3
Дата05.03.2023
өлшемі21,8 Kb.
#71730
1   2   3
Байланысты:
УМКД

мета құзыреттілік: әлеуметтік және жеке өз өмірінде, кәсіби іс-әрекетінде тұлғаралық қарым-қатынастың психологиялық аспектілерін түсінуге қабілетті болуды ұғыну, тәуелсіз болуға ұмтылу, рефлексияға қабілеттілік, жетістіктерді дұрыс бағалай алуға, жағдайларды адекватты талдауға үйрену; әлеуметтік (мінез-құлықтық) құзырет: психологияның фундаменталды жағдайларын, қатынастар жүйесін реттеуге, қарым-қатынаста рационалды болу, конфликтінің алды алу, әлеуметтік сезім мен жауапкершілікті ұғынуға қабілетті болу, командада жұмыс жасай алу, адами қатынас мәселесін шеше алу, сол мәселені тұжырымдай алу, қорытынды жасау, негіздей алу, өз көз қарасында тұру, оппоненттерді сендіре алу, сенімді қатынас жасай алу ептілігін меңгеру.
Студент мыналарды білуі қажет:
- психология ғылымы негізінде адамның психологиясын (ауызша және жазбаша формада) түсіндіру, талдау, өткізу және жобалай алуды көрсете алуға;
- психологиялық білімдерді практикада қолдануда өз ойын, әрекетін басқарау алу, жоспарлай білу, тың ұсыныстар айта білу; сәттілікке ұмтылу, тапсырмаларды орындауда зерттеушілік дағдыларын көрсете білуі;
Студент мыналарды меңгеруі қажет: ғылыми әдебиеттер мен білімінің қайнар көздерін оқу үшін қажетті ізденіс; білімдерді талдау, тәжірибеде тексеру іс-әрекетін; әртүрлі қатынас жүйесінің психологиялық аспектілерін кәсіби зерттеулерде, кәсіби іс-әрекетте және жеке өмірінде қолдана алу тиімділігін арттыруда өз бетінше логикалық түрде жүйелеуді, талдауды, қорытындылауды, эссе, тезистер мен баяндамаларды кәсіби деңгейде жаза алуды, ақпараттық технологияларды кеңінен білуді және өз уақытын тиімді басқара алуды меңгеруі қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет