Тексеру сұрақтары
Отбасын әлеуметтік институт ретінде сипаттап, атқаратын қызметтеріне талдау жасаңыз.
Отбасының түрлі модельдеріне сай әлеуметтену ерекшеліктерін тұжырымдаңыз.
Отбасының қалпына келтіру қызметінің маңыздылығын ситуациялық талдаулар негізінде дәлелдеңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. - 2011.192.б.
Әбдікерова Г.О. Тұлға әлеуметтануы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2010. - 221 б.
Жаназарова З.Ж. Отбасы социологиясы. Алматы, 2007. - 284б.
Жаназарова З.Ж. Семья в современном Казахстане: состояние и перспективы развития // Қазақстан әлеуметтанушыларының VI Конгресі. Қазақстанның жаңғырту стратегиясы әлеуметтанулық өлшемде: жаңа құндылықтар, жаңа жүйедегі бағыт-бағдар, жаңа заман Астана, 2018. - С.216-223.
Жаназарова З.Ж. Семья и общество. Алматы, Эверо. 2014. - 133б
Социология семьи http://ecsocman.hse.ru/data/802/649/1219/t9.pdf
Лекция 7. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы
Лекцияның мақсаты: Девиантты мінез-құлықтың шығу жағдайларына, түрлеріне талдау жасау, әлеуметтік себептерін түсіндіру
Негізгі терминдер: теріс мінез-құлық, девиация, аддиктивтілік, нашақорлық, суицид, деликвентті мінез-құлық, девианттылық
Лекция сұрақтары:
Девиантты мінез-құлық , ерекшеліктері, шығу себептері.
Девиантты мінез-құлық концепциялары.
Тұлғаның әлеуметтік тұрғыдан ауытқыған мінез-құлқының классификациясы (Р.Мертон
Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы арнайы әлеуметтанулық теория ретінде. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының объектісі және пәні. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының түсінік аппараты. «Девиантты мінез-құлық» категориясының мазмұны. «Девиация», «әлеуметтік ауытқу», «әлеуметтік патология», «асоциалды мінез-құлық», «әлеуметтік ұйымсыздық», «деликвентті мінез-құлық» түсініктерінің өзара байланысы. Позитивті және негативті девиация. Қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі девиантты мінез-құлық әлеуметтануының міндеттері. Қоғамның ұйымсыздық жағдайын немесе аномияны Э. Дюркгеймнің талдауы. Р.Мертонның теріс мінез-құлық типологиясы. Т.Селлиннің мәдени жанжал теориясы. Э.Сатерлендтің жіктелген байланыс концепциясы. Э.Фромм әлеуметтік мінез-құлық және адамзаттық деструктивтілік туралы. Ч.Ломброзоның теріс мінез-құлықтың антропологиялық моделі. З.Фрейд теориясындағы әлеуметтік-психогенетикалық жанжал. Әлеуметтік патология, оның негізгі түрлері. Қылмыс, өзін-өзі өлтіру, жезөкшелік, маскүнемдік, нашақорық. Теріс мінез-құлықтың әрқилы түрлерінің әлеуметтік салдарлары. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының Қазақстандағы дамуы.
Девиация мен әлеуметтік бақылау. Девиация туралы теориялық бағыттарды қысқаша шолу (әлеуметтанулық, биологиялық, психологиялық, экономикалық, мәдениеттанулық). Аномия мен қоғам. Деликвенттілік және қылмыс. Девианттылық және қылмыскерліктің әлеуметтанулық құрылымдары.
Достарыңызбен бөлісу: |